PlayerUnknown’s Battlegrounds — ең танымал ойын

PUBG

Playerunknown's Battlegrounds ойыны

PlayerUnknown’s Battlegrounds (PUBG, қазақша ауд. – Ойыншының Жауынгерлік Алаңы)- Bluehole Оңтүстік Корея компаниясының құрамына кіретін PUBG corp. ойын студиясынан шыққан мультиплеер-лік(көп ойыншы бар) шутер(атыс) ойын. Unreal Engine 4 бағдарламасы ойынның негізін қалайды. Ойынның идеясын Brendan Greene ойлап тапқан, «PlayerUnknown» деген атпен жасалынған басқа ойындардың алдыңғы нұсқаларынан құрастырылған, 2000 жылы «Корольдің шайқасы» атты жапон киносымен шабыттанады. Осылайша, жетекші геймдизайнердің жетекшілігімен ойын нұсқаларынан мультиплеер-лік ойынға айналды. 

Ойын мағынасы: 100-ге жуық ойыншы аралға түседі, ойыншылар басқа ойыншыларды өлтіру үшін қару-жарақ пен жабдық іздеу керек. Уақыт өткен сайын картаның қауіпсіз аумағы азаяды, нәтижесінде уақыт өте келе аман қалғандары бір-бірімен соқтығысады. Соңғы тірі ойыншы немесе топ раундты жеңеді.

 Ойын 2017 жылы 20 мамырда Steam-де шықты және 7 ай ішінде 13 миллионнан астам копиялары сатылды. Сол жылдың соныңда 2 миллион ойыншы бір уақытта ойнаған, осылайша Steam-де PlayerUnknown’s Battlegrounds ең танымал ойынға айналды.

PlayerUnknown’s Battlegrounds
https://gamingroom.co

Геймплей

PlayerUnknown’s Battlegrounds – 100-ге жуық ойыншылар ауқымды шайқастармен толтырылған алаңда “Battle Royale” ауқымды түрі бойынша “last man standing”, “deathmatch” режимдерінде ойнайтын шутер ойын. Ойыншылар ойын әдісін таңдай алады: жеке немесе 2-4 адамнан тұратын ұсақ топ. Матч соныңда соңғы команда немесе адам жеңеді. Әр матч ұшақтан ойыншыларды 8×8 километрге жуық картаға түсіруімен басталады. Ұшақтың ұшу маршруты әрбір раундта әр түрлі болады, бұл ойыншылардаң парашюттан секіру үшін ең тиімді уақытты жылдам анықтауды талап етеді. Ойыншылар ойынды жабдықсыз матчты бастайды, ойынға әсер етпейтін киімді санамағанда. Жерге қонғаннан кейін ойыншы ғимараттарды және басқа жерлерді аралап қаруды, көлікті (автокөлік, жүк көліктері, мотоциклдер, шөл дүңгіршектері, қайықтар және т.б.), броньды, киім-кешек және басқа да құралдарды іздеуге тырысады. 

 Матчтың басында жабдықтар картада бөлінеді, бірақ кейбір аймақтарда жабдықтарды табу мүмкіндігі жоғары. Өлген ойыншылардан қару-жарақ, жабыдқтарын алуға болады. Ойыншы 1-ші немесе 3-ші тұлға көрінісін пайдалана алады, әрқайсысының кемшіліктері мен  артықшылығы бар. Сервер параметрін өзгерту арқылы барлық ойыншыларды бір ғана көрініспен пайдалануға мәжбүрлеуге болады. Бірнеше минут сайын картаның ойын алаңы кездейсоқ жері қысқартыла бастайды. “Қауіпсіз аймақ” шетінен тыс қалған кез келген ойыншы зақым алады, ал аймақтан тыс уақыт өткеннен кейін матчтан шығарылады. Қауіпті аймақтың зақымы уақыттың өтуімен артады.  Ойыншылар аймақтың шекарасын, жылтыр көк қабырға сияқты көреді. Матч барысында картадағы кездейсоқ аймақтар қызыл түспен белгіленіп жарылады. Екі жағдайда да, оқиғадан бірнеше минут бұрын, ойыншы ескерту алады. Оқиғадан бірнеше минут бұрын ойыншы ескерту алады.

  Ұшақ картаның кездейсоқ бөліктерінен ұшып, әдетте басқа құралдармен алынбайтын жабдықтар жиынтығын түсіреді. Мұндай жиынтықтар жақсы көрінетін қызыл түтінмен белгіленеді, осылайша ойыншылардын назарын аударады және соқтығыстырады. Ойынның орташа раунд уақыты әдетте 30 минут. Раунд аяқталғаннан кейін, ойыншылар аман қалу ұзақтығы, өлтірген ойыншы саны және қанша зақым келтіргенге байланысты ақша алады. Ақшаға кейіпкерді баптау үшін косметикалық заттар бар қорапты сатып алуға болады. 

PlayerUnknown’s Battlegrounds
https://droidlook.net

Қару-жарақ

Қару-жарақ төрт топқа бөлінеді: ұзын (винтовкалар, мылтықтар, шабуылшы мылтық), тапаншалар, қару-жарақ пен гранаталар. 

