Ниагара сарқырамасы әлемдегі ең танымал көрікті жер

Ниагара сарқырамасы әлемдегі танымал жер

Ниагара сарқырамасы табиғаттың әсемдігі

Ниагара сарқырамасы  Батыс елдерінің танымал туристік жерлердің бірі. Жыл сайын 14 миллионға жуық туристерді қабылдайды. Бұл сарқыраманы көруді танымал  атақты жазушылар, ақындар, музыка және кино жұлдыздары, саясаткерлер, ірі мемлекеттердің көшбасшылары армандаған.  Әлемде ондаған жоғары сарқырамалар бар. (Niagara сол ондыққа кіреді). Алайда судың ағу шапшаңдығы (напор) бойынша сарқырама жетер  бәсекелес жоқ. Күндіз және түнде, қыста немесе жазда сарқырама тоқтамау ағып тұрады. Тіпті қыста кейбір сулар мұздық болып қатып қалсада, туристтер келіп жатады.

Ниагара сарқырамасы деп аталатын сарқырама негізі жоқ. Бұл үш сарқыраманың қосындысы. Олар «Американдық сарқырама «(биіктігі 21 м, ені 323 м). «Таға сарқырамасы» (биіктігі 53 м, ені 792 м) және өте кішкентай «Фата» деп аталатын үш сарқырама топтарының ортақ атауы. Тәуелсіздік үшін соғыстан кейін (1775-1783). Бұл өзен мен сарқырама Канада мен АҚШ арасындағы мемлекеттік шекара болды.

Ниагара сарқырамасы
http://lifeglobe.net

Сарқырама тарихы

Ниагара сарқырамасы осыдан 12 мың жыл бұрын мұздықтын еру мен кетіру кезінде пайда болды. Сарқыраманы сипаттайтын алғашқы еуропалық француз дін қызметкері Луи Хеннепин болды. 1675 жылы ол Канаданың шығысындағы ирокездердің(халық) миссионерлік жұмысы үшін француз әскери экспедициясының құрамына жіберілді. 1678-1679 қыста Хеннепин алғаш Ниагара сарқырамасын көрді.

Сол кездегі сауданың маңызды коммерциялық маңыздылығына қарамастан, ол жерде байырғы халықтар өмір сүрді. Америкалықтар көбінесе сарқырамаға тәуелсіздік алғаннан кейін қоныстана бастады. Оның көбісі американдық  лоялистердің (британияның жақтастары) болды. Олар қудалаудан аулақ болу үшін осы жерге келген. Англия-Американдық соғыс аяқталғаннан кейін (1812-1815). Ниагара сарқырамасы біртіндеп екі мемлекеттің азаматтары үшін танымал туристік мекемеге айнала бастады.

19-шы ғасырдың басындағы өнеркәсіптік төңкеріс кезінде сарқырама   біраз зардап шегеді. 1860 жылдардың аяғында жағдайға алаңдаған қоғамдық қайраткерлер тобы «Ниагара бостандығы үшін» қозғалысын құрды. Комитет мүшелері Нью-Йорк мемлекеттік үкіметіне сарқыраманы қалыпқа келтіруге шақырды. 15 жылдық күрестен кейін экологтар жеңіске жетті. 1885 жылы Нью-Йорк губернаторы «Ниагара паркін» құру туралы заңға қол қойды. 1885 жылы Онтарио провинциясында (Канада) Виктория сарқырамасының Ниагара паркі ашылды. Екі ұйым да Ниагара өзенінің бойында Эри көлінің бассейіндерінен бастайды. Онтарио көлімен араласып, құрылыс пен өнеркәсіптікі шектеді.

Ниагара сарқырамасы
http://lifeglobe.net

Ниагара сарқырамасы туралы қызықты деректер

Сарқырама 1804 жылдан бері Наполеон бауыры Джером қалындығымен келген кезден бастап танымал демалыс орнына айналды. 1900 жылдары темір жолдар, автокөлік жолдары арқылы осы сарқырамаға баруға мүмкіндік болды. 1960 жылдардың басынан бастап жолаушылар мен туристерге ұшақ жолы ашылды. 1953 жылы «Ниагара» фильмін шығарғаннан кейін (басты ролді Мэрилин Монро ойнаған) өте танымал болды. Казино, мейрамхана, қонақ үйлер, туристерге арналған  жерлердің құрылысы Niagara аттымен құрыла бастады.  Ниагараны «кішкентай Лас-Вегас» және «неке құрушылардын  астанасы» деп атады.

 Бірақ бүгінгі таңда өзеннің көлемінің 50-75 пайызы американдық және канадалық электр станцияларының қажеттіліктеріне қолданады. Су электр станцияларының турбиналары арқылы өтіп, сарқырамалардан төмен өзенге қайта оралады. Халықаралық келісімдерге сәйкес, қазіргі уақытта электр қуатын өндіру үшін  су ағымын түнде азайтады. 5720 м3 /сағ максималды ағыны сәуір айынан қыркүйек айының ортасына дейін сағат 08:00 мен 10:00 аралығында болады. Ал қыркүйек айының ортасынан бастап 31 қазанға дейін 08.00-ден 20.00-ге дейін төмендейді. Басқа уақытта су көлемі екі есе азаяды, бірақ 1950 жылғы Шартпен белгіленген ең төменгі деңгей төмендетілмейді.