Фобия ауруының түрлері мен пайда болу себебі

Фобия ауруының түрлері мен пайда болу себебі

Фобия дегеніміз не?

Фобия (грек тілінен phobos — қорқыныш) адамға нақты қатер төндірмейтін (немесе кішігірім) қалыпты дәрежеде қорқытатын құбылыстар мен объектілерге қатысты үрей. Оның объектісіне әр түрлі заттар кіруі мүмкін. Олар әр түрлі жағдайлар (қоғамдық мекемелер), жануарлар (өрмекші, мысық), кеңістік ( ашық, жабық, биік, аласа), адамдар және қарапайым заттар (өткір заттар, қуыршақтар) және т.б. Фобия негізінде қауіпті құбылысқа қарсы миға сигнал беру әдісі. Қарапайым адам фобияны дұрыс және белгілі бір мақсатта қолданады.

Фобия дегеніміз не?
https://24tv.ua/

Түрлері

Көптеген фобиялар бірнеше жалпы топтарға бөлінеді:

Социофобия — адамдар және адамдар тобымен байланысты әлеуметтік фобияның түрі. Бұл топтың ең таралған фобиалары көпшілік алдында сөз сөйлеу, қобалжу, бөтен адамдармен қарым-қатынастан қорқу, кездейсоқ шабуылдан қорқу.

Кеңістік фобиялары — бұл адамның айналасына байланысты үрейдің түрі. Бұл топтың ең таралған қорқынышы: тым ашық алаңдардан қорқу, тым жабық бөлмелерден қорқу, биіктіктен қорқу, қараңғылықтан қорқу және т.б.

Зоофобия – бұл адамның түрлі жануарлардан қорқуы. Кейбір жағдайда адам бірнеше жануарлардан қорқуы мүмкін. Фобияның ең көп тараған түрлері акула, өрмекші, жылан, ит, құрт-құмырсқа және т.б.

Денеге байланысты фобия. Бұл топта адам өз организмінің өмірлік белсенділігіне байланысты қорқыныштар пайда болады. Оларға жарақат алу қорқынышы, ауру немесе инфекция жұқтыру қорқынышы, дене иісіне байланысты қорқынышы кіреді.

Фобия түрлері
http://www.furfur.me/

Табиғи күштерге байланысты фобиялар. Бұл топтың ең таралған үрейлері: су, орман, найзағай және т.б.

Ситуациялық фобиялар. Белгілі бір жағдайға жауап ретінде пайда болған қорқыныштар. Ұшақтың ұшуынан, көмуден, тонау немесе қорлаудан пайда болған үрейлер.

Ерекше фобиялар. Белгілі бір адамға тән ерекше жағдайларға қатысты болып келеді. Мысалы, адам үш рет есікке қоңырау шалдан қорқуы мүмкін.

Фобия ауруының себебі

Адамдарда фобия ауру дамуының бірнеше себептері бар. Бірақ олардың нақты 100 пайыз дәлелі жоқ. Мысалы, Фрейдтің теориясына сәйкес, фобиялар балалық шақтағы бейтарап объектіге жасырын қорқу немесе жарақат алудың нәтижесі болып табылады. Бәлкім, қандай да бір түрде жарақат тақырыбымен байланысты.

Бихевиористтік теориясы фобия адам психикасының бұрынғы жағымсыз оқиғаларға кері әсер етуі деп санайды. Мысалы, адам бір кездері суға батып кетсе, ол судан қорқи бастайды. Егер бала кішкентай кезінде шкафқа қамалып қалса, кейін балада клострофобия ауруы дамуы мүмкін. Сондай-ақ, фобияның бір бөлігінің пайда болуы адамның өзіндік түр ретінде биологиялық бейімділігіне байланысты. Мұндай фобияларға өлімнен, биіктіктен, қараңғылықтан, жыртқыш жануарлардан, найзағайдан қорқу жатады.

Фобия ауруының себебі
https://estet-portal.com/

Белгілері

Жүрек соғысының көбеюі;

Терлеу;

Демікпе, тыныс алу күрделенуі;

Құсу;

Шындыққа сенбеушілік;

Талу.