Негізгі және екінші қару-жарақ слотында («1» және «2» жылдам перенелер) орналасқан. Бұл санат: мылтық винтовкасы(DMR), шабуыл мылтығы, снайперлік мылтық, автоматтар(SMG), жеңіл пулеметтер(LMG), дробовиктар пен садақтар. 

қару-жарақ
https://www.digitaltrends.com/gaming/best-pubg-weapons/

Тапаншалар үшінші қару-жарақ слотында орналасқан. Бастапқы қару және қосымша қару сияқты пайдаланады және қару-жарақтар зарядтауға уақыт жоқ болған кезде пайдалы.

 Суық қару. Жұдырық немесе аралда кездесетін 4 суық қарудың бірі: лом, орақ, мачете, қуыруға арналған табақ. Табақ көп қолданылады, өйткені ойыншының белбеуіне байланады және оқтардан қорғай алады. «X» түймесін басу арқылы ойыншы ағымдағы қаруды алып тастай алады және жалаң жұдырықпен қалады.

Гранаталар. Гранаталардың 4 түрі бар. Ойыншы бір ғана гранатаны алып жүруге болады. Граната «5»-ші пернесінде бекітілген. Түрлері: түтін гранатасы,Молотов коктейлі, жарылғыш граната, жарқырағыш гранат. 

Playerunknown's Battlegrounds ойынының бастапқы идеясы

MMO-ойындар шығаратын Bluehole-дің Оңтүстік Кореяның ұлы корей баспасының қызметкері Чанг Хан Ким сол кезде Оңтүстік-Кореядағы табысты ойынды өндіру деген оймен . мүмкіндіктерді зерделеп, ол Гриннің мод-пен танысып, оны шақырады. Апта ішінді Грин мүмкіндігін талқылау үшін Кореяның Bluehole штаб-пәтеріне шақырылады, ал бірнеше аптадан кейін компанияның шығармашылық директорыны тағайындайды. Ойынның дамуын бақылау үшін Оңтүстік Кореяға көшіп келеді. Гриннің айтуынша, алғаш рет корей студиясы шетелдіктерді шығармашылық жетекшілер орнына қабылдады.

 Ойынды жасау 2016 жылы басталды, ал ойынды бір жыл ішінде аяқтауды жоспарлады. Ким ойынның атқарушы продюсері болды. Бастапқыда Bluehole шамамен 35 адамнан құралған топты жинады, содан кейін топ 70 адамға дейін кеңейтті (маусым 2017). Гринның айтуынша, кейбір жұмыскерлер жобаны жүзеге асыру үшін ерікті түрде өз жұмыс күнін ұзарартқан. Ойынға деген қызығушылықтың тез өсуін ескере отырып, Bluehole АҚШ-тың Bluehole Ginno Games (қыркүйек 2017) еншілес компаниясын PlayerUnknown’s Battlegrounds Corp деп өзгертіп, топқа жеке студия кеңсесін сыйлады. Ким компанияның директоры болды. Еуропада және Жапонияда студия кеңселерін ашу жоспарлануда.

https://gifer.com/en/7JjS

Жетістіктері

Ойын шыққанына(Ранний доступ) үш күн өтті, сол уақытта Battlegrounds 11 миллион доллар әкелді. Екінші аптада 1 миллион дана сатылды. Сәуір айында SuperData Research-тың бағалауы бойынша, ойын сатылымы 34 миллион доллардан асып түсті, бұл бір ай ішінде үздік ондық  нәтиже, Overwatch және Counter-Strike: Global Offensive айлық көрсеткіштерінен асып түсті. 3 ай ішінде 4 миллион дана сатылды, сату көлемі 100 миллионнан асты. 4 миллион сатылымды Minecraft ойынына қарағанда тезірек жетті. 7 ай ішінде 13 миллионнан астам данасын сатылды. Ойын ашылғанына(ранний доступ )жеті ай өткеннен кейін PUBG, 13 миллион дана сатылды.

 2017 жылдың қыркүйегінде 38 Communications талдау веб-сайты Bluehole-дің капитализациясын 5,2 трлн. Оңтүстік Кореялық вонға (4,6 млрд. АҚШ доллары) бағалады, яғни соңғы үш айда PUBG-тың арқасында, Bluehole-дің нарықтық құны бес рет артты. Bluehole-дың алғашқы төрт ай бойы статистика жариялуы бойынша, PUBG-та он миллионнан астам матч өткізілген. SteamSpy деректері бйоынша, PlayerUnknown’s Battlegrounds бір уақытта ойыншылардың ең көп саны бойынша танымал жобаларды басып озғанын көрсетті. Мысалы: Fallout 4 және Grand Theft Auto V, тіпті Dota 2 (2017 жылы тамыз айында Steam платформасында ең танымал ойын). Келесі айда, бір уақытта ойыншылардың ең көп саны 1,29 млн тең Dota 2 рекордтық көрсеткішті асып, 1,3 млн адамға жетті. 2017 жылдың қазан айында бір уақытта ойыншылардың ең көп саны 2 миллионға жетті.

Жүйелік талаптар

Операциялық жүйе: 64 биттік Windows 7 / Windows 8.1 / Windows 10

Процессор: Intel Core i3-4340 / AMD FX-6300

Жады: 6 Гбайт RAM

Бейне картасы: nVidia GeForce GTX 660 2 Гб / AMD Radeon HD 7850 2 ГБ

Дискілік кеңістік: 30 ГБ