Болашақтағы медицина мамандықтары

болашақтағы медицина мамандығы

Адам  өмірі,  адам денсаулығы қашан да маңызды болғандықтан, медицинаның біздің өмірімізде алар орны да ерекше. Күн өткен сайын, медицина саласының маңызы артып келеді. Соңғы жылдары адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы да өскені байқалады. Дүниеге келгеннен бастап, өмір бойы осы медицина қызметкерлерінің бақылауында болатынымыз анық.  ДНҚ зерттеулері медицинада жаңа бір дәуірге жол ашты, енді дәрігерлер жекелеген мүшелер мен тіндердегі  ауру түрін анықтау мен емдеуден жаңа сатыға — адам денсаулығымен жүйелі жұмыс жасауға көшті. 

Гендік анализ тапсыру да қазір қолжетімді болып отыр. Алдағы уақытта  емделуші өзінің жеке генетикалық коды сақталған «табиғи амбулаториялық картасын» көрсете алады.  Бұл, біріншіден, қандай да бір арудың алдын алуға, мүмкін болған жағдайда ауруды алғашқы кезеңінде-ақ тоқтатуға көмектеседі. Екіншіден, жаппай емдеу әдістері емделушінің геномына негізделген жеке терапияларға алмастырылады. Бұдан басқа дәрі-дәрмек жұмысын дамыту мен трансплантацияланған ағзалардың  құрылуына көмектесетін биотехнология да дамып келе жатыр.  Медицинаның дамуына робототехника да өз үлесін қосуда, мысалы, автоматты құрылғылар  дәлдігі жағынан қарапайым хирургтардан асып түседі. Мұқият ойластырылған киберпротездер физикалық кемшіліктердің орнын толтырып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктер беріп жатыр. Болашақтың дамыған медицинасы әр аурудың нақты диагнозын ғана емес, болашақ ұрпақтың да денсаулық жағдайын алдын-ала анықтайтын болады.

IT-медик

Ақпараттық технологияларды жақсы меңгерен адамның  физиологиялық деректерді құруға, оны басқаруға және медициналық-диагностикалық жабдықтарды бағдарамалық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ауқымды деректер төңкерісі болып жатқан қазіргі медицинада зерттеушілер керек ақпаратты тез жинап,  әрі тез талдай алады. Ендеше медициналық деректермен жұмыс жасай білетін адамның жерде қалмасы анық.

IT-медик
medportal.ru/

Медициналық жабдық архитекторы

Инженерлік және компьютерлік графика, материалтану, сопромат, машина бөлшектері, электротехника саласындағы маман адам анатомиясы мен физиологиясын түсініп , материалдар мен құрылғылардың биологиялық үйлесімділігін ажырата алған жағдайда медицина мен техникалық қауіпсіздік саласындағы сарапшы маман бола алады.

Биоэтик

Биоэтик — трансплантология мен генетикалық модельдеу жұмыстарын жүргізіп, медициналық, диагностикалық, биоинженерлік орталықтардың нормативтік-құқықтық, этикалық әрекетін қамтамасыз ететін маман. Егер аурудың жағдайы асқынып, ағзаларды клондау мен эмбрион гендерінің ауыр дәрежесіне  дейін жеткенде, бірде-бір іс биоэтиктің кеңесінсіз жүргізілмейді. Американдық Йель университетінің медицина факультетіне биоэтика бағдарламасы енгізіліп жатқаны кездейсоқтық емес.

Биоэтик мамандығы
https://mbradio.ru/

Генетикалық кеңесші

Генетикалық кеңесші диагностикалық орталықтарда бастапқы және жоспарлы түрдегі генетикалық талдау жүргізеді. Талдау нәтижелеріне қарап, емнің қай түрін қолдану керектігінен кеңес береді. Генетикалық талдаулардың көмегімен онкологиялық, тұқым қуалайтын ауруларды, емделушінің зат алмасу процесіндегі түрлі ерекшеліктерді, аурудың вирустық не бактериялық жолмен жұққандығын анықтауға болады. Генетикалық тексерістен өткізуде «23andMe» америкалық компаниясы әлем бойынша ең сапалы қызметтер ұсынып отыр. Ресейлік «Геноаналитика», «Гень здоровья семьи» компанияларында да гендік талдау жұмыстары жүргізіледі, бірақ әзірге бағасы шарықтап тұр.

генетикалық кеңесші
dreamstime.ru/

Желілік дәрігер

Желілік дәрігер –ақпараттық  және коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, онлайн түрде диагноз қоя алатын жоғары деңгейлі диагнозшы. Негізгі мақсаты – ауруды алдын-ала тексеру және қауіпті болдырмау. Мұндай дәрігерлер қашықтықтан диспансерлеу жұмыстары және диагностикалық құрылғылар мен медициналық порталдардың  мәліметтерін өңдеу орталықтарында қызмет ете алады. Қазірдің өзінде онлайн медициналық қызметтер бар, ал болашақтағы гаджеттердің өзі-ақ науқас туралы мәліметтерді дәрігерге жібереді. Алдағы уақытта қашықтықтан диагноз қойып, ем жүргізу сенімді қызмет түріне айналмақ.

