Роботты техника мен машина жасау саласындағы жаңа мамандықтар

роботты техникамен машина жасау

 Ұзақ жылдар бойы көпшілікке ғылыми фантастика болып көрінген идеялар болашақта жүзеге асырылады. Ақылды машиналарға деген қызығушылық пен сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Cisco зерттеулеріне сүйенсек, қалаларда үй роботтарының саны  әр 9 ай сайын екі еселеніп отырады. 2020 жылдары роботтар қала мен үй интерьерінің ажырамас бір бөлігіне айналады.  Қазірдің өзінде зейнеттегі адамдарға қарауға қабілетті роботтар бар (олар зейнеткерлерге дәрісін уақытылы беруге, дәрігерімен байланыстыруға, аяқ асты құлап қалған жағдайда «Жедел жәрдем» шақыруға арнайы лайықталып жасалған). Тіпті  ас әзірлеу, үй жануарларының күтімін жасау, керек десеңіз, тоңазытқыштан сусын алу сынды шаруаларыңызды да робот тындыра береді.  Жиһаздар мен тұрмыстық техниканы да үлкен өзгерістер күтіп тұр десек болады. 

Қазір көбісі білетін робот-шаңсорғыштардан басқа “ақылды” үстелдер, мобильді  шкафтар, роботтандырылған балалар арбасы қолданысқа енбек. Үй роботтарын жасап шығарудың  экономика үшін ауқымды пайда әкелеріне көзіміз анық жетеді. Өнеркәсіпте де (машина жасауды қоса алғанда) жұмысқа тез бейімделгіш, жұмыс негізінде оқып үйренуге қабілетті, жаңа әрі белсенді роботты технология кешендері енгізілетін болады.  Ендігі кезде машина жасайтын зауыттар «роботты роботтар жасайды» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Дамыған елдерде, одан кейінгі Ресейде 90 пайызға тіпті одан да жоғары деңгейде автоматтандырылған зауыттар іске қосылады. Машина жасау зауыттарындағы жоғары технологиялық жабдықтар модульді жүйеге өтіп,  кеңінен таратылады. Ал бұл  өз кезегінде жаңа өнім жүйесін игеруге көшуді жылдамдатады.  

Мұндай зауыттың қызметкерлері ретінде нақты өндірістік тапсырмаларды жылдам шешуге қабілетті, білімі жоғары азаматтар жинақталады.  Медицина үшін роботтардың алатын орны бөлек. Қазір  күрделі операцияларды жүргізуге қабілетті хирургиялық машиналар әзірленіп жатыр. Ал қолданысқа енген киберпротездер мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасайтын бірден-бір керекті дүние болып отыр.

Робототехника саласы
robo-hunter.com/

Мамандықтар тізімі:
Өнеркәсіптік роботты техниканы жобалаушы

Өнеркәсіптік роботты техниканы жобалаушы — роботтандырылған өндірістік құрылғыларды (бояу, дәнекерлеу, орау, қалыптау сияқты жұмыстар үшін), өндірістік логистикалық құрылғыларды, атап айтсақ, тиегіш, тасымалдағыш, манипулятор, автоматтандырылған зауыт сияқты кешенді құрылғыларды жобалаумен айналысатын маман. Бұл мамандыққа HeadHunter  порталында  бос жұмыс орындары бар.

өнеркәсіптік роботтар
robo-hunter.com/

Үй роботтарын жобалаушы

Үй роботтарын жобалаушы  — үйдегі түрлі тірліктердің жасалуын  жеңілдететін роботтарды (ауруды күтуші робот, үй тазалайтын робот, кір жуатын робот, бағбан робот, иттерді серуендететін робот, т.б) жасаумен және оларды бағдарламалаумен айналысатын маман. Мұндай роботтар «ақылды үйдің» басқа да бөліктерімен біріктірілген, сонымен қатар еркін қозғала алады, үйдегі күрделі шаруаларды да атқаратынымен ерекшеленеді. 

Медициналық роботтарды жобалаушы

Медициналық роботтарды жобалаушы — медицина мен биотехнология саласына арналған роботты техникалар мен киберқұрылғыларды жобалаумен айналысатын маман. Мысалы, робот-хирург, диагностикалық роботтар, киберпротездер.

Медициналық роботтарды жобалаушы
hi-tech.com/

Роботтарды басқаратын нейроинтерфейстерді жобалаушы

Нейроинтерфейстер арқылы басқарылатын өнеркәсіптік және әскери роботтарды  жобалаушы маманды нейроинтерфейстерді жобалаушы дейміз. Оларды жеке және ұжымдық түрде басқаруға болады.

Балаларға арналған роботты техника жасаушы

Балаларға арналған роботты техника жасаушы бағдарламаланған роботтар негізінде балаларға арналған ойыншықтар, ойындар, гаджеттер, кең тұтынылатын механикаландырылған тауарларды дайындайтын маман. Мұнда  балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескеру басты бағдарға алынады.

Инженер-композитчик

Роботты техникалық құрылғылардың бөлшектерін,  механизмдерін, біріктіруші элементтерін өндіру үшін композиттік материалдарды іріктеумен айналысатын маманды инженер-композитчик дейміз. Роботты техникаларда көбінесе 3 D –мөрлер қолданылады. 

Жобалаушы-эргономист

Қолданушылардың  физикалық және психикалық ерекшеліктерін, эргономикалық  талаптарын ескере отырып,  роботтандырылған жүйелерді жобалаушы маманды жобалаушы-эргономист деп атаймыз. 

Жобалаушы-эргономист
hi-tech.com/

Көп атқарымды роботты техникалық кешендер операторы

Көп атқарымды роботты техникалық кешендер операторы — роботтандырылған жүйелерде, оның ішінде күрделі және қауіпті өндірістерде, қолжетімділігі қиын немесе микро объектілермен жұмысты басқару, қызмет көрсету бойынша маман.