Periscope стриминг сервисі қалай пайда болды?

Periscope стриминг сервисі қалай пайда болды?

Periscope тарихы

Periscope сервисінің ресми туған күні — 2015 жылдың 26 наурызы болса да, қызмет ету тарихы әлдеқайда ертерек басталады. Видеоны нақты уақыт режимінде тарату идеясы  Кэйвон Бикпурға 2013 жылдың көктемінде  келді. Бұл идея технология әлемінде шағын революция жасауға мүмкіндігі болды.

Сол кездерде Бикпур Еуропа мен Азияға саяхат жасады. 2013 жылдың 28 мамырында ол Түркияның ең үлкен қаласы Стамбулда болды. Сол кезде қалада 2013 жылдың тамызында  азаматтық наразылық басталды.

Көптеген  айлар бойы қалада тәртіпсіздіктер болды.  Кавон Бэкпур ең белсенді оқиғалар Такшис алаңында болғанын білді. Дегенмен, оны егжей-тегжейі сол кездегі жағдайды көрсетуге мүмкіндігі болмады. Жағдайды жеткізу үшін Бикпур Twitter-де хабарламалар жібереді. Бірақ оның ойынша қысқа хабарламалардың орнына бейнекөрсетілімді көрсеткенді дұрыс көреді. Осы кезде стриминг сервис идеясын құруға бет бұрады.

Periscope құрушылары Кэйвон Бикпур және Джо Бернштейн
https://igate.com.ua

2014 жылдың ақпанында Кэйвон Бикпур және оның досы Джо Бернштейн Bounty деп аталатын компанияны құрады. Онда ол стримингтік сервис қызметін дамытады. Идея қарапайым болды: әр пайдаланушыға кез келген тікелей эфирлерін көрсетуге мүмкіндігін беру.

Компанияның даму жолы

Компанияның сынақ нұсқасы жұртшылыққа ұнады. Өйткені 2014 жылдың сәуірінде жобаға танымал ұжымдар инвестиция жасады. Олар Google Ventures және Menlo Ventures 1,5 миллион доллар қаржы бөлді. 2014 жылдың соңына дейін құрушылар өнімді жақсартты. Periscope жұмысының тұрақтылығын арттырды және көптеген қателіктерді дұрыстады. Ал 2015 жылдың басында Twitter компанияның дамуына көмектесті.

https://smallbiztrends.com

2015 жылдың 13 наурызында  Twitter Periscope-ді 120 миллион долларға сатып алғанын ресми түрде жариялады.Сондай-ақ, сол кезде нарыққа ресми шығарылымы болмады. IOS үшін  алғашқы нұсқасы тек бірнеше аптадан кейін, яғни 2015 жылдың 26 наурызында шыққан. Тамыз айында  аудитория саны 10 миллион қолданушыға жеткенін жариялады. Осылайша, Periscope ең жылдам өскен жоба болды. 2015 жылдың аяғында Apple сарапшылары оны жылдың басты қолданысы деп атады.

Periscope неліктен танымал болды?

Бүгінгі күні Periscope әлеуметтік желілік бейне ретінде жұмыс істейді. Күн сайын пайдаланушылардың саны артуда. Оның себебі адамдар өзінің қарапайым күнделікті өмірін,ойын жеткізуге мүмкіндік болды. Көп адамдар жұмыс кезінде,тамақ жасау кезінде осы желіні қолданды. Сондықтан тез уақыт ішінді танымал болды. Және басқа әлеуметтік желілердегідей, миллиондаған адамдар өз достарын көре алды.

 Оны сондай-ақ кәсіби журналистер мен атақты тұлғаларға арналған трансляция арнасы ретінде қолданылады. Атақты адамдар  жаңа аудиторияны тартуда керемет құрал болып келді. Өйткені олар Periscope-ге эксклюзивті материалдарымен үнемі бөліседі. Сонымен стримингтік сервис қазіргі кезде жақсы дамуда. Оның тағы бір түрі Twitch ойын-сервисі болып табылады. Оны мына мақаладан оқи аласыздар:

Twitch онлайн стриминг алаңы қалай пайда болды?