Польша халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Польша халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Польша елі орталық еуропада орналасқан дамыған мемлекеттердің бірі. Ол елде көптеген ұлттар өмір сүреді. Олар поляк, неміс, белорусс, украин және т.б. Польша елінің салт-дәстүрі өте ерекше. Неміс, австрия мәдениеттерінің ықпалымен және католиктік дінін әсерінен әр түрлі салт-дәстүрлер пайда болды.

Польша елінің Рождество мейрамы

Рождество мейрамына арнайы кешкі асты дайындайды. Дәстүр бойынша саңырауқұлақ және қызылша қосылған көже беріледі. Рождестволық мереке кезінде отбасы мүшелері әуесқой театрландырылған қойылымдар (ясельки) өткізеді. Кейбір ауылды жерлерде адамдар бір-біріне қонаққа барады. Сол күні барлық халық әр түрлі карнавалдық костюмдерді киеді.

Польша елінің Рождество мейрамы
http://studentportal.pl/

Мажанна

Мажанна бұл бақшаға қоятын арнайы тұлыпты (чучело) өртеу дәстүрі. Сөздің мағынасы славян құдайының поляк тіліндегі атауы. ХI ғасырдың басына дейін Польша елі  аруақ, ата-баба рухтарына табынды. Жыл сайын көктемнің алғашқы күнінде адамдар арнайы тұлыпты өртейді. Тұлыпты арнайы сабан және ақ түсті зығырдан жасайды және түрлі-түсті ленталармен безендіреді.

http://slawomirkonopa.ru/

Smigus Dyngus дәстүрі

Świgus Dingus Пасха дәстүрлерінің ең ерекше түрі. Дәстүр бойынша халық бір-бірін әр түрлі құралдармен (су тапаншалары, бөтелкелер, пластикалық пакеттерді және т.б.) шомылдыру керек. Бұл дәстүрдің пайда болуы христиан дініне тығыз байланысты келеді. Су арқылы шомылдыру рәсімінен бастау алған дейді.

Польша елінің дәстүрі Śmigus Dyngus
sitedesignco.net

Саңырауқұлақ немесе жидектер жинау

Батыс Еуропа мемлекетттерінде халықтың көбісі ешқашан өздігінен жидектер жинамаушы еді. Ал Польша елінде жексенбі күндері барлық отбасымен саңырауқұлақ немесе жидек жинауға барады. Мемлекеттің шамамен 30% -ын әдемі тығыз ормандар құрайды. Сондықтан саңырауқұлақтарды жинау дәстүрі елде өте танымал. Уақыт өте келе балалар саңырауқұлақтар түрлерін ажырата білуге үйренеді.

Польша үйлену тойы

«Очепин» той кезіндегі дәстүрлердің бірі. Ол қалыңдықтың жаңа кезеңге өту процессін анықтайды. Дәстүр бойынша, қалыңдық шашын қысқартып, қақпақ кигізеді. Содан кейін қалыңдық гүл шоқтарын ойнатады. Мерекелік іс-шара елеулі трансформациядан өтті. Сонымен қатар, үйлену тойы кезінде әр түрлі билерді ер адамдар бірігіп билей алады.

Польша елінің үйлену тойы
https://culture.pl/

Той кезінде әр түрлі ойындар жүргізіледі. Очепиндер көбінесе карнавалдарға ұқсайды. Тойдың келесі бір кезеңі ол «поправины» (poprawiny, poprawić) дәсүрі. Кейде оны сондай-ақ «шампан кешкі» деп атайды. Поправины үйлену тойынан кейінде жалғаса береді.