Vampyr — хоррор-экшн жанрдағы үздік ойын

Vampyr - хоррор-экшн жанрдағы үздік ойын

Vampyr жалпы мәлімет

Vampyr – хоррор-экшн рөлді PC, PlayStation 4, Xbox One, Nintendo Switch платформаларына арналған ойын, Dontnod Entertainment (Remember Me және Life Is Strange ойынын жасаушылардан) француз компаниясының өнімі. Басты кейіпкер – доктор-вампир Джонатан Рейд, ойын оқиғасы 1918 жылы Лондон қаласында бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезде орын алады. 

Сюжет бойынша доктор Джонатан Рейд біртіндеп вампир-ға айналады, жаңа қабілетке бейімделгенмен және өз-өзін басқарғанымен қан ішпесе, шөлін қандыру үшін Гиппократ антын бір мезетке ұмытуға дайын. Ойынды адам өлтірмей өту мүмкін, докторға қарсы күдікте азаяды, бірақ кейіпкерді дамыту қиынға соғады. Құрбанды табу үшін, сонын артынан анду қажет және керек кезде диалог жүргізу керек, қан көп ішкен сайын протагонисттің жұмсалған күші қалпына келеді және жаңа қабілеттер ашылады. 

Шайқас кезінде ойыншы қару-жарақты немесе табиғаттан тыс вампир қабілетін қолдана алады. Сол заманда Лондон қаласында 1918 жылы пандемиялық испандық тұмау ауруы барлық қаланы қамауға алады. Ойын әлемінде Лондон қаласы жартылай картасы ойдан құрастырылған ашық әлем, 4 ауданнан тұрады. Ойыншының әрекетінен байланысты барлық аудан жойылуы мүмкін.

Vampyr -хоррор-экшн жанрдағы үздік ойын
https://kanobu.ru/games/vampyr/screenshots/

Геймплей

Vampyr – экшн рөлді (Action/RPG) 3-ші тұлғалы, Unreal Engine 4 ойын қозғалтқышы қолданылған ойын. Басты кейіпкер антоганист вампир Джонатан Рейд қан ішкенмен шөлі қанбағандықтан, жазықсыз қала тұрғындары зардап шегуде. Адамдарды сәтті өлтіру үшін, Рид болашақ құрбандары туралы түрлі ақпаратты жинау керек.Олардың әдеттерін зерттеуі қажет, айғақ пен дәлелдемелерді жинауы керек. 

Лондон тұрғындарымен жиі араласып тұру және белгілі бір қарым-қатынастарды сақтауы керек. Ойын 4 түрлі оқиғамен аяқталады. Қабілеттерді дамытуды жеңілдеуті үшін қабілеттер иерархиясы бар. Ұпайлар қан ішкенге және зерттеу жүргізгенге беріледі. Қабілеттер иерархиясы: “Көлеңке”, “Инстинкт”, “Әлеуметтік мүмкіндіктер”.

Қаласаңыз, кез келген кейіпкерді өз мақсатын айналдыруға болады. Бірақ бұндай әрекеттер Лондон тұрғындарына әсер етеді. Рейд адамды вампирге айналдыру қабілеті бар. Біреудің үйіне тек рұқсатпен ғана кіре алады. Қарапайым жергілікті тұрғындардың өзінің жеке биографиясы, қарым қатынасы, күнделікті жұмысы бар. Біреуді өлтірген кезде, Рейд оның соңғы ойын оқи алады. “Гипноз” қабілеті арқылы мінезі әлсіз құрбанға әсер етуге болады.

 Мысалы, маңызды ақпаратты айтқызуға мәжбүрлеуге болады немесе күдікті емес жерге келуге мәжбүрлеп, қанын ішіп алу. Адам қаның ішкен сайын жаңа вампирлік күштер ашыла бастайды. Жараланған немесе науқас құрбандарды емдеуге және солардың қанын ішсе көп ұпай беріледі. Рейдтің вампирлік сезіммен  ауру дәрежесін көріп, қанды сезе алады.

