Hitman 2 стелс-экшн жанрдағы ойынның түрі

Hitman 2 стелс-экшн жанрдағы ойын

Hitman 2 – боевик экшн ойын , IO interactive Дания елінің ойын студиясында жасалған. Hitman ойының 7-ші сериясы және Hitman Absolution (2016) сиквелі. Glacier Engine ойын қозғалтқышында жасалған және PC, PlaySation 4 және Xbox One платформаларын қолдайды. Ойынның баспагері Warner Bros. Interactive Entertainment атанды.

Hitman 2 сюжеті

Өткен ойын оқиғасының жалғасы бойынша, Агент 47 «құпия клиентті» бақылау үшін, тапсырманы орындауға сол жерге аттанады. Тапсырмада әскерилердірілген адамдарымен қақтығысқа түседі. Тапсырманың басында Альма Рейнард атты «құпия клиенттің» лейтанынтына барады. Рейнардтың Жаңа Зеландиядағы үйінде құпия клиенттің қызметін, айналысатын ісі туралы кейбір деректерді таба алады. Содан кейін ол Рейнардтың көзін құртады. «Providence» ұйымы Агент 47-нің жұмыс тиімділігін байқаған соң, оған және халықаралық келісімшарт агенттігіне (ICA) құпия клиенттің одақтастарына аңдуды жалғастыруға рұқсат береді. 

Hitman 2 ойынының сюжеті
https://stopgame.ru

Басты кейіпкер ICA үйлестірушісі Дианадан, неге ICA «Providence» ұйымымен ынтымастық жасағысы келетінің сұрайды. Оған мынадай жауап береді, екі ұйымда «құпия клиенттің» қызметін тоқтатқанын қалайды. Оған бір себептері бар, оның белсенділігі барлық елдерде, әлемде үрей туындырады. Сонымен қатар, Диана, «Providence» ұйымы оның өткен өмірі туралы шындықты айтатының, жасырын түрде уәде бергенін Агент 47-ге хабарлайды.

Геймплей

Геймплейі өткен ойынға ұқсас. Агент 47 халықаралық келісімшарт агенттігінің (ICA) жалдамалы қанішері, әлемнің әртүрлі елдеріне саяхаттай отырып, маңызды адамдарды көзін құртады. Ойында жалпы 6 тапсырма, 6 локацияда өтеді. Бір тапсырмада Майами көлікпен жарыс жолында Агент 47 бір жүргізушіні және соның әкесін (технологиялық алпауыт басшысы ) өлтіру керек. Басқа бір тапсырмада ойдан құрылған Колумбия елінің Санта–Фортунаның бөлшегінде, Агент 47 жергілікті картель көшбасшыларын аңдуда. Басқа төрт тапсырмалар Жаңа Зеландия, Индия, АҚШ және Атлант мұхитындағы Сгейл жасырын аралында өтеді. 

Hitman 2 ойынының геймплейі
https://stopgame.ru

Ойында, ойыншы емес кейіпкерлердің (NPC) есін талдыратын шок құралдары енгізілген. Үлкен қару жарақты мысалы снайпер мылтығын көрінбейтін қылып жасыру немесе тасымалдауға керек портфель қайтадан ұсынылды. «Снайпер Ассасин» Кооперативті мульплеерлі режим  қосылды. Бұл режимде белгілі бір уақыт ішінде снайпер мылтығы арқылы мақсатты жою.

https://stopgame.ru

Hitman 2 релизі

Ойынды  7 маусым 2018 жылы Warner Bros. Games стрим кезінде жариялады. Релиз 13 қараша 2018 жылы шықты. Hitman 2 бұрынғы сиквелдеріне қарағанда эпизодтық емес. Осылайша 2 төлем ақылы кеңейтілімдері шығады. Осыған жаңа локациялар, тапсырмалар, снайперлік карталар, құралдар және қару-жарақтар қосылады. Алтын басылым йелері екі кеңейтілімді тегін алады, ал Күміс басылым йелері бірінші кеңейтілімді алады. 

Hitman 2 ойының ойыншылар оң қабылдады. Metacritic бойынша ойын шыққанына 2 күн өткеннен кейін мынадай статистика дәрежесі шықты. PlayStation 4 – 82%(50 шолу) және 73%(228 баға), PC – 83%(13 шолу) және 51%(баға), Xbox One – 84%(19 шолу) және 41%(87 баға). Ал Steam-да 1688 жауап алды: 1325 оң және 363 теріс.

Жүйелік талаптар

Intel CPU Core i5-2500K 3.3 ГГц или AMD CPU Phenom II X4 940

 8 Гб RAM, NVIDIA GeForce GTX 660 / Radeon HD 7870

 DirectX 11, дискіде 60 Гб

 Ұсынылады:

 Intel CPU Core i7 4790 4 ГГц

 16 Гб RAM, Nvidia GPU GeForce GTX 1070 / AMD GPU Radeon RX Vega 56 8 Гб

 DirectX 11, дискіде 60 Гб