Галактикалар шоғыры және метагалактика

Галактикалар шоғыры және метагалактика

Галактикалар шоғыры туралы ақпарат

Галактикалар шоғыры туралы 1784 жылы В.Гершель өз пікірін ұсынған еді. Кеңістіктегі галактикалардың орналасуын жүйелі зерттеу XX ғасырдың бірінші жартысында қолға алынды. Аспан бойындағы галактикалардың орналасуының сандық зерттеуін алғаш болып Э. Хаббл бастады. 1939 жылы 2,5 метрлік рефлектормен алынған фототүсірімдер бойынша ол аспанның 1283 шағын ауданынан 20^m-ге дейінгі галактикалардың санын есептеді. Мұндай галактикалар миллионға жуық болып шықты және олар аспан бойында шамамен біркелкі орналасқан.

6-метрлік телескоппен орындалған осы сияқты есептеулер 24^m-ге дейінгі 1,5 миллиардқа жуық галактикалардың барын көрсетті. Шолуға болатын барлық кеңістікте шамамен 100 миллиард галактика болуы тиіс. Біздің Галактика диаметрінің 30 кпк екені белгілі, ал Андромеда галактикасының диаметрі (M3I) – 40 кпк, яғни ірі галактикалардың диаметрлерін 35 кпк-ке жуық деп алуға болады. Андромеда тұмандығына дейінгі қашықтық 670 кпк. Ірі галактикалардың диаметрлерінен шамамен 20 есе асып түседі. Жұлдыздар араларының орташа қашықтықтары шамамен Күн мен Центаврдағы α аралығындай. (яғни 275000 а.б. шамасына және Күн диаметрінен 27,5 млн есе артық). Сондықтан галактикалардың өзара қашықтығы кеңістіктегі жұлдыздардың аралықтарынан гөрі айтарлықтай жақын.

Галактикалар шоғыры туралы ақпарат
https://2i.by

Метагалактика

Галактикалардың да жұлдыздар сияқты топпен шоғыр түзетіні анықталады. Мәселен, біздің Галактика, Андромеда тұмандығы, Үшбұрыш галактикасы (M33), Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары және кішірек бірнеше жұлдыздар жүйесі құрамына 35-ке жуық галактика енетін Жергілікті топ түзеді. Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары мен сегіз ергежейлі галактика біздің Галактиканың серіктері болып табылады. М3I галактикасының төрт ергежейлі серігі бар. Жергілікті топтың Галактикалары жалпы тартылыс өрісімен байланысқан жне массалар центрі төңірегінде қозғалады.

Бүгінде 4000-ға жуық галактикалар шоғырлары белгілі, оларда жүздеген және мыңдаған жұлдыздар жүйелері бар. Галактикалар шоғырларының диаметрлері орташа алғанда 8 Мпк-ке жуық. Вероника бұрымы шоқжұлдызындағы шоғырлары ірілерінің бірі болып табылады. Ол біздің 70 Мпк-ке жуық қашықтықта және аспанда диаметрі 12^0-қа жуық ауданда алып жатыр. Осы шоғырда 40 000-ға жуық галактика бар.

Метагалактика туралы ақпарат
http://farazvitie.info/

Құрылымы

Бикеш шоқжұлдызындағы бізге ең жақын галактикалар шоғырларына дейінгі қашықтық 12 Мпк. Онан жеті алып эллипстік галактика, оның ішінде Бикеш А радиогалактикасы және он алып спираль тәрізді галактика ерекше дараланып көрінеді. Бұл шоғырдың құрамына өзіміздің Галактика енетін аса үлкен галактикалық шоғырдың орталық түйдегі екені де жоққа шығарылмайды. Галактикалар өздері ішінде мүлдем болмайтын алып ұяқшықтардың шекараларына орналасатын кездері де болады. 

Шамасы галактикалардың ұяшықты құрылымы әлемнің көрінетін бөлігіндегі – Метагалактикалардың неғұрлым ірі құрылымы болып табылады. Метагалактикалардың қазіргі уақытта бақыланатын ең алыс объектілері – квазарлар, алыс квазарлардан жарық бізге 10 млрд. жылда жетеді.