Twitch онлайн стриминг алаңы қалай пайда болды?

Twitch онлайн стриминнг алаңы

Twitch тарихы

 5-10 жыл бұрын онлайн-стриминг туралы ешкім білмеген. Себебі ондай идеяны жүзеге асыру мүмкін емес болатын.Twitch тарихы  2007 жылы төрт достардын арасында пайда болды.Олар теңдесі жоқ идеяны жүзеге асыруға шешім қабылдады. Команданың идеялық шабыттандырушыларының бірі Джастин Кан Интернеттегі аудиторияға тәулік бойы өз өмірін бақылап отыруды шешті. Тоғыз ай бойы Джастин камераны басына бекітеді. Және өміріндегі барлық болып жатқан оқиғаларды онлайн стрим түрінде интернет аудиторияға тамашалайды. Сол стримді  justin.tv сайтынын қолданушылары ғана көре алатын. Басты кейіпкер Джастин 9 ай бойы серуендеген, сөйлескен, тамақ ішкен және тіпті ұйықтаған кездерінде де стрим жасайтын. 

Джастин онлайн стрим  туралы :

Бұл идея адамдардың интернеттегі бейнесіне деген көзқарасын толығымен өзгертеді.  Жаңа бұрын қолайсыз қозғалыс жұмысын  күшейтеді. 

Twitch құрушы адамдар
https://mighty-handful.ru

Justin.tv

Шын мәнінде, ол дұрыс, бірақ содан кейін команда өздерінің идеялары қандай болатынын білмеді.Кан мен Эмметт Джастиннің өмірін  көрсетумен айналысқанымен, олардың достары Шире және Вогт бизнес болашағын көрмеді.

 Кан мен Шир өздерінің  жобасын Y Combinator негізін қалаушы Пол Грэмнің өзіне ұсынады. Басында жігіттер интернетке арналған портативті кітапты ұсынды. Сонда Грэм жас кәсіпкерлеге: «Сізде тағы не бар?» деп сұрақ қойды. Содан кейін кәсіпкерлер Justin.tv жобасын айтады. Бұл идея мүлдем ақылға сыймайтын. Бірақ  Пол Грэм тәуекелге барды. Кездесу елу мың долларға чекпен аяқталды.

Стартаптың аты  Justin.tv болып қала берді. Көп ұзамай кәсіпкерлерге Аmazon компаниясы қоңырау шалды. Себебі олардың жаңа порталы мүлдем көп трафикті тұтынатын. Amazon серверлері мұған шыдамайтынын айтты. Сондықтан әсіпкерлер өздерінің серверлерін сатып алуды жөн көрді.

Бүгінгі күні Twitch барлық қажетті инфрақұрылымы бар 15 дербес деректер орталығына ие. Ай сайын 55 миллион бірегей қолданушылар бұл қызметті пайдаланады. Бір пайдаланушы үздіксіз қараудың орташа ұзақтығы тәулігіне бір жарым сағатты құрайды. «Peering»-тік интернет арқылы барлық елдер мен континенттерде бірдей жылдамдықта жоғары  бейне таратуды қамтамасыз етеді.

Twitch алғашқы дата-центрлері
http://internetua.com/

Twitch танымал киберспорт алаңы

Justin.tv веб-сайты өте анық жасалған болды.Онда адамдар қандай жанрда болсын онлайн стрим өткізе алатын. Бұл жаңалық, спорт, тіпті жануарлар туралы болуы мүмкін.  Сол кезде 2011 жылы Twitch-тің алғашқы нұсқасы іске қосылды. Шын мәнінде, бұл justin.tv порталының бір бөлігі болатын. Ол жерде тек ойындар стримін жасауға болатын. Бірнеше айдан кейін Twitch аудиториясы justin.tv порталынан  бірнеше есе көп болды. Кәсіпкерлер жаңа портал — twitch.tv ашуды шешті.

 2011 жылы twitch.tv веб-сайты ашылды. Онда ойыншылар онлайн режимде ойын ойнай бастады. Әрине, Youtube  сияқты үлкен трафик болған жоқ. Бірақ оның басты ерекшелігі — ол ойындарға бағытталған.

2012 жыл порталдың танымал болуына тағы бір қадам болды. Осылайша, 2012 жылдың соңына қарай стримдардың кезекті аудиториясы 20 миллионнан астам адам болды. Порталда ай сайын 600000 онлайн стрим өткізіп отырды. Бірақ басты жетістігі —  WORLD CYBER GAMES 2012 порталының ресми көрсетушісі болды. Мұндай қадам дереу инвесторлар мен жарнама берушілерді тартты. Ал кейбір компаниялар жарнама жасау үшін шамамен 15 миллион доллар инвестициялады.

Twitch онлайн стрим алаңы
http://internetua.com

Tвич арнасының жұмысы кезінде әзірлеушілер үнемі жаңалықтарды және толықтыруларды енгізіп отырды. Және стрим кезінде ашық чат болды. Біраз уақыттан кейін, Tвичтің кез келген қолданушысы өзінің стримін өткізе алады.

Бірақ Tвичтің басты ерекшелігі корпоративтік цензураның болуы. Осылайша, әр твич каналын боттар емес, шынайы адамдар бақылап отырады. Твичтің өте қатаң ережелері бар. Егерде қолданушы ережелерді бұзса онда канал мәңгілікке жабылады.

tikonelsonblog.wordpress.com

1 млрд долларлық компания

2013 жылдың маусым айында Twitch Media Group құрылды. Ол бұрыннан бар барлық жобаларды біріктірді. Әзірлеушілер қол жеткізген нәтиже бойынша тоқтамады. Және портал әлем чемпионатының аясында өткізілген осындай ірі жобалардың ресми арнасы болды: Dota 2, Legends of League, Starcraft 2: Heart of the Swarm.

Көптеген ойын әзірлеушілері Tвич сайтында әлі шығарылмаған ойындардың геймплейі бейнелерін көруге мүмкіндік алды. Өйткені бүкіл әлемдегі геймерлерді  қызықтыратын барлық ақпаратты таба алады. Мысалы, Microsoft Xbox 360-да  World of Tanks ойынының көрсетілімін көрсетті.

2014 жыл Tвич жасаушыларының өзгеру жылы болды. Компания басшылығы Justin.tv порталын Twitch Interactive деп атауға шешім қабылдады. Шындығында, Tвич аудиториясы Justin.tv-дан 15 есе артық болды.

Google компаниясы Tвичті 1 миллиард долларға сатып алу туралы ойластырып жүрді. Бірақ жақында Amazon Twitch-ті 970 миллион долларға сатып алғаны туралы мәлімдеді. Осылайша Amazon енді иелік етеді. Amazon туралы осы мақаладан : Amazon компаниясы қалай пайда болды?  оқи аласыз.