Анри Пуанкаре ұлы математик, топология бөлімін құрушы

Анри Пуанкаре ұлы математик, топология бөлімін құрушы

Анри Пуанкаре балалық шағы

Жюль Анри Пуанкаре 1854 жылы 29 сәуірде Франция қаласы Нансиде дүниеге келді. Ата-анасы Леон Пуанкаре және Эжени Лануа еді. Леон Пуанкаре Лоторингии Университетінің оқытушысы болды. Анри Пуанкаренің немере ағасы Раймон Пуанкаре 1913 жылдан 1920 жылға дейін Франция елінің Президенті болған. Бала кезінде Анри математик пәніне қызығушылық танытты. Көру қабілеті және концентрациясы төмен болғанына қарамастан, ол ғылым мен математикаға байланысты пәндер бойынша үздік болып шықты.

Мектеп кезінде көптеген жарыстарда жеңіске жетіп, көптеген марапаттарға ие болды. 1871 жылы орта мектепті бітіріп, ғылым және әдебиет бакалавры дәрежесін алды. 1873 жылы ол Политехникалық колледжге түсіп, математика ғылымын зерттеді. 1874 жылы Шарль Эрмитпен бірге алғашқы диссертациясын  жариялады. 1875 жылы Париждің тау-кен колледжіне түсіп, 1879 жылы инженер дәрежесін алды.

Анри Пуанкаре балалық шағы
https://ru.wikipedia.org/

Ғылым жолы

Солтүстік-шығыс Францияның Везуле провинциясында ғалым тау-кен инспекторы болып тағайындалды. 1879 жылы ол апат орнына бақылау жүргізуге жіберілді. Париж университетін бітіргеннен кейін Пуанкаре Кан университетінде математиканың кіші оқытушысы қызметін атқаруға шақырылды. Ұзақ уақыт бойы Париж университетінде физика-математика факультеттерінде көптеген лауазымдарды атқарды. 1880 жылдың басында Пуанкаре автоморфтық және эллиптикалық функциялардың бірдей алгебралық теңдеулер тобына жататындығын анықтады.

1880 жылдары Пуанкаре аспан денелерінің механикасымен айналысады. Соның салдарынан ол зерттеуге арналған трактатты жариялады. 1887 жылы ол «үш және одан да көп денелер есебі» деген атпен танымал болды. Швеция патшасы Оскар II Күн жүйесінің тұрақтылық мәселесін шешкені үшін Пуанкарені марапаттады. Бұл классикалық механиканың стандартты үлгісі болды. Оны «хаос теориясы» деп атады. Ғалым сонымен қатар Хендрик Лоренц және Альберт Эйнштейнмен бірге жұмыс істеді.

https://www.gazeta.ru/

Ғылым мен математиканың әртүрлі аспектілерінің жұмыстарына қарамастан, ғалым инженер ретінде де жұмыс істеді. 1893 жылы тау-кен корпусында бас инженер болып тағайындалды. 1910 жылы инспектор лауазымына дейін көтерілді. 1895 жылдың басында Пуанкаре топологияның жаңа әдістерін ұсынды. Дифференциалдық теңдеулердің шешіміне бірқатар үлес қосты. 1899 жылы ол бірнеше рет қайта басылып шыққан «аспан механикасының жаңа әдістері» атты трактаттын жазды.

Анри Пуанкаре жеке өмірі

Пуанкаре 1881 жылдың басында Луизе Пулен де Андесиге үйленді. Отбасында төрт бала болды. Француз ғылым академиясының және Британдық Корольдік Астрономия қоғамының дамуына үлкен үлес қосты. Анри Пуанкаре 1912 жылы 17 шілдеде, 58 жасында қайтыс болды.