Нейротехнология болашақтың мамандығы

нейротехнология болашақ мамандығы

Нейротехнология – әлемде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Алайда ТМД елдері мен Қазақстанда бұл саланың аяқ алысы қалай? Елімізде нейротехнология нарығы және осы саламен тығыз байланысты еңбек нарықтары бар ма?  Нейротехнологияны өмірлік мамандығына айналдырғысы келіп отырған жоғары сынып оқушыларына кәсіби білікті қай бағытта жетілдіргені дұрыс?

Нейромедтехника

Бүгінде нейромедтехника — нарықтың ерекше дамыған сегменті.  Нейромедтехниканың көмегімен адам тұлғасының жоғарғы бөлігіне (жауырын, иық, қол) биопротездер шығаратын компаниялар бар. Олардың дені  «ми-компьютер», экзоскелет (адам қимыл-қозғалысын қайталайтын  немесе жоғалған қызметін қайта қалпына келтіретін сыртқы қаңқа, мысалы, жүру қабілетін атауға болады), кохлеарлы қондырғылар (жоғалған есту қабілетінің орнын толтыратын аспаптар) интерфейстерінің  көмегімен басқарылады. Алдағы 20 жылда тек қана протездер, мүгедектер арбасы, «ақылды үй» сияқты нейроинтерфейстермен ғана шектеліп қоймай, сезім мүшелеріне арналған нейропротездер шығару жоспарда бар. 

Бұл бағыттағы көшбасшылардың бірі «ми-компьютер» интерфейсін ойлап тапқан «Нейроботикс» компаниясы. Әзірге бұл құрылғының шетелдік аналогтары жоқ. Сал ауруына шалдыққан науқастар мен бионикалық спортшыларға электроэнцефалограмманың (мидың электрлік сигналдарының графикалық бейнесі) көмегімен экзоскелетті басқаруға мүмкіндік береді. Ресейлік нарықтың қатысушылары «киборг-спортшылар» бақ сынаған  Сybathlon жарысында өз табыстарын сынап көрді. Мүмкіндігі шектеулі науқастар экзоскелеттер мен мүгедектік арбаларды басқару үшін «ми-компьютер» интерфейсін қолданды. Ал сауықтыру мақсатындағы «ЭкзоАтлет» экзоскелеттері  ауруханаларға әкелініп жатыр.

Нейротехнология
https://zen.yandex.ru/

Нейрофарма

Нарықтың ең «ғылыми» сегменті – нейрофармакология. Алайда мұның Ресейдегі сияқты Қазақстанда да даму қарқыны төмендеу. Әлемде Альцгеймер, Паркинсон, басқа да жүйке жүйесінің бұзылуы
сияқты нейродегенеративті аурулар бақылауда тұр. Бұл аурулармен күресу өз алдына үлкен мәселе болып отыр. Осы уақытқа дейін ТМД елдерінде де, адамзат тарихында жеткен табыс көңіл көншітпейді. Альцгеймер ауруының емін тапқан адам байып қана қоймай, ғасырлар бойы бүкіл адамзаттың алғысына бөленіп өтері анық. Ендеше молекулалық және жасушалық биология саласына қызығушылық танытқандар үшін нейротехнология талантты шыңдауға үлкен мүмкіндік беріп отыр. 

нейромедтехника
https://zen.yandex.ru/

Нейро-тиімді бос уақыт

«Нейро –ойын-сауық» — нейрогаджеттер жылдам еніп жатқан үлкен ойын нарығы. Бұл әрі виртуалды ақиқат, әрі нейробасқарудың толық жиынтығы. Гаджеттерді жеткізіп беруде де, оны дамытуда да көш бастап тұрған ресейлік компания «Нейроматиксті» айтар едік. Мұнда нейроинтерфейстер үшін ойын әзірлеушілер, гаджетті әзірлеушілер және нейроұшқыштар керек. Жұмысшылардың беделін көтеруді, кәсіби білім беруді дамытуды қолға алған WorldSkills жарыстарға нейро-ұшақты басқаруды енгізді. 

Тіпті болашақта қауіпті және пайдасыз психологиялық көңіл-күйді де нейроинтерфейстермен басқару ойда бар. Ол үшін когнитивті ғалымдар, психолог, неврологтардың бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.

нейротехнология
https://zen.yandex.ru/

Нейро білім беру

Нейро білім беру жүйесі әзірге қандай да бір технологиялық жетістіктерге жетіп жатқан жоқ, десек те, нейротехнологиялар, нейроинтерфейстер, миды жаттықтырудың түрлі техникалары болашақта білім беру саласына да енетінін естен шығармау керек. Егер де білім беру саласында қызмет етуді ойласаңыз, қазірден бастап нейротехнологиялармен жұмыс істеудің барлық мүмкіндігін меңгере беріңіз. Мәскеу технологиялық институты бұл салада алдыңғы орынды иеленіп тұр.

Жасанды интеллект

«Нейроассистент» атауына ие болған сегмент (веб-қызметтер, виртуалды хатшы қызметін атқарушы бағдарламалар) бүгінде жылдам қарқынмен дамып келеді. Қазір «жасанды интеллект» деп те аталып жүр. Әлемді дүр сілкіндірген бұл толқынға мектеп оқушылары да қызығушылық танытуда. Әр елде нейро желілер жұмыс жасап тұрғандықтан, кімнің бұл орайда асығының алшысынан түсіп тұрғанын анықтау қиын.

Жасанды интеллект
https://kharkiv1654.com/

Не де болса, алдағы 5-7 жыл көлемінде кез келген мамандық түрі нейротехнологиямен байланысты болары сөзсіз. Заман ағымына сай бұл саланы айналып өту мүмкін емес. Заманауи мамандықтардың қатарына кіретін молекулалық биолог, нейробиолог, невролог дәрігер, инженер, BigData мамандары мен тіл мамандарына болашақта сұраныс артады. Таңдау сізде, құрметті дос!