Леонардо да Винчи ұлы ғалым,суретші және өнертапқыш

Леонардо да Винчи

Әлемге әйгілі «Мона Лиза» картинасының авторы Леонардо да Винчи (Винчи қаласындағы Пьеро мырзаның ұлы Леонардо) 1452 жылдың 15 сәуірінде Флоренцияға жақын жердегі Винчи қаласының маңындағы Аникано қыстағында дүниеге келген. Бұл жайында оның атасы Антонио да Винчи өзінің күнделігінде «15 сәуір, сенбі күні түнгі үште менің Пьеро деген ұлымнан немерем дүниеге келді» деп жазған. Ол тек суретші ғана емес, сонымен бірге мүсінші, сәулетші, ғалым, анатом, өнертапқыш, жазушы, Қайта өрлеу дәуірі өнерінің аса ірі өкілдерінің бірі, әмбебап адамның айқын үлгісі болған.

Леонардо да Винчи анасынан ерте айырылып қалды

Әйгілі суретшінің әкесі 25 жасар нотариус Пьеро, ал анасы әдеміше келген Катерина атты шаруа қызы болатын. Көп ұзамай әкесі атақты, бай әулеттің қызына үйленеді. Бірақ екеуінің арасында бала болмауы себепті әкесі Леонардоны өзімен бірге алып кетеді. Осылайша анасынан ерте айырылған Леонардо өзінің шедевр туындыларында анасының бейнесін есіне түсіріп салып жүреді. Ол кездері Италияда некесіз туған балаларға да заңды мұрагерлерге қарағандай қарайтын. Сондықтан Винчи қаласының көптеген ықпалды адамдарын оның тәрбиесіне атсалысты. Леонардо он үшке келгенже өгей анасы толғақтан қайтыс болады.

Ұстаздан озған шәкірт

Әкесі ұлының өзі сияқты заңгер болғанын қалағанымен, Леонардоны заң саласы қызықтырмады. Сол кездегі Италияның интеллектуалдық орталығы болып табылатын Флоренция қаласында әйгілі суретші Вероккьоның шеберханасы орналасқан болатын. Леонардо осы жерде гуманитарлық ғылымдармен шұғылданады. Ол сонымен бірге сызуды, химияны, металлургияны, металлмен, терімен, гипспен жұмыс істеуді үйренеді. 1473 жылы жиырма жасар Леонардо да Винчи Әулие Лука Гильдиясында шебердің біліктілік дәрежесін алады.

 Ол кезде шіркеуден түрлі суреттерге тапсырыс көп түсетін. Сол тапсырысты орындау барысында Леонардоның салған суреті ұстазы Вероккьоның суретінен де жақсы екенін айқын көрініп тұрады. Осы сәттен бастап Вероккьо қылқаламын тастап, енді қайтып қолына алмайды.

Леонардо да Винчи Мона Лиза
https://www.segodnya.ua

Леонардо да Винчи жан-жақты адам болған

1482 жылы Леонардо күміс лира музыкалық аспабын жасап, оны Людовико Моро патшаға сыйға тартады. Тарихтағы аты суретші ретінде қалғанымен ол өзін ғалым, инженер деп есептеген.

1516 жылы Леонардо француз королі Франциск І-нің шақыруымен Кло-Люсе замогына қоныстанады. Корольдің бірінші суретшісі, инженері және сәулетшісі деген атаққа ие болған ол жылына бір мың экю көлемінде жалақы алатын болады. Жағдайының жан-жақты жасалуы оған шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ол негізінен сурет салумен емес, түрлі инженерлік жұмыстарымен айналысты.

Леонардо да Винчи өнертабыстары
https://nikatv.ru

Қайтыс боларынан екі жыл бұрын шебердің оң қолы істемей қалады және ол енді біредің көмегімен өздігінен қозғала алмайтын еді. Көптеген инженерлік өнертабыстардың авторы, ұлы суретші Леонардо да Винчи 1519 жылдың 2 мамырында, 67 жасында дүниеден өтеді. Леонардо да Винчи ойлап тапқан және ол ойлап тапты деп есептелетін заттар:

·        Парашют;

·        Велосипед;

·        Танк;

·        Жиналмалы әскери көпірлер;

·        Прожектор;

·        Катапульта;

·        Робот;

Леонардо да Винчи танк
https://www.jewish-museum.ru

Ең танымал шығармалары :

·      Аққіс ұстаған әйел;

     ·        Витрувандық адам;

     ·        Құпия кештер;

     ·        Мона Лиза;