Біріккен Араб Әмірлігі елінің салт-дәстүрі

Біріккен Араб Әмірлігі елінің салт-дәстүрі

Біріккен Араб Әмірлігі отбасы жағдайы

Біріккен Араб Әмірлігі басқа көшпенді халықтар сияқты, арабтар ғасырлар бойы тайпа болып өмір сүрді. Ата-бабалары тайпа,руға бөлініп отбасы құрған. Отбасы әрқашан жергілікті қоғам үшін басты нәрсе болатын.

Қазіргі БАӘ еліндегі отбасылар  Ислам Шариғатты бойынша өмір сүріп келеді. Мысалы, отбасының ең үлкеніне мойынсұну немесе бауырластың қайтыс болған жағдайда оның жесіріне үйлену міндеттемесі сияқты т.б. Ол елде отбасылық байланыстар әлі де күшті және араб өмірінде үлкен рөл атқарады.

Біріккен Араб Әмірлігі еліндегі отбасы жағдайы
Journeying.ru

Біріккен Араб Әмірлігі еліндегі Дресс-код

БАӘ елінде  дресс-кодты сақтаған жөн. Ерлерге қаланың көшелерінде ашық киімдерді (шорты,майка) киюге болмайды. Ал әйелдерге  ашық киімдер,мини-юбка немесе  арқа немесе іші ашық көйлектерді киюге болмайды.  Егерде адам дресс-кодпен киінбесе оған ескерту жасалынады.

2 ауызша ескертуден кейін  100 доллар көлемінде айыппұл төленуі мүмкін. Мешіттерге келетін болсақ, бұл жерде мемлекет тарапынан жеке киімдері беріледі. Абайи — әйелдерге арналған ұзын көйлек,а л ерлерге арнайы ұзын көйлектер береді. Дегенмен,  Дубайда туристтерге түсіністікпен қарайды.

Жағажайда «топлесс «(киімсіз жалаңаш түрінде) түрінде демалуға болмайды. Қарапайым жағажайлық киім киюге рұқсат.

Біріккен Араб Әмірлігі еліндегі дресс-код
https://wiki-turizm.ru/

Қоғамдық романтикаға тыйым салынған

Біріккен Араб Әмірлігі елінде көшеде сүйісуге және  көп адам толы жерлерде құшақтасуға және романтикалық сезімдерді білдіруге болмайды.  Мұндай әрекеттер үшін жазалаулар қарастырылған. Мысалы 10 күн бойы тазалық жүргізу сияқты т.б. Осы ережелер тек түнгі клубтармен (клубтарда, дискотекаларда) және қонақ үйлерде орындалмайды.

Қоғамдық көліктер әр түрлі бөлімдерге бөлінген. Ер адамдарға әйелдер мен балалар бар бөлімге отыруға болмайды. Сол сияқты әйелдер мен балаларға ер адамдар орындарына отыруға болмайды.

Біріккен Араб Әмірлігі романтикаға тыйым салынған
https://wiki-turizm.ru/

"Құрғақ заң"

Өздеріңіз білетіндей, мұсылман елдерінде ішімдікті ішпейді. Туристерге ескерту :БАӘ-ге ұшатын ұшақ бортында ішімдік ішпеген дұрыс. Әйтпесе, БАӘ еліне жетпей депортация жасайды.

Елге 1 литрлік спиртті және 2 литр шарапты импорттауға, оларды қоғамдық көлікте тасымалдауға немесе қоғамдық орындарда ашық түрде тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар, түрлі эмираттарда алкогольді тұтынудың заңдары өзгеше болып келеді. Мәселен, Шардже мүлдем алкоголь сатылмаса және қатаң жазаға тартылған болса, Дубайда алкогольді қонақ үй немесе мейрамханаларда алуға болады.

Біріккен Араб Әмірлігі еліндегі құрғақ заң
https://wiki-turizm.ru

Қонақжайлылық

Сәлемдесу кезінде арабтар қол берісіп амандасады. Қоштасу кезінде де рәсімді қайталау керек. Достар және жақын адамдармен екі қол беріп амандасқан дұрыс. Бұл ережелер негізінен ер адамдарға қатысты. Араб әйелдері  өздері қол алысып амандасуға болмайды.

Қандай қонаққа қарамастан, БАӘ-де кем дегенде сусындармен (шай, кофе, алкогольсіз салқындатылған аперитивтер) қонақтарды күту дәстүрі бар. Дәстүр бойынша тамақтан бас тартуға болмайды. Әйтпесе үй иесін құрметтемеу деп саналады. 

Үй ішіне кіргенде аяқ-киімді шешкен дұрыс. Және отырған кезде аяқтын ұшын үй иелеріне бағытамау керек. Себебі бұл жест тұрғындар үшін қорлық деп саналады. Арабтар тағамды тек оң қолымен ғана алады.

Біріккен Араб Әмірлігі еліндегі қонақжайлылық
https://wiki-turizm.ru/

Фотоға түсіру туралы

БАӘ-де араб әйелдерін суретке түсіруге рұқсат берілмейді. Қоғамдық ғимараттар мен үкіметтік мекемелерге де тыйым салынады. Бұл әрекеттер тыңшылықпен теңестіріледі. Мешіттерді, сондай-ақ намаз оқитын адамдарды суретке түсіруге болмайды.

Кейбір жағажайларда фотоға түсуге болады. Егер тыйым салынатын белгі тұрса онда ол жерді түсірмеген жөн. 

Біріккен Араб Әмірлігі заңдары
https://wiki-turizm.ru

Тәртіп

Біріккен Араб Әмірлігі елінде көшелерінде және қоғамдық орындарында телефонда дауыстап сөйлесуге болмайды.Сонымен қатар басқа бұзушылықтарды жасамау керек. Әйтпесе  1 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.