Волейбол ойынының тарихы мен ережесі

Волейбол спорты туралы

Волейбол тарихы

Волейбол спорты 1895 жылы АҚШ-та пайда болды. Бұл ойынның негізін қалаушы пастор Уильям Морган болды. Ағылшын тілінен «ұшатын доп» («volley» — «әуеде қағу» және «ball» — доп) дегенді білдіреді.

Волейбол тарихындағы келесі маңызды оқиға 1922 жылы бүкілхалықтық турнирдін болуы. Ол турнир Бруклин қаласында YMCA чемпионаты жиырма үш (23) ерлер командаларының қатысуымен өтті. Сол жылы  Чехословакияда алғашқы  федерациясы құрылды. Бұл ұйым волейболдан әлемдегі алғашқы спорттық ұйым.

1925 жылдан бастап КСРО, Болгария, Жапония және АҚШ мемлкеттерінде осы спорттан федерациялар пайда болды. Сонымен қатар, базалық әдістер пайда болады. Мысалы, алдап соғу,қорғаныс, шабуыл және блок. Ойнаудың осы әдістерінің негізінде команда әрекеттерінің тактикасы жасалады. 1930-шы жылдары сақтандыру және топтық бірлік қолданыла бастады.

Уильям Морган Волейболды құраушы
https://ru.wikipedia.org

1936 жылы Стокгольмде өткен Халықаралық гандбол федерациясының съезінде Польша өкілдері  волейболдың техникалық комитетін құру туралы ұсыныс жасады. Еуропаның 13 елі, Америкадан 5 мемлекет және Азиядан 4 ел қосылды. Негізгі американдық ережелердің комиссиондық ережелері шағын өзгерістермен бекітілді.Олар  метрикалық пропорциялар және ойыншыға допқа қайтадан қол тигізуге тыйым салынды. Әйелдер үшін тордың биіктігін 224 см қылып орнатты.

Ойынның түрлері

1947 жылы Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) құрылды.  Еуропалық және әлем чемпионаттары басталды. Еуропа чемпиондары кубогы ойнады. 1964 жылы волейбол Олимпиада ойындарына енгізілді. Қазіргі уақытта 110-нан астам ел FIVB-ке мүше болып табылады.

Волейбол — командалық спорт. Онда екі команданың бәсекелесуі мен тормен бөлінуі спорттың ерекшелігі болып келеді.Сонымен бірге допты қарсыластың алаңына жіберу тырысады. Оның түрлері: 1) Жағажай  2) Мини 3) Пионер 4) Парк волейболы.

Волейбол ойыны
https://online-bookmakers.com

Волейбол ережесі

1897 жылы АҚШ-та алғашқы волейбол ережесі пайда болды. Алаң өлшемі 7,6 х 15,1 м, тор биіктігі 198 см, доп салмағы 340 г және диаметрі 63,5-68,5 см болу керек.Басында  алаңдағы ойыншылар саны мен допқа тиген тимегенді санаған жоқ.  Ойында ұпай саны 21 болды. Бұл спорт дами келе оның техникасы, ережелері мен тактикасы дамыды. ( даму кезеңі 1915-1925 жж.) 

1917 жылдан бір партия 15 ұпаймен тоқтап, тор биіктігі 243 см болатын болды. 1918 жылы ойыншылардың нақты саны  алтау болды. 1922 жылдан бастап, бір команда ойыншылары 3 рет қана тигізуге рұқсат берілді. 1925 жылы  қазіргі заманауи талаптар орнатылады. Бұл ережелер Африкада, Америкада және Еуропада қолданылған. Ал Азияда 1960 жылдарға дейін басқа ережелермен ойнаған. Олар  командада тоғыз немесе он екі ойыншы болуы және алаң өлшемі 11×22 метрден аспауы. Матч кезінде ойыншылар арасында позициялар өзгерген жоқ.