Mozilla Firefox браузері туралы қызықты деректер

Mozilla Firefox туралы қызықты деректер

Mozilla Firefox туралы жалпы ақпарат

Mozilla Firefox — Mozilla корпорациясы әзірлеген сондай-ақ Gecko (движок) платформасы арқылы жұмыс істейтін тегін браузер. Әлемдегі екінші әйгілі браузер және еркін бағдарламалық жасақтаманың ішінен бірінші болып табылады. 2016 жылы маусымда компанияның нарықтағы үлесі 14,15%-ды құрады. Браузер кейбір елдерде (атап айтқанда Германияда) ең танымал браузер болып есептеледі.

Mozilla Firefox тарихы

Netscape Communications компания 1990 жылдардың ортасына қарай жаңа брааузерді ойлап шығаруды көздеді. Сол уақытта Internet Explorer браузері керемет танымал болатын. Интернет нарығы енді ғана дамып келе жатқан уақыт еді. Бұл нарықты бағындыру үшін компания өзіндік браузерін құруды жоспарлайды. Netscape 5 браузері 1998 жылы Internet Explorer-мен бәсекелестікке түскенімен соңы компанияға сәтсіздікпен аяқталды. Бірақ оған қарамастан Netscape 5 браузері басқа болашақ браузерлерге көп көмегін тигізді. (Netscape 5  браузері арқылы Gecko бағдарламасы (движок) қалды.). Қазіргі Firefox браузерінің негізінде еркін тасымалданатын Gecko қозғалтқышы тұр.

Mozilla Firefox туралы жалпы ақпарат
blog.mozilla.org

2002 жылы Netscape Communications компаниясына тиесілі AOL Time Warner корпорациясы шығындар әкелетін жобаны жабу туралы шешім қабылдады. Алайда жаңа браузердің дамуы қысқартылмай, Mozilla қорының жеке құрылымына бөлінді. Mozilla Firefox браузерінің негізін қалаушылары: Блейк Аарон Росс және Джо Хьюит болып табылады. Блейк Аарон Росс және Джо Хьюит 2000 жылдардың басында барлық керекті бағдарламалық кодтарды жазуды бастайды.

Mozilla Firefox браузерінің негізін қалаушылары
Dave Hyatt and Blake Ross

Дамуы

Жоба жеке қаржыландыру алғаннан кейін қарқынды дами бастады. 2002 жылдың 23 қыркүйегінде браузердің 0.1 бірінші нұсқасы шықты. Алғашқы шығарылым көпшіліктің де, мамандардың да назарын аударған жоқ. Оның үстіне, бағдарлама соншалықты «шикі» болғандықтан, жасаушылар бағдарламаны қолдану кезінде толықтырып көптеген өзгертулер енгізді. Әрине, бұл кейінірек кейбір үйлесімділік мәселелеріне әкелді. Mozilla Firefox браузер тарихында 2004 жылғы 9 қарашада маңызды күн деп санауға болады. Бірінші тұрақты нұсқасы 1.0 осы күні шығарылды. Бір жылдың ішінде браузерді 100 000 000 адам қолданған. Содан кейін 1.5 нұсқасы (2005); 2,0 (2006); 3.0 (2008); 4.0 (2011) және т.б. пайда болды.

 2014 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша Firefox браузерінде 27 тұрақты нұсқасы бар, олардың әрқайсысы бағдарлама жанкүйерлерінің санын көбейтті. Firefox атауы бірден пайда болған жоқ. Алғашында браузер “Phoenix” (Феникс) деп аталды. Содан кейін “Firebird” (Жалын-Құс) деп өзгертілді. Бірақ осы екі атаулар авторлық құқықты бұзғаны үшін қабылданбады. Ал компанияның әйгілі логотипі бұл сүйкімді жалын түсті түлкі.