Вертикаль ферма — ауыл шаруашылығының болашағы

Вертикаль ферма ауыл шаруашылығының болашағы

Вертикаль ферма дегеніміз не?

Вертикаль ферма дегеніміз жаңа технологияларды қолдана отырып,кез келген өсімдіктерді вертикалды түрде өсіре алатын ферманың түрі. Жылыжайдан айырмашылығы ол сол вертикаль бойымен өсіру және әр түрлі мекемелерде қондыру мүмкіндігі. Фермада өсімдіктер жақсы өсу үшін белгілі температура және жарық қажет. Жылыжайға ұқсағанымен, экологиялық жағынан тиімді және аз ғана орын алады. Дәстүрлі егістіктегі өсіруге қарағанда өнімділігі 3-4 есе көп.Сонымен қатар, өсімдіктерді топырақсыз және  сусыз ортамен өсіру әдістері бар. Болжам бойынша 2022 жылы вертикаль ферма нарығы 24,8 %-ті құрайтын болады.

Вертикаль ферма ауыл шаруашылықтың болашағы
globalopportunitynetwork.org

Әлемдік тәжірибе

Дамып келе жатқан жаңа технологияға байланысты көптеген стартаптар ашылды. Танымал инвесторлар осы жобаға қызығушылық танытты. Біріншіден арзан және экологиялық жағынан тиімді  жоба болды. Ең алғашқы вертикаль ферма Сингапурда  ашылды. Содан кейін басқа елдердегі бизнесмендер бұл жобамен айналысты. 

Уақыт өте келе инвесторлар осындай жобаларға көбірек көңіл бөле бастады. Солардың бірі Жапондық Softbank вертикалды фермаларға  200 млн. доллар ақша бөлді. Соның арқасында  Жапонияда көлемі жағына үлкен (25 мың м2.) ферма салынды. АҚШ елінде  AeroFarms компаниясы 50 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция және қосымша даму үшін 9 млн. Грант қаражатын алды.

Вертикаль ферма ауыл шаруашылығының болашағы
https://aggeek.net/

Вертикаль ферма жұмыс істеу технологиясы

Вертикаль  фермалардын басқаларынан айырмашылығы астық және өсімдіктер сөрелер немесе мұнаралар орнатылып өсіріледі. Бірақ әр компания өзінің технологиясы арқылы өсіреді. Мысалы Plenty компаниясы тіпті бір-біріне өте жақын арақашықта өсіреді. Және сол арқылы 6 метрлік биіктікке жеткізе алады. Пайдалы микроэлементтер мен суды пластикалық бөтелкелер арқылы беріледі. Әр қабаттын бөтелкесі белгілі бір деңгейге дейін су мөлшерін береді де келесі төмендегі қабатарға түседі. Сол арқылы су мөлшері үнемделеді.

Ферманың ең қиын кезеңі ол жарық беру болып табылады. Себебі ең далада күннің көзі жарық болса, фермаларда жоғары диодты жарықтар орнату керек. Кейбір вертикаль фермалар шамдардың жарығын қолданады. Бірақ өнертапқыштар жаңа жарықтандыру жүйесін ойлап тапты. Ол әр өсімдікті жеке емес жалпылама жарықтандыру болып табылады. Біріншіден үнемді және өнімділігі бірдей.

Вертикаль ферма Токио қаласында
http://zeleneet.com

Вертикаль ферма шаруашылығымен айналысатын көптеген стартаптар көкөністерді өсіреді. Бұл технология арқылы өндіріс шығындарын төмендетеді. Дегенмен, AeroFarms және Bowery секілді компаниялар  өз өнімдерін әзірге қымбатқа сатуда. Бірақ болашақта бұл компанияның өнімдері біршама арзаныраұ болады деген болжам бар.