Аутсорсинг жұмыс істеу принципі және түрлері

Аутсорсинг жұмыс істеу принципі және түрлері

Аутсорсинг дегеніміз не?

Аутсорсинг дегеніміз ұйымның немесе бизнестің белгілі бір өндірістік функцияларын басқа мамандандырылған компанияға немесе адамға тапсыру қызметі. Бірақ басқа салалардан айырмашылығы бұл тапсырыс емес. (Мысалы сурет,дизайн,сайт т.б.) Ол сол бизнестің дұрыс жұмыс істеуіне тікелей қатысты болады. Аутсорсинг тұрақты келісім-шарт негізінде (1 жылға дейін) жекелеген жүйелерді орындау үшін кәсіби қолдау қызметін атқарады.

Бүгінде көптеген дамыған компаниялар осы әдісті қолданады.Себебі жеке адамдар штатын ашқаннан гөрі басқа компанияға жүктеген оңайырақ және үнемдірек болады. Көбінесе шағын және орта бизнеске арналған. Компанияның бастапқы даму кезіндегі таптырмас әдістердің бірі.

Аутсорсинг дегеніміз не?
Satu.kz

Аутсорсинг түрлері

IT-аутсорсинг. Көбінесе ол бағдарламалау,сайтты құру. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және техникалық қызмет көрсету. Жабдықтарды техникалық қызмет көрсету (перифериялық құрылғыларды конфигурациялау: принтерлер, тышқандар, сканерлер). Бұл деректер орталықтарының жағдайы сияқты жеткілікті үлкен және күрделі есептеу жүйелерін дамытуды қамтиды.

Өндіріс аутсорсингі. Өндіріс функцияларының бір бөлігін басқа тарап өндірушілеріне беру. Мысалы, жарнамалық агенттіктер және әртүрлі азық-түліктер баспаханалары. 

Бизнес-процестік аутсорсинг. Бұл жеке бизнес-процесті (немесе бірнеше), оны жүзеге асыратын ұйымға беру. Мысалы, бухгалтерлік есеп, персоналды басқару, жарнама, логистика, маркетинг.

Білім менеджменті аутсорсингі. Тереңірек зерттеуді немесе үлкен деректер жиынтығын талдауды, білім базаларын құруды және басқаруды талап ететін процестердің түрлерін басқару. Бұл аутсоринг түрі енді ғана АҚШ елінде дамып келеді.

Артықшылығы

1.Технологиялық жағдайы. Технологиялық тұрғыдан кәсіпорынның әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл компанияда жоқ мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дайын мамандар өз міндеттерін біледі. Сонымен қызмет сапасы артады. 

2.Экономикалық жағдайы. Экономикалық жағынан бір қызметкерді ұстап тұру шығынын азайтуға көмектеседі. Осылайша, жұмыс беруші жалдаған аутсорсингке аз көлемде қаражат жұмысайды. 

3. Стратегиялық жағдайы.Компания басшылығына стратегиялық міндеттерді шешуге арналған уақытты қысқартуға, бір басты назар аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа технологиялық немесе басқарушылық операцияларды енгізу процесі жеңілдетіледі. Бұл шешімді қабылдау компанияны икемді етеді.

http://geek-nose.com/

Кемшілігі

1. Шығындардың өсу мүмкіндігі. Егерде компания өзінің көп басшылығын аутсорингке жұмсаса,онда оның шығындары бірнеше есе артуы мүмкін. Көптеген жағдайларда компания басшылығы басқа компанияларға тым көп процестерді жүктейді. Соның салдарынан белгілі бір шешімдер қабылдау кезінде қиынға соғады.

2. Партнер-аутсорсер. Аутсорсингтік серіктес банкротқа ұшырауы мүмкін. Сол кезде компания процесінің кем дегенде кейбір функциялары жоғалуы мүмкін. Ал басқа компаниямен келісімге келу үшін уақыт керек. Сондықтан жақсы серіктесті тапқан дұрыс.

3. Басқарудың икемділігінің төмендеуі. Өйткені әр компаниялардың өзіндік тәртібі болады. Мысалы, автоөндірушілер технологиялық процестердің қауіпсіздігі үшін әртүрлі компаниялардағы әртүрлі құрамдастардың өндірісіне тапсырыс береді. Сол арқылы нақты жұмысты қадағалай алмайды.