Фриланс туралы пайдалы және қызықты мәліметтер

Фриланс туралы пайдалы және қызықты мәліметтер

Фриланс дегеніміз не?

Фриланс деген сөз ағылшын тілінен free — бос, lance — найза дегенді білдіреді. Freelance дегеніміз адам жеке өзінің белгілі бір қызметін беру болып табылады. Фриланстағы адам клиентті өзі тауып іздеп ақысын алады. Бұл қызмет түрі әр түрлі салада жүруі мүмкін. Мысалы финанс,дизайн,оқыту жұмысы т.б.

Қазіргі кезде копирайт немесе рерайт жұмысы өте танымал. Онда көбінесе тексті көшіру немесе арнайы тақырыпқа байланысты текст жазу болып табылады. Онлайн оқытушылар өздерінің сабақтарын ақылы түрде өткізе алады. Программистер әр түрлі тапсырмалаларды орындап еңбек ақысын алады.

Фриланс туралы пайдалы және қызықты мәліметтер
https://cryptojournal.ru

Фрилансер жұмысы

Фрилансерлер арасында шығармашылық мамандықтардың, ақпараттық технологиялар саласының, жарнаманың көптеген өкілдері бар. Жақында инженерлер, мұғалімдер, менеджерлер, кеңесшілер фрилансер болды. Көптеген фрилансерлер Интернет арқылы клиенттерді табады. Мысалы, арнайы алмасу және қызметтер. Көбінесе клиенттерді әр түрлі биржалардан табады.  Олар :

https://allfreelance.kz/

https://megamaster.kz/

https://rabota.nur.kz/

Орташа алғанда, тәжірбиелі фрилансерлер жақсы пайда табады. Бірақ пайда фрилансердін өзіне байланысты.

Фриланс артықшылығы және кемшілігі

Фрилансер ретінде жұмыс істеудің артықшылықтары:

1.Еркін кесте жұмысы. Фрилансер жұмыс кезінде өзіне ыңғайлы жұмыс уақытын қоя алады. Бұл әсіресе үйде отырған аналарға және студенттерге жақсы жұмыс.

2.Уақыт пен ақшаны үнемделуі. Фрилансерге жұмысқа бару үшін ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Себебі уйде интернет арқылы жұмыс істей береді. Сонымен қоса қаншама ақша және уақыттың үнемделуі.

3. Жоғары табыс. Егерде фрилансер өз ісінің шебері болса,онда орташа есеппен 1,5 есе көп ақша табуға болады.

4. Сенімді клиенттер. Жақсы жұмыс істеп белгілі бір нәтижеге жеткенде, тұрақты клиенттер пайда болады. Және солар арқылы әрдайым сұраныста болуға болады.

5.Бостандық. Белгілі бір бастықтын немесе дресс-кодтын болмауы бостандықды сезінуге мүмкіндік береді.

6.Қауіпсіздік. Үйде жұмыс істеу арқылы қауіпсіздікті сезінуге болады. 

Фрилансер ретінде жұмыс істеудің кемшілігі:

 1.Барлығы — сіздің есебіңізде! Жаңа компьютерді, бағдарламалар, жұмыс орнын ұйымдастыруды, біліктілікті арттыру, жарнамалау т.б.

2.Бәсекелестік. Әркімнің пайда тапқысы келеді. Бірақ бір тапсырысқа 100 деген  фрилансерлер бәсекелеседі. Бастапқыда өте қиын болуы мүмкін. Себебі әл ешкім танымайды және сенімсіздік таңытады.

3.Әлеуметтік қолдау жоқ.  Егерде ауырып қалсаңыз, оған ешкім қарамайды. Және арнайы демалыстар болмайды.Салықтар Оларға өздеріңмен айналысуға немесе есепші жалдауға тура келеді.

4.Жұмыс орны. Үйде егерде жақсы тыныш орын болса жақсы,ал егерде болмаса онда арнайы кофе-бар,кафеларды іздеу керек.

5.Жақындардын түсінбеуі. Ата-ана немесе туыстарыныз сіздің жұмысынызды түсінбеуі мүмкін. Сондықтан кейбір жағдайларға көну керек.

http://yakonkurent.com

Ескерту

Бірінші фриланспен айналыспай тұрып жақсылап ойланыныз. Тек биржалармен жұмыс істеген дұрыс. Себебі биржа екі жақты клиент пен фрилансерді қосып тұрады. Және ешқандай клиент тарапынан алдап төлемеу сияқтылар болмайды. Ал неден және қалай бастау керек екенін  келесі мақалада айтамын.