Fortnite — Survival Simulator жанрындағы үздік ойын

Fortnite ойыны

Fortnite сюжеті

Fortnite – ойыншы құтқару іздейтін кооперативті ойын, ойнау барысында зерттеу жүргізілетін, керек заттарды жинайтын, қаруды өндейтін, нығайтылған құрылымдардың құрылысын жүргізу және қауіпті құбжықтармен толқынымен күресетін ойын. Құрылысқа керек жабдықтар іздеу үшін, маңызды құрылымдарды қорғау үшін, ойыншылар бір-бірімен бірге әрекет етуі керек. Ойыншыларға әрбір құрылымның қабырғасын 3*3 торымен құрастыруына, өзгертуіне мүмкіндік берілген. Epic Games негізін қалаушы Тим Свини айтуынша ойынның бұл элементі “Minecraft пен Left 4 Dead қосындысы сияқты”.

Fortnite ойыны
https://vgtimes.ru

Территория және карта кездейсоқ таңдалынады. Ойыншыларғада кездейсоқ  қару таңдалынады, мылтық, автоматтан бастап катанаға дейін. Ойыншылардың төрт түрге бөлінген ниндзя, солдат, бөтен және құрастырушы. Әрбіреуі ерекше қабілетпен ерекшеленеді. Жоғары құрылымды құрастырушы ғана құрастыра алады, ал жақын қашықтықтағы айқаста ниндзияның артықшылықтары бар. 

Қоршаған ортадағы заттарды бұзып, ресурстарды құрауға керек заттарды жасауға болады. Ойыншылар сары сфераны тапқан кезде, олардың шабуылдары күшейеді және ресурстарды жинау қабілеті өседі. Қару жарақты өндіруге болады. Ойын кейіпкерінің дағдыларын жаңарту және жетілдіру мүмкін. Үйдін құрылымын құрылысында ойыншы оның бөлшектерін (қабырғы, тұзақ, шатыр, ) және өндіріс материалын (ағаш, тас, металл) таңдай алады. Қосымша «ойыншыға қарсы ойыншы» режимі қол жетімді және 10 ойыншыға ғана арналған.

Fortnite ойыны
https://vgtimes.ru

Fortnite жасаушылары

2011 жылы Spike Video Games Awards-та(жыл сайынғы марапаттау рәсімі) Epic Games компаниясы Fortnite ойыны көрсетілді. 2017 жылы Epic Games қызметкері Дональд Мастардтың айтуынша ойынның идеясы пайда боласа 3 аптадан кейін жарияланды, сол кезде тіпті ойынды құрастыруды бастамағанбыз.

 Ойынды құрастыру барысында Epic Games People Can Fly поляк студиясын сатып алды, келешекте ойынды құрастыруға көмек келтірді. Бірақ көп ұзамай ойын студиясы қайтадан тәуелсіз болды, соған қарамастан қолдау көрсетіп отырды. 2014 жылы ойын тегін(Free to play) ретінде жарияланған. 2017 жылы 15 шілдеде ақылы ерте қол жетімді түрінде Windows, mac OS, PlayStation және Xbox One платформаларына шықты. Ойынның соңғы толық нұсқасы 2018 жылы тегін болуға жоспарланады.

https://vgtimes.ru

Сатылымы

2017 жылы 26 шілдеде ойынның алдын ала тапсырыстың сатылымы 500 000 жеткен. 2017 жылы 18 тамызда Fortnite ойыншыларының саны миллионға жеткенін  Epic Games растады. 2018 жылы қыркүйек айында Epic Games айтуынша Fortnite ойынды айына 78,3 миллион адам ойнайды.Сонымен қатар басқада ойындарды осы жерден оқи аласыздар:

PlayerUnknown’s Battlegrounds — ең танымал ойын

Overwatch танымал мультиплеерлік шутерлік ойын

Detroit:Become Human