Пацифизм идеясы және оның әлемге әсері

пацифизм идеясы және оның әлемге әсері

Пацифизм дегеніміз не?

Пацифизм бағытының негізгі идеясы соғысты болдырмау және оған қарсы әрекет жасау. Соғыс — әрқашан өлім, зорлық, қатыгездік. Бұл термин тек XIX ғасырда пайда болғанымен, нақты пацифисттер әрқашан әр қоғамда бар болған.

Пацифизм бағытының тағы бір ұғымы ол «жақсылық», «бейбітшілік» таратушы. Бүгінгі пацифисттер соғысты тоқтатуға және агрессия мен қатыгездікті жоюға көмектесетін бітімгершілер қозғалысының қатысушылары мен жақтастары болып табылады. Пацифизм идеологиясы зорлық-зомбылықсыз әдістерді қолданады. (Митинг,демонстрация,келіссөздер т.б.)

Ғалымдардың пікірінше, пацифизм көптеген діндерде кездеседі. Бірақ идеяны алғашқы болып таратқан  буддизм діні. Ал негізін қалаушы — Сиддхарта Гаутама. Гаутама  интеллектуалды даму мен байыту арқылы  соғысты немесе жанжал болдырмауға тырысты.

Тарихи деректер

Бұл идеяны христан және ислам діндері ұстанған. Бірақ тарихи деректерге қарасақ «Крестшілер жорығы» бұл идеяның мүлдем іске аспағанын көруе болады. Әр қоғамда соғысқа қарсы болған ағартушылар мен танымал адамдар бар болды. Мысалы  16 және 17-ші ғасырларда Еуропадағы діни қақтығыстарға қарсы болған пацифисттер Барон Монтескью, Эразм Роттердам, Марпек, Гребел, Джордж Фокс және басқалары болды.

Танымал пацифисттер:

  • Берта фон Зуттнер
  • Лев Толстой
  • Боб Марли
  • Джон Леннон
  • Альфред Нобель
  • Махатма Ганди
  • Джим Керри
  • Брижит Бардо
  • Альберт Эйнштейн
  • Саманта Смит
  • Виктор Цой
  • Мұхаммед Әли
  • Роджер Уотерс
  • Ларри Флинт
  • Эрих Мария Ремарк
  • Уильям Сароян
  • Ульф Экберг
  • Моана Поцци
  • Майкл Джексон
  • Джоан Баэз
  • Чиччолина
  • Бертран Рассел
  • Сьюзен Сарандон
  • Джанет Рэнкин
  • Стиви Уандер
Пацифизм идеясының өкілдері
https://sites.google.com/

Пацифизм идеологиясының танымал болуы

Пацифизмнің нағыз танымал болуы — Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең. Миллиондаған адамның өмірін талап еткен қылмыс адамзатқа, өзара сыйластық пен әлем бейбітшілікке деген қозғалысты күшейтуге серпін берді. Бүгінгі пацифисттерде өз символдары, доктриналары, халықаралық өкілдіктері бар.Бұл қозғалыс мультимиллиондық қозғалысқа жатады.

Пацифистің белгісі — Альгиз рунасы. Оның мәні — сананың өсуі мен оны қорғауы. 1958 жылы ресми түрде қабылданды. Бұл белгілер пацифистердің жалауларында бейнеленген.

Пацифизм идеясының танымал болуы
mynewserials.blogspot.com

Пацифистік идеялар жастардың әртүрлі  мәдениеттерінде көрінді. Олардың ең танымалы — хиппи. Бұл қозғалыс АҚШ-та 60-жылдары пайда болды. Көптеген белгілі тұлғалар, мысалы, «The Beatles» тобының әншілері болды.

Бүгінгі пацифистерде соғыстар мен жанжалдарға қарсы және басқаша жолмен шешуге болады деп сенеді. Қандай соғыс болмасын оларды ақтауға болмайды. Осылайша, пацифистер, бұрынғыдай, бейбіт шерулер ұйымдастырады.

Өкінішке орай, жылдар бойы пацифистік қозғалыс ешқандай маңызды нәтижелерге қол жеткізе алмады. Соғыстар әлем бойынша жалғасып жатыр. Сондықтан көптеген саясаткерлер мен қарапайым адамдар пацифизм идеяларын іс жүзінде қолданылмайтын утопия ретінде қарастырады.