Нейтронды жұлдыздар мен жұлдыздабылдар

Нейтронды жұлдыздар мен жұлдыздабылдар

Нейтронды жұлдыздар туралы жалпы ақпарат

Нейтронды жұлдыздар туралы алғашқы болып физик-теоретик Л.Д.Ландау (1908-1968) тұжырымдаған. 1930 жылдары ғалым белгілі бір жағдайда жұлдыздың үлкен массасынан туындаған орасан зор сыртқы қысымның әсерінен оның қойнауындағы атомдардың күйреу мүмкіндігін теория жүзінде дәлелдеген болатын. Мұндай кезде атом ядросына кіретін протондар мен нейтрондардың бір-біріне тығылысатынын соншалықты, заттың тығыздығы ғаламат 2*10^7 кг/м^3 (немесе 2*10^11 кг/см^3) үлкен мәнге жетеді. 

Протондар күйреген атомдардың бос электрондарын өзіне тартып алып, нейтронға айналады. Сөйтіп өлшемі өте кішкентай, аса тығыз нейтрон жұлдыз пайда болады. Демек, нейтрон жұлдыздарының радиустары бар болғаны екі-үш ондаған километрмен, ал олардың айналу периодтары – секундпен және оның ондық үлестерімен өлшенуі тиіс.

Нейтронды жұлдыздар туралы жалпы ақпарат
https://news.rambler.ru/

Нейтронды жұлдыздар мен жұлдыздабылдар тарихы

Астраномдар мұндай таңқаларлық аса тығыз нейтрон жұлдыздардың болатынына ұзақ уақыт бойы сене алмады. Бірақ 1967 жылы олар тез толқымалы радиосәуле шығаратын жұлдыз тәрізді объект түрінде ашылды және жұлдыздабылдар (пульсарлар) деп аталды. 

1967 жылы Кембридж университетінің астрономдары шағын жаңа радиотелескопты іске қосты. Ол секундтың ондық үлестерінде өтетін радиодабылдың белсенді өзгерісін тіркей алатын өте дәл қабылдағыш еді. Содан 1967 жылғы шілдеде профессор Э. Хьюиштің басшылығымен радиотелескопта жұмыс істеген студент қыз Дж. Белл белсенділігі 1,3373 с қатаң периодпен қайталанған ғажайып радиокөзді тапты. Ол көзге сирек шалынатын Түлкі шоқжұлдызында еді. 

http://spacegid.com/

Радиодабылдың қатаң тұрақты және дабылдану периодының аса жиілігінің таңқаларлығы сондай, Кембридж астрономдары әуелде оны басқа ғаламшарлардың тұрғындарымен байланыс жасау мақсатында қандай да бір өркениетті дамыған басұа планеталықтар жіберіп жатқан жасанды радиодабылдың сәулесі емес пе деп ойлап қалды. Сондықтан бұл жорамалды анықтай түсу мақсатында жұлдыздабылдардың ашылууы жөніндегі хабарды жарты жылға тоқтатты. Ал бұл уақыт аралығында Кембридж астрономдары тағы үш жұлдыздабылды тапты. Сөйтіп радиодабылдарды біреулер беріп жатыр деген тұжырымдама дұрыс болмады.

Түрлері

1971 жылға дейін 60 жұлдыздабыл табылды. Ал бүгінде олардың 1000-ға жуығы белгілі. Оның бәрі де сәулелік қабылдау мерзімдері 0,001-ден 4,80 с аралығында болатын жұлдыз тәрізді объект болып табылады. Жұлдыздабылдар PSR әріптерімен және олардың жоғары шарықтауын көрсететін санмен белгіленеді. Мәселен, бірінші ашылған жұлдыздабыл PSR 1919 символымен белгіленген. Өйткені оның жоғары шарықтауы 19 сағ 19 минутқа тең. Ал Шаян тәрізді тұмандықтың орталығындағы жұлдыздабыл PSR 0531 деп белгіленген. Оның жоғары шарықтауы 5 сағ 31 минутқа тең.

http://o-kosmose.net/

0,00331 с периодпен соғатын 16,5 т бұл жұлдыздабыл 1054 жылы болған аса қуатты жұлдыз жарылысыныың орнындағы соның қалдығы болып табылады. Осы жұлдыздабылды зерттеу барысында 1968 жылы жұлдыздабылдардың да оптикалық және рентгендік сәуле шығаруларының радиодабылдарына байланысты болатын алғаш рет тұжырымдалды.

Қазіргі уақытта жұлдыздабылдар күшті магниттік өрісі, оның үстінде ағыл-тегіл электр-магниттік сәуле шығаратын аймағы бар жылдам айналатын нейтрон жұлдыз деп саналады. Нейтрон жұлдыздың айналуы кезінде белсенді сәуле шашатын бұл аймақ бақылаушыға периодты түрде бұрылады. Бақылаушы жұлдызды айналу периодына сай қайталанатын сәуле жарқылы арқылы көреді.