Аккумулятор өнертабысы қалай пайда болды?

Аккумулятор өнертабысы қалай пайда болды?

Аккумулятор туралы ақпарат

Аккумулятор энергияны жинауға және сақтауға арналған құрылғы. Латын тілінен “жинаушы” деп аударылады. Аккумулятордың бірнеше түрлері бар. Олар электрлік, жылу, гидравликалық және инерциондық. Ең көп таралған түрі электрлік болып табылады. Аккумулятордың өзі анод (оң) және катод (теріс) атты электродтардан тұрады. Электродтар арнайы электролитке (қышқыл немесе сілтісі бар) қосылған болады. Электродтар түрлі металдардан болуы мүмкін. Химиялық аккумулятордың жұмысы реактивтік химиялық реакцияға негізделген. Электр зарядының өтелуі кезінде заряд немесе жүктеме қосылған кезде разряд пайда болады. Аккумуляторлар электромобильдерде, су қайықтарында, радиода, ұялы телефондарға, электр шамдарына қолданылады.

Аккумулятор туралы ақпарат
http://book33.ru/

Пайда болу тарихы

А.Вольт 1800 жылы тұзды ерітіндіге мыс пен мырыш пластинкаларын орналастырып, осылайша бірінші химиялық ток көзін алды. Энергияны химиялық эффект арқылы алу жолын “гальванизм” деп атайды. Сол жылы Вольта Лондон Корольдік қоғамында “электр энергиясының көзі” атты баяндамасын жариялады. Бұл жаңалықты Франция елі бірінші болып ресми түрде мойындады. 1802 жылы доктор У.Круикшанк алғаш рет жаппай өндіріс үшін қолайлы сериялық электрлік батареяларын жасады. Пластинкаларды ұзын ағаш қорапқа бекіту үшін арнайы ойықтары салды. Қорап цементпен тығыздалған болатын. Құрастырудан кейін ол электролитпен (әдетте теңіз суымен) немесе қышқылмен толтырылды.

Ағылшын химигі Даниелл 1836 жылы А.Вольта құрылғысынан гөрі жақсы батарея жасады. Бұл аккумулятор тұрақты токты өндіретін болды. Барлық ойлап тапқан аккумуляторлар бастапқы ұяшықтардан тұрды. Бұл оларды қайта зарядтауға мүмкіндік бермеді. Бірінші қайта зарядталатын аккумуляторды 1859 жылы француз физигі Г. Планте ойлап тапты. Бұл батарея жаппай өндіруін іске қосты. Аккумулятор 2 ағаштан жасалған цилиндрдегі бірдей өлшемдегі қорғасын тақталардан тұрады. Тақталар арасын мата төсеніштер ажыратып отырды. Құрылғы қышқылдандырылған сумен ыдысқа түсірілді. Бірнеше сағаттан кейін батарея ажыратылды және батарея бірнеше уақыт бойы тұрақты мәнді ұстап тұрған өте күшті ток өшіру мүмкіндігіне ие болды. (Бұл аккумулятор қорғасын қышқылымен.)

http://www.electrolibrary.info/

Дамуы

1899 жылы швед ғалымы В. Юнгнер никель-кадмийда тұратын аккумуляторды ойлап тапты. 1901 жылы Эдисон никель-темірі бар аккумуляторды жасап шығарды. Алайда, бастапқы аккумуляторлар біршама қымбат тұрды. Сонымен қатар практикалық қолданысқа ие болмады. Белгілі никель-кадмий аккумуляторы 1947 жылы Ньюманның толығымен жапсырылған элементін жасағаннан кейін ғана қол жетімді болды.