Эдгар Аллан По американдық ақын және жазушы

Эдгар Аллан По американдық ақын және жазушы

Эдгар Аллан По балалық шағы

Эдгар Аллан По американдық ақын, жазушы,эссеист, сыншы американдық романтизмнің өкілі. Жазушы Эдгар Аллан По 1809 жылдың 19 қаңтарында Массачусетс штатындағы Бостон қаласындағы АҚШ-тың солтүстік-шығысында дүниеге келді. Ата-анасы Елизавета Арнольд Хопкинс пен Дэвид По  дарынды адамдар болды. Оның анасы — ағылшын актрисасы, ал оның әкесі заңгер мамандығы бойынша жұмыс істеген.  Отбасында тағы екі бала болған. Олар үлкен ағасы Уильям Генри Леонард (1807-1831) және қарындасы Розали (1810-1874).

Эдгар бір жасқа толған кезде, әкесі отбасын тастап кетті. Содан кейін әкесінің тағдыры белгісіз. 1811 жылы ақынның анасы чахотка ауруынан қайтыс болды. Барлық үш баланы ресми түрде асырап алушы ата-аналары қабылдайды. Эдгар мақта және темекі сататын сауда компаниясына иемденген Джон Аллан отбасысы асырап алады. Ерлі-зайыптылар өте құрметті тұлғалар болды.

Эдгар Аллан По жас кезі
https://24smi.org/

Эдгар 5 жасында  мектепке барады. 1815 жылы Алландар отбасы Ұлыбританияға ақша табуға көшеді. Пo Ұлыбританияда жақсы білім мен тәртіпке үйренеді. Америкаға жасөспірім өте жақсы біліммен орналады. Ұлыбританияда алған білімі  арқылы 1820 жылы жергілікті колледжге қиындықсыз түседі. 

Оқу кезеңі

Колледж студенті По досының анасына Джейн Стенардке ғашық болып қалады. Ханым мен жас жігіт күні-түні хат жазысып, жасырын кездесіп жүреді. Кейіннен Эдгар ханымға арнап «Елена» атты өлеңін жазады. Өмірінде алғаш рет По бақытты болады. Бірақ ақынның махаббаты көпке созылмады.

1824 жылы Джейн менингит ауруымен ауырып, ақыл-есін жоғалтып қайтыс болады. Содан кейін Эдгардың өмірі уайым-қайғыдан тұрады. Эдгар көп уақыт бойы үрейлі түстер көріп ұйықтай алмай қиналады. Өмірбаяншылардың пікірінше, дәл осы уақытта жазушы психикасының бұзылуының алғашқы белгілері пайда болды. Суицидтік және маниакалдық идеялар жазушының өмірін қиындатты.  1825 жылдың көктемінде жазушының әкесі   қайтыс болған ағасына 750 мың доллар мұра алды. Және Ричмондтағы ең бай адамдардың біріне айналды. 

Сол мүмкіндікті пайдаланып Аллан Вирджиния университетінде оқуға түседі. Эдгар  буржуазиялық ортаға тап болады. Бай адамдар қоғамында По оларға сәйкес келуге тырысты. Бірақ ақынның ақшасы тек үйді жалдап тұруғаға келді. Ақша табу үшін жас ақын карталық ойындар ойнады. Бірақ ол ойыннан көптеген қарыздарға батты. 1826 жылғы желтоқсанда Джон Аллан Поның қарыздарын біліп университетін оқу ақысын төлемейді. Біраз уақыттан кейін ақынды оқудан шығарып жібереді.

https://24smi.org

Содан кейін әкесі  Поны жауапсыздығы үшін  күнде айыптады. Осы  жанжалға шыдамай По үйден кетіп қалады. Жазушы Норфолк қаласына сосын Бостонға көшеді.

Әдеби шығармалары

Туған жерінде жазушы өзінің алғашқы өлеңдер жинағын шығаруға келіскен жас техник Калвин Томасты кездестірді. Өлеңдер жинағы  1827 жылы жарық көрді. Алғашқы шығармалары үшін оқырмандардан кешірім сұрады. Себебі ол шығармаларды 12-14 жасында жазған екен.

1829 жылы  ақынның екінші шығармалары жарыққа шықты. Олар «Әл-Аарааф, Тамерлан, және басқа да өлеңдер» атты поэзия жинағы болды. 1831 жылы үшінші әдеби шығармалары жарияланды.  Шығарма ішіндегі туындылар «Израфель», «Пэан», «Елена», «Ұйықтау» және т,б. болды. 1845 жылдың басында «Қарға» атты өлеңі өте танымал болды. Осы өлеңі арқылы сол жылы «шығармалар» атты кітабы жарық көрді. Кітап біртіндеп сөрелерде сатыла бастады.

Эдгар Аллан По шығармалары
https://24smi.org/

Айта кету керек, Аллан жұмысында мистика, готика жанрлары басым болды. Қарға сияқты шығармалары арқылы По американдық романтизмнің өкіліне айналды. Жазушының романдары  бірнеше тақырыптық топтарға бөлуге болады. Бірінші психологиялық шығармалары: «Қара мысық», «Лигейя», «Амонтильядо бөшкесі», «Овальды портрет» т.б. Екіншісі логикалық шығармалары: «Алтын қоңыз», «Морг көшесінде өлтіру», «Мари Роджердің құпиясы» «Ұрланған хаттар» т.б. Үшінші юмор («Көзілдірік», «Тынысусыз», «Шехерезаданың мың екінші ертегісі» т.б. Төртінші  ғылыми-фантастикалық шығармалары «Ханс Пфааляның ерекше оқиғасы», «Сфинкс», «Балшықпен әңгіме» т.б.

https://24smi.org/

Детективтік әдебиет дәуірінің басталуы жазушының бас кейіпкері детектив Огюст Дюпен логикалық шығармасынан басталды. Көптеген танымал детективтік шығармалар сол заманда бірдей деңгейде танымал болды. Эдгардың көп шығармалары жас жазушыларға үлгі болды.

Эдгар Аллан По жеке өмірі

Жазушы үйден кеткен жылы өзінің болашақ әйелін кездестірді. Сол кезде ол меланхолалық Эдгар мен  Вирджинияның арасындағы махаббат пайда болды. Үйлену тойы  1835 жылдың 12 қыркүйегінде өтті. Үйлену тойы құпия түрде  болды. Эдгар сол кезде 26 жаста , ал  Вирджиния тек 13 жаста еді. Вирджияның туыстары осы некеге қарсы болды.

Вирджиния туыстары Эдгарды лайықты адам деп санамады. Себебі сол уақытта  поэзиялық шығармалар жұмыс деп саналмайтын. Бірақ уақыт өте келе туыстары некеге келісімін берді. 

https://24smi.org/

Вирджиния Поның өмірінің жетекші жұлдызына айналды. Оны керемет туындылар жасауға шабыттандырды. Жас ханым Эдгарды соншалықты қатты жақсы көрді. Отбасы кедей өмір сүрді. Бірақ 1847 жылы қаңтарда әйелі туберкулезден қайтыс болды. Содан жазушы қатты депрессияға түседі. Алкогольді өз қасіретін ұмыту үшін көп ішетін болды. Қайғылы өмір және психикалық аурулардың әсерінен жазушы соңғы жылдары өз есін жоғалта бастады. Күні-түні үрейлі,қорқынышты бейнелерді көре бастады. Соның кесірінен Эдгар Аллан По 1849 жылы 7 қазанда Балтимордағы ауруханада қайтыс болды.