Швеция мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Швеция мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Швеция өзінің керемет табиғи ландшафтарымен және жаңа өсімдіктер, көркем ортағасырлық қалаларымен танымал. Бұл мемлекет еуропа елдерінде ең дамыған, озық елдердің бірі. Швеция астанасын кей кезде  қала-мұражай деп атайды. Себебі Стокгольмде өте көп мұражайлар бар. Олар Швецияның ескі мәдениеті мен өмірін заманауи өнер және технологиямен біріктіреді.

Швеция астанасы Стокгольм

Швецияның ірі аралдарының тізбегі жыл сайын көптеген саяхатшыларды қызықтырады. Кейбір аралдар арнайы ландшафтпен және сол аймаққа тән архитектурасымен танымал. Көбінесе архитектурасы қызыл, сары түсті үйлермен безендірілген.

Сконе

Швецияның оңтүстік бөлігінде орналасқан қалалардың бірі. Сконе әдемі ормандар және көлдермен қоршалған. Софиера бекінісі қаланың көріктерінің бірі, оған сконеледен жолы арқылы баруға болады. Сол жол арқылы қаланың барлық керемет пейзаждарын тамашалауға болады.

Швеция мемлекетінің әдемі жерлері Сконе
https://www.fjord.su/

Йокмокк

Йокмокк — лапландияда орналасқан керемет провинциялық қала. Яғни Швецияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Йокмокк қаласында сол жердің байырғы халықтары – саамдар тұрады. Бұл жерде бұғы шаруашылығы мен қысқы (санта клауссқа байланысты) тауарлар нарығы жақсы жұмыс істейді. Йокмокк нарығы 400 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, жергілікті тағамдарды, халық билерін тамашалауға болады.

Костерхавет ұлттық саябағы

Костерхавет — Швеция еліндегі ең алғашқы ұлттық паркі. Ұлттық саябақ 450 шаршы километр аумақта орналасқан. Теңіз тіршілігінде де көптеген тіршілік иесі өмір сүреді. Шамамен теңіз саябағында жануарлар мен өсімдіктердің 200-ге жуық түрі бар. Костерхавет ұлтық саябағының жартысы аралдарда орналасқан. Сондықтан жаз мезгілінде жүзуге, жаяу серуендеуге, балық аулауға немесе құс қарауға баруға болады.

https://www.fjord.su/

Швеция курорты Оре

Оре демалыс орны тау шаңғысымен айналысатын адамдарға тамаша орын. Қалада ойын-сауық, қосымша көптеген мейрамханалар, дүкендер бар. Бірақ шаңғымен сырғанау үшін саяхатшылардың көпшілігі осы жерге барады. Орексутан тауы (Åreskutan) Оре қаласының ең үлкен нүктесі болып табылады. Сол жеде солтүстік шұғыласын тамашалауға болады.

https://www.fjord.su/

Висбю, Готланд

Висбю қаласы Швециядағы ең танымал туристік орындардың бірі. Қала ЮНЕСКО ұйымының бүкіләлемдік мұрасына кіреді. ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, Висбю солтүстік еуропаның ең көне қалалардың бірі деп саналады. (шамамен 700 жыл). Қаланың көшелері, раушандар мен керемет ғасырлар бойы сақталған үйлермен танымал. Готландта 90-нан астам шіркеу бар. Олардың көпшілігі 12 ғасырда салынған.

Абиску ұлттық саябағы

Солтүстік Лапландия Абиску ұлттық саябағы орналасқан. Теңіз деңгейінен 900 метр биіктікте Нуолья тауында ұлттық саябақтың , ең жақсы көріністерін табуға болады. Жазда жолаушылар Троллшён өзеніне саяхат жасай алады. 

https://www.fjord.su/

Юргорден

Юргорден қаласы Стокгольм қаласының орталығында орналасқан арал. Арал саябағы жасыл, мұражайлар және басқа да ойын-сауық мекемелерімен толы. Мысалы Абба мұражайы, Этнография мұражайы, Васа мұражайы, ашық аспан астындағы мұражай және хайуанаттар паркі, ойын-сауық саябағы және т.б. 

Гета каналы

Швецияның ең үлкен инженерлік жетістігі деп аталатын Гета каналы 19-шы ғасырдың басында салынған. Ұзындығы 190 шақырым су жолын құрайды. Аралас солтүстік-шығысқа қарай Стокгольмді оңтүстік батыстағы Гетеборгпен байланыстырады. Бұл арнада 47 көпір мен 58 қамалдар бар.

Сигтуне

Швециядағы ең ескі тарихи қаласы Сигтуне болып табылады. Стокгольмнің солтүстігінде, Уппландта Меларен көлінде орналасқан қала б.з.б. 980 ж. Викинг дәуірінде құрылған. Өзінің кішкентай мөлшеріне қарамастан, Сигтуне мемлекеттің тарихи маңыздылығына ие.