Гринпис халықаралық табиғатты қорғау ұйымы

Гринпис халықаралық табиғатты қорғау ұйымы

Гринпис туралы жалпы ақпарат

Гринпис (Greenpeace ағылш. «жасыл әлем» деп аударылады) — бұл халықаралық экологиялық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі танымал ұйымдардың бірі. 1971 жылы қоршаған ортаны қорғау үшін гринпис ұйымы ашылды. Гринпис ұйымында жүздеген мың белсенді адамдар жұмыс істейді және бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардар қолдау көрсетеді. Шамамен 3 миллионнан астам адам қаржылай көмектескен.

«Гринпис» жаһандық жылыну, зиянды заттар арқылы атмосфераның ластануы, судың ластануы, радиация қаупі, орман алқабының азаюы, жануарлардың жойылуы және т.б. сияқты көптеген жаһандық мәселелерді қарастырады. Ұйым осы және көптеген басқа экологиялық мәселелерді шешу үшін түрлі шаралар қабылдайды. Ресми сайты: http://greenpeace.org/

Гринпис туралы жалпы ақпарат
https://greenwire.greenpeace.org/

Пайда болу тарихы

1960 жылдардың соңында АҚШ Аляска штатындағы Амчитка аралы маңына (тектоникалық тұрақсыз аймақ) жер асты ядролық сынақтарды жоспарлады. 1964 жылы Аляскадағы жер сілкінісінің салдарынан жоспарды кейінге шегіндірілді. Бірақ АҚШ ядролық сынақтар өткізуден бастартқан жоқ. Сондықтан ядролық сынақтарға қарсы белсенділер АҚШ және Канада шекарасында наразылық акцияларын жүргізді. АҚШ  тағы бір бомбаны жарып жіберілуі туралы мәлімдегеннен кейін, наразылық акциялары күшейе түсті. Ирвинг Стоу 1970 жылы 16 қазанда Ванкуверде қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Қаржы ұйымның пайда болуына әсер етті.

1971 жылы 15 қыркүйекте жаңадан құрылған «Don’t Make a Wave» комитеті ядролық қаруға қарсы наразылық білдіру үшін Ванкуверден Амчитке (Аляска) «Гринпис» деп аталатын кемесін жіберді. Экологтардың наразылығы АҚШ-тың Амчитке ауданында сынақты тоқтатуға әкелді. 1982 халықаралық киттер комиссиясына арналған коммерциялық аң аулау мораторийін бекітті. 1994 жылы Антарктикалық теңіздер аймағы киттер үшін қорық деп жарияланды.

Гринпис пайда болу тарихы
http://www.greenpeace.org/

1990 жылдары Greenpeace ауаның ластану проблемасына және озон қабатын бұзуға назар аударды. Озон қабатын СFC және HFC топтарының көмірсутектері арқылы жойып жібергені туралы ғылыми дәлелдер келтірді.

Гринпис мақсаты мен қызметі

Ұйымның мақсаты адамдардың табиғи байлыққа деген көзқарасын өзгерту арқылы табиғат пен бейбітшілікті сақтау. Адамдардың дүниетанымын өзгертіп, экологиялық мәселелерді шешу және сақтап қалу ұйымның басты мақсаты. Тәуелсіз ұйым қайырымдылық шараларын тек азаматтар мен жеке қайырымдылық қорлардан ғана қабылдайды. Ұйым мемлекет, саяси партиялар және коммерциялық құрылымдардың ақшасынан бас тартады.

Зорлықсыз тәсіл. Гринпис барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысады. Тіпті олар агрессияға ұшыраған жағдайда да, мәселені басқа тәсілмен шешуді қарастырады. Бұл ұйымның ажырамас принципі. Наразылық акциясы. Наразылық акциясы ұйымның ойынша мәселені шешудің тиімді әдісі деп санайды.