Краудфандинг дегеніміз не және қалай жұмыс жасайды?

Краудфандинг

Интернет-технология дамыған заманда, жас энтузиаст стартап ашқысы келеді, бизнес-идеясы, жоспары дайын,  креативті топтың жоспарды жүзеге асыруға шабыттары бар,тек қана қаржы мәселесі тоқтатып тұр. Осындай жағдайда жаңа технология көмегімен, нақты айтқанда Краудфандинг көмекке келеді, осы сайт арқылы кез-келген идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік болады.

Краудфандинг дегініміз не?

Дамыған елдерден келген ағылшын сөзі crowdfunding халық және қаржыландыру мағынасын береді, яғни халықтық қаржыландыру. Нақты айтқанда краудфандинг бизнес идея немесе кез келген идеяны қаржыландыруға қаражат жинау платформасы. Краудфандинг интернетте көп танымалды, себебі өз идеяңызды бүкіл әлемге жариялауға болады. Бұл үшін әлеуметтік желілер немесе көп қолданылатын арнайы сайт – краудфандингтік сайт керек. Ақшаны жинайтындарды реципиент немесе автор деп атайды, ал ақша берушілерді инвестор, донор, демеушілер деп атайды. 

Краудфандинг
http://crowdfundinginfo.ru

Бүгінгі күні краудфандингтік сайттар қаражат айналымы жылына миллиард долларға жетеді. Басты артықшылығы реципиент қалаған сумманы жинай алады, ал демеуші өзінің ақшасын тек оған қызығатын жобасына кез келген сумманы инвестициялайды. Тиісінше, көп адамдар белгілі бір компанияға ақша берсе, болашақта компания немесе өнім одан да көп тұтынушыларға қызығушылық танытуы мүмкін.

Қалай жұмыс істейді?

Әр түрлі краудфандингтік сайттар жобаға, авторға және демеушіге өз талаптары бар. Бірақ жалпылай жұмыс принципі бірдей. Сайттын талабы бойынша автордың жасы кәмелетке толған, мемлекеттің заңына қайшы келмейтін, тек қана өз жобасын ұсыну керек, сондай-ақ жиналған ақшаны мақсаты бойынша қолдануды талап етеді. Автор жобаның идеясын, оның ерекшеліктерін толыққанды, видео немесе слайд арқылы түсіндіреді. Мақсатқа жету үшін қанша ақша жинау керектігін көрсетеді. Әрбір инвестор көмегі үшін сувенирлі тауар немесе өнім алады. Жобаның реципиенті сыйақы алу үшін ең аз сумманы белгілейді. Краудфандинг арқылы мынадай жобалар жүзге асырылуда: Стартаптар (инновациялық, масштабты бизнес идеясы бар жақында ашылған компания); Шығармашылық жобалар.(Бұл фильмдер, музыкалар, кітаптар болуы мүмкін.)Компаниялар.Қайырымдылық. Ғылым;

Краудфандинг
https://techfusion.ru

Көбінесе коммерциялық идеялар қолданысқа ие. Қажетті затты қол жетімді қылдыратын идеяның табысқа жету мүмкіндігі жоғары. Мысалы, ойындар арқылы тілдерді үйретудің сенсациондық идеясы үш жүз елу мың доллардын орнына тек сегіз мың доллар жинады. Осылайша, Детройттағы Робокоп мүсінін құру идеясы әлдеқайда сәтті болды және талап етілген сомадан 3 есе көп болды. Қаржыландырудың бұл әдісі жобаның тағдырын болжауға мүмкіндік бермейді. Осылайша, біреудің әзілдері табысқа жету мүмкін, ал өте маңызды және пайдалы идея сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.Кез келген жоба табысқа жете бермейді. Басты кемшілігі осында, краундфандинг бұл жобалардың ұсыныстарын ғана шығарады және ешқандай жауапкершілік алмайды.

Әлемдегі Краудфандинг

Әлемде 200-ге жуық түрлері бар, бірақ ең танымал сайт – KickStarter. Бұл сайт туралы барлық бұқаралық ақпарат құралдары жазады. Бастапқыда ол АҚШ азаматтары үшін құрылды. Осы ресурстың кемшіліктерінің бірі (немесе артықшылықтары, басқа көзқарас қараса) қатаң премодерация(іріктеу) болып табылады. Осылайша сәтсіз жоба тізімге кірмейді. Яғни, егер сіздің идеяңызды халық қабылдаса, ол дұрыс соманы жинай алады. Сонымен бірге басқа елдердің азаматтары KickStarter сайтын пайдалана алмайды. Пайдалану үшін АҚШ резиденті болу қажет.

Танымалдылық бойынша екінші краудфандингтік сайт – Indiegogo. Бұл сайт KickStart-тан бұрын құрылған және мұнда банк картасын немесе PayPal электрондық төлем жүйесін пайдалануға болады. Егер барлық сумма бөлінген уақыт ішінде толығымен жиналмаған болса да беріледі және реципиенттің географиялық тұрғысын қарамайды, сайттың басты айырмашылығы осы. Бұдан басқа, жобаны орналастыру санатын таңдауға бойынша шектеу жоқ.

Краудфандинг
http://oddstyle.ru

Қазақстандағы Краудфандинг

2014 жылы бес краудфандингтік сайт іске қосылды: Startuper, Startticket, i6, Gostart және Asar.ainvest. Бірақ қазіргі уақытқа тек екі компания жобаларды іске асыруды олар — baribirge және Starttime.

 Baribirge.kz : LampY оркестрінің жігіттері дебюттік альбомын жазу үшін — 1,2 миллион теңге. «Inspire.KIDS» сайты жетім және аз қамтылған отбасы балаларын қалағанын орындайды — 108 мың теңге.

 Starttime краудфандингтік сайтының жобалары барлық жинаған суммасы 31,124,654 теңге: DNK CODE трикотаж — тоқылған киіммен жасалған қолөнер шеберханасы — 1,141,363 теңге. Агротуризм — Жаңа піскен жидектер мен көкөністерді таңдауға болатын орынды жасау — 4,912,600 теңге. Фотографқа қол сыйлау – протез салуға көмек — 591,386 теңге.

 Стартап ашқан жас, энтузиаст команданың супер идеясын орындауға мүмкіндік беретін керемет краудфандингтік сайттар бар. Халықтың назарын аудармаған идея, жетілдірілмегенін немесе пайдасыз екенін көрсетеді. Егер мүлдем шықпай жатқан жағдайда, шығын қатты батпайсыз. Жастарға арналған сайт деп айтса артық болмас.