Илья Мечников ұлы ғалым, биолог және физиолог

Илья Мечников ұлы ғалым биолог және физиолог

Илья Мечников балалық шағы

Илья Мечников 1845 жылы 15 мамырда Харьков облысының Ивановка ауылында (қазіргі Украина) туған. Әкесі Илья Иванович ірі жер иесі және  офицер әулеті отбасынан шыққан. Анасы  Эмилия Львовна Польша еліндегі бай адамның қызы болған. 1856 жылы Харьков қаласындағы № 2 ерлер гимназиясының 2-ші сыныбына түсті. Ол мектепті алтын медальмен бітірді. Мектеп кезінде биология ғылымына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, Харьков университетінде салыстырмалы анатомия мен физиология бойынша дәрістерге қатысты. Мектеп кезінде Чарльз Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» атты еңбегі болашақ ғалымға үлкен ықпал етті.

Илья Мечников балалық шағы
https://24smi.org/

Оқу жылдары

Мектепті аяқтағаннан кейін Мечников Харьков университетінің физика-математика факультетіне түсті. 4 жылғы білім бағдарламасын 2 жыл ішінде игереді. Кейінірек Мечников ғылымын жалғастыру үшін Германияға барады. 1864 жылы Гельголанд аралында зерттеу жүргізіп, Гисен қалашығында Рудольф Лейкарт зертханасында жұмыс істеді.

20 жасында ол Италияға қоныс аударып, биолог Александр Ковалевскиймен кездесті. Ол оның әріптесі және адал досы еді. Эмбриологиядағы бірлескен жетістіктері үшін ғалымдар беделді Карл Баэр сыйлығына ие болды. Ресейге қайтып оралғаннан кейін Илья Мечников магистрлік диссертацияны, кейін докторлық диссертацияны қорғайды.

https://24smi.org/

Ғылым

Ғалым теңіз микроорганизмдерін зерттеу арқылы фагоцитоз теориясын ғылымға енгізді.Мечников қабыну мен иммунитеттің құбылыстарын түсіндіретін жүйені дамытты. Бұған дейін медицина қабынуды тек дене үшін зиянды процесс ретінде қарастырды. Мечников  қабынуды сыртқы қоздырғышпен күресетін фагоциторлық реакциясы деп түсіндірді. Фагоциторлық реакция  күшті болса, онда соғұрлым организм аурумен жақсы күреседі.Бұл заманауи медицинаның басты аксиомалардың бірі болып табылады.

1901 жылы иммунитет теориясын яғни ағзаның инфекцияларға қарсы иммунитетін түсіндірді.Көп жасушалы микроорганизмдерді зерттеу арқылы Мечников ақ қан жасушаларының рөлін анықтады. Егер микробтар ағзаға түссе, ақ қан клеткалары оларды қабаттап, өлтіреді деген тұжырымдама жасады. 1903 жылы Мечников эксперименталдық маймылдарды сифилиспен жұқтырып, осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізді. 1908 жылы неміс иммунологы Пауль Эрлихпен бірге «Иммунитет бойынша жұмыстары үшін» физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығын алды.

Илья Мечников жұмыс үстінде
https://24smi.org/

Илья Мечников жеке өмірі

Екі рет үйленген. 1869 жылы алғашқы әйелі Людмила Федорович болды. Людмила туберкулезден зардап шекті және соншалықты әлсіз болғандықтан, оны шіркеуге алып келді. Төрт жыл өткеннен кейін Людмила көз жұмды. Екінші әйелі Ольга оның студенті болды. Ерлі-зайыптылардың балалары болмады. Илья Ильич 1916 жылы Франция астанасы Парижде жүрек ауруынан қайтыс болды.