Vampyr -хоррор-экшн жанрдағы үздік ойын
https://kanobu.ru/games/vampyr/screenshots/

Кейіпкердің қабілеті

Лондонның 4 ауданында әрқайсысында өз рейтингі бар, тұрғындардың орташа денсаулығына негізделген. Рейд импровизияланған суық қару балтаны, ұзынша келген револьвер Уэбли қаруын қолдана алады. Ол басқа вампирлермен күресетін болады: аристократтармен, кәрізде өмірде сүретін вампирлармен, тұқымы күшейтілген “вампир-оборотень”, вампирларды аңдитын вампирлар , құпиялы вампир-өлтіруші («привенами»). Рейд басқа вампирлердің қабілеттерін өзіне бейімдей алады, мысалы “вампир-оборотень” тырнақтары. 

Рейд құрбандардың өліктерінен заттарды тауып, өз қаруын крафтинг-те жақсарта алады. Шайқас кезінде вампирлік күш-қабілетін қолданған сайын, қан шкаласы азаяды. Бұндай жағдайда дереу қан шкаласын толтырып, өз күшін қалпына келтірген дұрыс. Көлеңкені бақылау қабілетімен қарсыластарынан жасырынып, білдіртпейтін соққылар жасай алады. «Пружина» арқылы ол басқа тәсілдермен қол жетпейтін жерлерге жете алады және шұңқырлардан тез арада өте алады. Ерекше күшпен алдыға қарай күрт жүгіріс, шайқастан қашу керек кезде қолдануға болатын қабілет.

Vampyr - хоррор-экшн жанрдағы үздік ойын
http://ru.riotpixels.com/games/vampyr/screenshots/49/

Vampyr ойынының жасалуы

Vampyr ойынын 60 адамнан тұратын топтан басталды (кейін олардың саны 80-ге дейін өсті). Көптеген қызметкерлері Life Is Strange ойынын жасауға қатысқан. Басында 50 жылдағы Американы алу ойда болды, бірақ готикалық атмосферамен шабыттанып 1918 жылғы, пандемиялы испандық тұмау кезіндегі Лондонды таңдады. 

Ойынның графикалық стиліне Фил Хейлдің картиналары әсер етті. Dontnod Лондонға барып зерттеулер жүргізді, суретке түсірді, бірақ қала қатты өзгеріске ұшыраған, Уайтчепел, London docks және Dog Island туралы тарихи кітаптар мен деректі материалдарға сілтеме жасау қажет болды. Қолданылған әдебиеттер: Liquid History: The Thames Through Time (Сұйық оқиға: Темза уақыт өте келе), The Book Of Facial Expressions: Babies To Teens (Бет әлпет туралы кітап: баладан жасөспірімге дейін ). 

http://ru.riotpixels.com/games/vampyr/screenshots/49/

Релиз

Ойын баспагері Focus Home Interactive анонсты E3 көрмесінде көрсеткен және ойынды шығару мерзімі 2017 жылға жоспарланған еді, бірақ сосын 2018 жылдың көктем айына көшірілді. Vampyr ойыны 5 маусым 2018 жылы шықты. Ұлыбританияда, Германияда және Францияда барлық форматтағы ең көп сатылатын бейне ойын ретінде дебют жасады. Vampyr ойыны бір ай ішінде  450 000 копиясын сатты, осылайша баспагер компанияның жылдың бірінші тоқсанында табыс 20 % өсті. E3 2017 көрмесінің қорытындысы бойынша Vampyr ойыны GamesRadar бойынша көрменің үздік ойындары тізіміне енгізілді; Unreal Engine ойындарына арналған «Unreal Underdog» GamesBeat сыйлығына ұсынылды және Game Critics Awards “Үздік компьютерлік рөлдік ойындар” категориясын ұсынылды.