Финляндия елінің салт-дәстүрлері мен ырымдары

Финляндия елінің салт-дәстүрі

Финляндия — бұл нақты және ерекше дәстүрлерге ие мемлекет. Финндық әдет-ғұрыптар міндетті түрде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.Бір қарағанда дәстүрлері консервативті болып көрінеді. Дегенмен, бұл финдік дәстүрлердің өзіндік ерекшелігі бар.Осы мақалада соларды қарастырамыз.

Финляндия елінің сөйлеу мәдениеті

Бұл халықтың тыныш сөйлеуі мен сабырлығы туралы аңыздар бар. Ақырын және  тыныш сөйлеу бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүрлердің бірі.Себебі бұрынғы уақытта ақырын сөйлеу аристократиялық, ақсүйектіліктің белгісі болатын.Ал қатты шулы, темпераменті адам болса оған финндықтар басқа көзқараспен қарайды.Қоғамдық жерлерде қатты дауыстап, мобильді телефонмен сөйлескенді дөрекі ретінде санайды.

Қонақжайлығы

Финндықтар кез келген маңызды емес жағдайларда қонаққа бармайды.Тіпті достар мен туыстарына бару үшін өте маңызды оқиға болуы керек.Ол кездесуге үй иесі және  қонақтар  екі апта бойы дайындалып жатады.Финндықтар үшін қонақ кезіндегі  барлық нәрселерді егжей-тегжейлі ойластыру керек.Мысалы, кешкі ас ,қызықты ойындар, үстел және сыйлық сияқты.

Сыйлық берудің өзіндік ерекшелігі бар.Финндықтар  импортталған заттарды көп сыйламайды.Олар өздерінің жергілікті өндірушілердің тауарларын сыйлағанды дұрыс көреді.Олар әлемдегі ең жақсы тауарлар Финляндиядан шығады деп ойлайды.Сондықтан кейбір танымал шетелдік кутюрьелердің ең қымбат және айрықша сыйлығы  оларды қызықтырмайды. 

Финляндия салт-дәстүрлері мен отбасы
https://www.vipgeo.ru

Тәртіп

Финндықтар өте ұқыпты халық.Бұл ұлттың нақтылығы (пунктуальность)  — әл-ауқаттың кепілі.Кездесуге алдын-ала немесе  кешікпей келуге тырысады.Бұл тәртіп халықтың арасында әдеттегідей болып кетті.Финндықтар көп кешігетін адамдармен  басқаша қарым-қатынаста болады.

Жануарларға деген сүйіспеншілік

Финндықтар жануарларды жақсы көреді.Әсіресе иттерді қатты құрметтейді.Өйткені ата-бабалары аңшылықпен айналысқанда әрдайым иттерді алып жүретін. Содан бері иттерді жақсы көреді. Финндық тұрғындардың әрбір бесінші отбасында ит асырайды екен.

Финляндияда қаңғыбас иттер жоқ. Жануарларға арналған баспана қызметі мұнда жақсы жұмыс істейді. XIX ғасырда құрылған жануарларды өсіруге арналған клубтар Финляндияда белсенді жұмыс істейді. Иттерге арналған серуендеу үшін арнайы ойын алаңдары салынуда, олардың күтіміне және тағамдарына арналған өнімдер сататын көптеген мамандандырылған дүкендер бар. Финляндияның жануарларды қорғау қоғамы иттердің жай-күйін, олардың тамақтануын және денсаулығына мұқият қадағалайды.

http://e-finland.ru

Балық аулау және Сауна

Финляндия елін көбінесе осы екі дәстүрлер бойынша көп біледі. Себебі алғашқы саунаны финндықтар ойлап тапқан.Финндықтар үшін балық аулау дәстүрлі спортқа айналып кетті.   Финляндияда қазір екі миллионға жуық сауна бар.Оның ішінде жеке және жалпы пайдалану үшін. Ескі финн дәстүріне сай, мұндай сауналар ағаштан жасалған. Ал  конструкциялары монолитті тастан құрылған болуы керек.

 Финляндия елінің мақалы бойынша: «алдымен сауна, содан кейін үй салу керек». Ең қызығы, ауылдық жерлерде олар ұзақ уақыт жұмыс істейді. Бұрынғы кезде Финндық отбасы сол  саунада тұрған және тамақ істеген екен. Сондықтан сауна өте маңызды заттардың бірі болып табылады. Саунаны басқа елдерге тарау арқылы Финляндия мәдениеті әлемдік мәдениетке елеулі әсер етеді. Финляндияда автомобильдерден гөрі сауналар көп. Олар барлық жерлерде — жеке үйлерде, мектептерде, университеттерде, аэродромдарда салынған. 

Финляндия балық аулау дәстүрі
http://e-finland.ru

 Жыл сайын Финляндияда бес санаттағы ең үлкен балық үшін жарыстар өткізіледі. Олар окунь, көксерке, шортан, ақбөкен және форель сияқты балықтар арасында жүреді. Бірақ балық аулау үшін арнайы лицензия алу керек. Оны кез келген полициялық учаскелерде арнайы тесттен өткеннен кейін береді. 

Финляндия елінде барлығы спортпен айналысады

Финндықтар  спортқа өте қызығушылық танытады. Бала кезінен көбісі спортпен айналысады. Елде спорттың дамуына бюджеттен 70% жуық қаражат бөлінеді. Мұнда спорттық-сауықтыру жұмыстары белсенді түрде дамып келеді.

Дене тәрбиесі кез-келген дәрежеде, барлық финндарда, кішкентайдан бастап қарттарға дейін қолданылады. Финдық қалалардың көшелерінде сіз кез-келген ауа-райында спорттық жаттығуларды  көре аласыз.

Финдер әсіресе шаңғымен сырғанауды жақсы көреді. Елде шаңғымен барлығы айналысады деп айтуға болады.Соған арнайы шаңғы  беткейлерінің барлық жерлерде орналасқан. 

http://e-finland.ru

Лапландия

 Лапландия Филяндиядағы өте  ғажап және  керемет жерлердің бірі. Мұнда туристтер қысқы полярлық түнді әр түрлі табиғат құбылыстарын көруге болады. Қалалар бірнеше шақырым қашықтықта бір-бірнен орналасқан. Шаңғы курорттарында — жабайы жануарлар емін еркін жүреді.

Санта-Клаустың шын мәнінде Лапландиядан шыққан екен. Егер сіз онымен жеке кездескіңіз келсе Лапландиядағы ресми резиденциясына Рованиемиге келіңіз.