Том Круз танымал американдық актер және режиссер

Том Круз танымал американдық актер және режиссер

Том Круз балалық шағы

Том Круз 1962 жылы 3 шілдеде Нью-Йорк штатындағы Сиракьюс қаласында дүниеге келді.  Оның әкесі Томас Круз Мейпотер III электрик-инженер, ал анасы Мэри Ли (Пфайффер) дефектолог-мұғалім болып жұмыс істеді. Отбасында Томның үш қарындасы болды. Олар: Ли Энн, Мариан және Касс. Том он екі жасқа келгенде, әкесі отбасын тастап кетеді. Осыдан кейін отбасыға өмір сүру қиынырақ соғады. Балалар өздерінің бос уақытында аналарына көмектесетін.

Мектеп кезінде жас бала оң сирек кездесетін дислексия (жазбаша мәтінді дұрыс қабылдамау) ауруымен сырқаттанған. Осыған байланысты бала сабақты нашар оқыды. Бір кездері арнайы (нашар оқыған оқушылар) мамандандырылған топқа ауыстырылды. Бірақ белгілі бір уақыттан кейін Том оқу үлгерімін жақсартып, әдеттегі сыныпқа қайта оралды.

Том Круз балалық шағы
https://uznayvse.ru/

Мектеп жылдарында Том әр түрлі спорт үйірмелеріне қатысып, біршама шыныққан болатын. Сол кездері Круз кәсіби спортшы болуды армандаған, бірақ тізе жарақатынан кейін бұл спорттық мансапты артқа қалдыруға тура келді. 16 жасында ол алғаш рет музыкалық «Балалар мен қуыршақтар» шығармасында актерлік шеберлігін көрсетті.

Фильмдері

1980 жылы болашақ актер Нью-Йоркке көшті. Ең бірінші актер атын Том Круз деп қысқартты. Бір жыл бойы жас актер әр түрлі кастингтер мен экран сынақтарына қатысады. Біраз уақыттан кейін кинорежиссерлер жас актерді Биллидің «Шексіз махаббат» фильмінде ойнауға шақырады. Бірақ Круз өзінің басты рөлін 1983 жылы шыққан “Рискованный бизнес” фильмінде сомдады. Бұл фильм кассалық прокатта 65 миллион доллар жинады. Жас актер үшін бұл үлкен жетістік болды.

Дегенмен, Голливуд жұлдызы мәртебесін Том «Топ Ган» фильмінен кейін танымал болды. Кейінірек актер «Ақшаның түстері» және «Жаңбыршы адам» жобаларымен сәтті өнер көрсетті. «Шілденің төртінші күні туылған» кинофестиваліне қатысу үшін актер Алтын Глобуспен марапатталып, «Оскарға» ұсынылды.

https://uznayvse.ru/

Бесконечная любовь;

Легенда;

Цвет Денег;

Человек Дождя;

Далеко-далеко;

Миссия невыполнима 1,2,3;

Ванильное небо;

Соучастник;

Война миров;

Джек Ричер;

Обливион;

Грань Будущего;

Миссия невыполнима: последствия;

Том Круз жеке өмірі

Актер — Саентология шіркеуінің ашық ізбасары. 1990 жылы Мими Роджер (бірінші әйелі) оны осы шіркеумен таныстырды. Том әртүрлі бағдарламаларға белсене қатысып, Саентологияның таралуына өз көмегін көрсетуде. Том Круз үш рет үйленген. Алғашқы әйелі, актриса Мими Роджерс болды. Жұп жалпы үш жыл бірге өмір сүрді. Бірінші некеден ешқандай балалар болмады. 1990 жылы актер екінші рет, актриса Николь Кидманға үйленді. Кидман және Круз некеде 11 жыл бойы өмір сүріп, екі баланы асырады.

Том Круз жеке өмірі
https://24smi.org/

2001 жылы Том танымал актриса Пенелопа Круспен кездесті. Бірақ жұп некеде тұрмады. Үш жылдық қарым-қатынастан кейін жұп ажырасып кетті. Бір жылдан кейін Том өзінің үшінші әйелі Кэти Холмспен кездесті. Бұл отбасыдан Сури атты қыздары дүниеге келді. Жұлдызды жұп алты жыл бойы бірге болды. Бірақ 2012 жылдың тамызында Холмс пен Круз ресми түрде ажырасып кетті.