Оқ-дәрі өнертабысы қалай және қашан пайда болды?

Оқ-дәрі өнертабысы қалай және қашан пайда болды?

Оқ-дәрі туралы жалпы ақпарат

Оқ-дәрі (немесе Зеңбірек ұнтағы) бұл көмірдің, күкірттің және нитраттың ұсақталған кесектерінен құралған жарылғыш қоспа. Қоспаны қыздырған кезде, алдымен күкірт (250 градус) жанады. Содан кейін ол нитратты тұтатады. Шамамен 300 градус температурада нитрат оттегін бөле бастайды, соның салдарынан онымен араласқан заттардың тотығу және жану процесі жүреді. Көмір бұл жерде жоғары температуралы газдарды көп мөлшерде жеткізетін отын ретінде қызмет етеді. Газдар әр түрлі бағытта үлкен күшпен тарала бастайды.

Пайда болу тарихы

Кейбір деректер бойынша оқ-дәріні  қытайлық ғалымдар және үнді ағартушылары б.з.б 1500 жылдары ойлап тапқан дейді-мыс. Сілтіні (селитраны) алғашында тұздын орнына пайдаланған. Оқ-дәрінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі нитрат болып табылады. Ал Қытай елінде көптеген ауылды-мекендер бұл химиялық элементтерге өте бай еді. 5 ғасырдың аяғымен 6 ғасырдың басында өмір сүрген қытай дәрігері Тао Хун-цзин алдымен нитраттың қасиеттерін сипаттап, оны емдік дәрі ретінде қолдана бастады. Алхимиктер сілтіні өз тәжірибелерінде жиі пайдаланған. Оқ-дәрінің алғашқы үлгілерінің бірін жетінші ғасырда қытай алхимигі Сунь Сы-Mяо ойлап тапқан.

Оқ-дәрі пайда болу тарихы
STENA.ee/

Ғалым нитрат, күкірт және шегіртке ағашы қоспасын дайындап, оны жылыту кезінде, күтпеген жерден ағаштын тұтанғанын байқады. Пайда болған оқ-дәрінің жарылғыштық қасиетінің бар екендігін алхимик сол уақытта білмеді. Содан кейін оның құрамын басқа алхимиктер жетілдіре бастады. Олар оның негізгі компоненттеріне: калий нитраты, күкірт және көмірді қосты. Бірнеше ғасырлар бойы оқ-дәріні «хо пао» (отты шар) деп аталатын атқылау снарядтары үшін қолданылған. Лақтыру машинасы жанған бөлшектерді жарып жіберетін снарядқа отты лақтырды. Сонымен қатар қытайлықтар отшашқыштар мен отшашуларды ойлап тапты. Оқ-дәрімен жабдықталған бамбук ағашын тұтатып, көкке ұшыратын. Кейінірек, оқ-дәрінің сапасы жақсарған кезде, олар оны жоғары жарылғыш бомбалар мен қол гранаталарына қолдана бастады.

Дамуы

Қытай елінен оқ-дәріні жасау құпиясы алдымен моңғолдарға, содан кейін арабтарға жетті. 13 ғасырдың басында пиротехникада ең жоғары шеберлікке жеткен арабтар керемет әсем отшашулар ұйымдастыра бастады. Арабтардан оқ-дәріні жасау құпиясы Византияға, содан кейін Еуропаның қалған бөліктеріне келді. 1220 жылы еуропалық алхимик Марк Грек өзінің трактатына оқ-дәрінің жасау құпиясын жазып алады. Кейінірек Роджер Бэкон оқ-дәрінің нақты құрамын зерттейді. Алайда, 100 жыл бойы оқ-дәрінің құрамы құпия болып қалды. 1320 жылы алхимик Бертольд Шварц болжалды түрде нитрат, көмір және күкірт қоспасын жасап, оны үгіту кезінде, ұшқын пайда болып жарылысқа алып келді. Осылай Еуропа елдерінде оқ-дәрілер пайда бола бастады.

Оқ-дәрі өнертабысының дамуы
facty.by/

Бірақ еуропалық ғалымдардың өнертабыстын дамуына үлкен үлестерін қосты. Бқл өнертабыстын салдарынан әр түрлі салалар дами бастады. Мысалы: әскери істердің қарқынды дамуы, тау-кен ісі, өнеркәсіп, машина жасау, химия, баллистика және басқа да көптеген салаларды жатқызуға болады. Бүгінгі таңда бұл жаңалық зымыран технологиясында қолданылады.