Полиэтиленді пакет жайында жаға ұстатар 7 факт

Полиэтиленді пакет жайында жаға ұстатар 7 факт

Полиэтиленді пакеттер күнделікті қолданысқа жаппай енгелі қашан?! Сол пакетті таппай қалсақ, жер-көкті шарлап іздеп кететініміз де рас. Сонда бұрын ата-бабаларымыз онсыз қалай күн көрді екен?  Қоршаған ортаға деген зиянын біле тұра, олардан мүлдем бас тарту мүмкін болмай тұр. Бұл өзі қашан, қайдан шықты деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Тарихқа көз жүгіртсек, пластикалық пакеттердің жаппай өндірісі 1957 жылдары АҚШ-та басталды. Араға 20 жыл салып, 1977 жылы супермаркет сөрелерінде сатылымға шықты.

Әлемде секундына 16000 пакет қолданылады және қоқысқа кетеді

Әлем осылай дабыл қағуда. Секундына 160000 пакеттен көп  қолданылмаса, кем қолданылмайды.  Айтуға ауыз үйренген сандар болса да, бейжай қарап отыратын мәселе емес. Секундтап осынша пакет қолданылса, бір жылда қанша пакет қаншама зиян әкелмек? Ойлаудың өзі қорқынышты! Қоқысқа тасталған пакеттердің жылдық жиынтығы шамамен триллионға жақындайды.

Полиэтиленовый пакет

1 Полиэтиленді қалтаны шығаруға жұмсалған шығындар

1 полиэтиленді қалтаны шығаруға жұмсалған мұнаймен автомобиль 11 м жерді жүріп өтеді. 11 м жер естіген  құлаққа өте аз шама болуы мүмкін, алайда теңіз де тамшыдан құралмай ма? Мысалы, 10 пакетті өндіруге жұмсалған мұнай бір машинаның бір футбол алаңын айналып жүруіне жетеді. 

Әлемнің барлық пакеті салыстырсақ...

Әлемнің барлық пакетін қоссақ, жер шарын  4200 рет орап шығуға болады. Әлем бойынша жыл сайын 5 трлн полиэтиленді қалта шығарылады.  АҚШ жағалауында жылжымалы «пластикалық арал» бар. Ол бөтелкелер мен полиэтиленді пакеттердің мекеніне айналған. Аралдың салмағы 3,5 млн тоннаға жуықтайды, керек десеңіз, спутниктің өзінен айқын көрінеді.

полиэтиленді пакет

Теңіз қоқысы жануарлардың 267 түріне қауіп төндіріп тұр

Жыл сайын пластикалық пакеттердің кесірінен 100 мың теңіз жануары өледі. Себебі өте көп. Біреуі пакетті қорегім деп шатастырса, енді біреуі жұтып қояды. 2008 жылы Калифорния жанындағы жағадан кашалот табылды. Зоологтер оның асқазанына 22 кг пластиктің жиналып қалғанын анықтады.