Чат-бот жұмыс істеу принципі және оның түрлері

Чат-бот жұмыс істеу принципі және түрлері

Чат-бот дегеніміз не?

Чат-бот — машина оқыту технологиялары мен нейрондық желілер негізінде әзірленген бағдарлама. Адаммен байланыса отырып, белгілі бір мақсаттар үшін құрылған және дами алатын жасанды интеллекттің бір түрі. Бұл байланыс шын адамның қарым-қатынасының елесін жасайды. 

Қазіргі таңда чат-боттарды көбінесе бизнес сферасында қолданады. Оның көптеген түрлері мен қолдану аясы бар. Оларды жиі кездесетін сұрақтарға автоматты түрде жауап беру үшін қолданады. Және тұтынушылардың қоңырауларын қабылдаушы ретінде пайдаланылады. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында виртуалды консультанттар өте тиімді жұмыс істейтінін дәлелдеді.

Чат-бот дегеніміз не?
GoldVoice.club

Пайда болу тарихы

Алғашқы ботты 1966 жылы  Массачусетс технологиялық институтының профессоры Джозеф Вайзенбаум жасады. Тарихтағы алқашқы боттың аты Элиза болды.

Элиза бірінші виртуалды әңгімелесушілердің бірі еді. Элиза өте сапалы жасалған бот болды. Себебі ол адамдармен сөйлескенде, адамдар оның машина екенін ажырата алмайтын. Соншалықты сенімді жасалған және компьютерлік техникамен байланыстырылған болатын. Кейін оған ұқсас көптеген  аналогтар пайда бола бастады.

90-шы жылдардың басында компьютерлердің ойлау қабілетін тексеру үшін Тьюринг тестін ойлап тапты. Сол арқылы көптеген боттардың мүмкіндігін анықтады. Бүгінгі күні де сол тест арқылы көптеген машиналардың ойлау қабілетін тексереді.

https://spark.ru/

Чат-бот түрлері

1.Консультант. Коммерциялық салада әлеуетті және нақты тұтынушылармен қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылады. Чат-бот банк секторында, сервис секторында, интернет-дүкендерде жұмыс істейді. 

2.Көмекшілер. Жедел хабаршылар ретінде және іздеу жүйелерінде пайдаланылады. Мысалы, «Яндекс» компаниясы қазірдің өзінде көмекші боттарды қолданады. Іздеу жүйесінде боттар ресурстың сараптамасын дербес бақылайды және өзгерістер туралы хабардар етеді.

3.Ойын-сауық. Ойын-сауық порталдарында және қызметтерде қолданылады. Боттар балалар үшін де жасалады. Сондай-ақ ойын жаттығулары бойынша өте перспективалы болып табылады. Мысалы, «Talking Angela» боттары. Бұл мысық  анимациясы арқылы әр түрлі сұрақтарға жауап беретін бағдарлама.

Чат-бот түрлері
it-is.agency

Жұмыс істеу принципі

Чат-бот жұмыс істеу алгоритмі көптеген  схемалардан тұрады. Олардың бірі — семантикалық анализатор. Оған барлық қойылған сұрақтар барады және әр сөзге талдау жасайды. Содан кейінгі белгілі бір ақпарат базасы болады. Одан жауапты іздеу жүзеге асырылады. Сөйлесу боттарын жасау үшін әртүрлі идеялар бар. Oлар веб-браузерлердің роботты және платформаны байланыстыратын серверлік бөліктерді қосу үшін орнатылғанын көрсетеді. Олардың көмегімен қарапайым HTTP сұрауларын пайдаланып қауіпсіз сөйлесуге болады.

Даму болашағы

Қазіргі кезде адамдардың қолында шын мәнінде серпінді технология бар. Ол өмірді де, өндірісті де, адамдардың жұмысын да өзгерте алады. Көптеген іскерлік салалар үшін жаңа көзқарас қалыптастыра алады. Ауқымды өндіріс пен басқару процестерін жеңілдетуге және автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Бірақ ең алдымен, біз осы технологияның нормативтік жүйесін заңдар, ережелер, стандарттар және сертификаттау қажет. Яғни, боттар жасайтын және жұмыс істейтін ережелер. Себебі қаншалықты боттар ақылды болса да,кейбір сұрақтарға адам ғана жауап бере алады. Белгілі жағдай Microsoft компаниясы жасаған Taytweets чат-боты болды. Белгілі уақыттан кейін бот әр түрлі ақпараттарды өңдеу отырып ұлтшылдық,расистік көзқарастарын көрсете бастады. Сондықтан оларды қадағалаған жөн.