Салауатты қартаю кеңесшісі

Жасы ұлғайған азаматтардың денсаулығына қатысты мәселелерді реттеумен айналысатын әлеуметтік саладағы дәрігерлер бар. Мұндай мамандар сіздің өмір сүру салтыңыздағы дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану сияқты маңызды әрекеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Зейнетке шыққан адамдар дәрігерлердің көмегін көп қажет етеді. Ал өмір сүру ұзақтығының жыл сайын арта түсуі денсаулық сақтау институттарына үлкен жүк артып отыр. Мемлекет үшін де қарт адамдардың дұрыс тамақтануы, дұрыс өмір салтын қалыптастыруы, ауру-сырқаудан аман болуы өте маңызды. 

Дербес медицина сарапшысы

Дербес медицина сарапшысы –емделушінің  генетикалық картасын талдау,  оған қажетті шараларды (диагноз қою, аурудың алдын алып емдеу), медициналық  сақтандыру өнімдерін ұсынатын маман. Емдеу ісі әр адамның денсаулық жағдайына қарай  жеке тәсілдермен жүргізіледі.  Генетикалық талдаудың кеңейтілген мүмкіндігі ауруды емдеуден бұрын  оның алдын алуға көп септігін тигізеді. Науқастан қандай да бір қауіпті белгілер байқалған жағдайда жеке сақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

дербес медицина сарапшысы
skolko-poluchaet.ru/

Медициналық мекемелердің жұмысын жасаушы

Медициналық мекемелердің жобасын жасаушы — медициналық мекемелерді жобалау ісінен бастап, күнделікті тіршілігін бастан-аяқ бақылап, ұйымдастырып, басқарып отыратын маман. Бүгінгі ауруханалар қызметіне зер салып қарасақ, тек қана емдеу ісімен шектеліп қалмағанын байқаймыз.  Медицина мекемелерінде R&D, білім беру және оқыту, жаңа технологияларды меңгеру сияқты әрекеттер маңызды рөл ойнайды. Осы әрекеттерді ұйымдастырып, басқару үшін арнайы мамандар керек болады.

Тін инженері

Бұл – белгілі  бір тінді, мүшені қалыптастыру үшін керекті технологияларды өңдеп, материалдарды таңдайтын маман. Трансплантолог-хирургтар осы маманның жұмысына жүгінеді.

Киберпротездер және импланттар жасаушы

Табиғи тіндермен үйлесетін функционалды жасанды құрылғылар (киберпротездер) мен мүшелерді жасайды.  Бұл саланың өте қарқынды дамып жатқанына бірнеше дәлелдер бар. Мысалы, сал ауруына шалдыққандарға арналған электрлі стимулятор қондырымдар (имплантат) жасалуы. Жақында жасанды көз секілді қызмет атқаратын биоимплантаттар шығарылды. Аяқ-қол протездері  күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Ендігі уақытта протездерді орналастыру мақсатында ота жасау үшін, хирург, лор, офтальмолог дәрігерлер қайтадан маманданатын болады. 

Киберпротездер мен импланттар жасаушы
kazan.kp.ru/

IT-генетик

ІТ-генетик – берілген  параметрлер бойынша геномды бағдарламау жұмысымен айналысатын маман. Гендік терапия – аурумен күресу мақсатында емделушінің гендік аппаратына өзгерістер енгізу. Гендік терапия — соңғы онжылдықта жылдам дамып жатқан медицина саласы. Бұл әдіс әзірге жануарларға сынама түрінде жүргізіліп жатыр, десе де адамдар арасында да сәтті шыққан гендік терапия жағдайлары кездесті. 2014 жылы Ұлыбританияда хородеремиямен (соқырлыққа алып келетін, бүгінге дейін емі табылмаған тұқым қуалайтын ауру) ауыратын 6 науқасқа гендік терапия қолданылып, көру қабілеттерінің біршама жақсарғаны анықталды. Алғашқы қадам сәтті өткенімен, келесі қадамдардың қалай болары белгісіз. Келесі қадам – гендік модификация жасау. Әзірге маймылдарға тәжірибе жүргізіліп жатыр. 

Молекулалық биолог

Молекулалық биолог генетикалық талдаулар мен физиологиялық процестерді ескере отырып, соған сай  тағамның молекулалық құрамын анықтайды. Анықталған құрам бойынша жеке тамақтану  үлгісін жасайды.

Медициналық роботтар операторы

Диагностикалық, емдік, хирургиялық мақсаттағы роботтарды бағдарламалау жұмысымен айналысатын маман.  Роботтандырылған хирургия 1980 жылдары дами бастады. Ең танымал робот-хирург  Da-Vinchi  әлемнің барлық елдерінде қолданылады. Бұл робот-хирург қос жармалы қақпақшаны өзгертуден бастап, омыртқаға жасалатын операцияларға дейін жасауға мүмкіндік береді.  2013 жылғы деректер бойынша, әлемде 2000-ға жуық осындай хирургиялық жүйелер қолданылады екен.

медициналық роботтар операторы
worldsholarshipforum.com/

Клиникалық биоинформатик

Аурудың стандартты емес жағдайында, ең алдымен, оның пайда болуының түпкі себептерін (жасушалық және жасуша аралық деңгейдегі бұзылыстарды) анықтайды. Анықталған биохимиялық процестердің компьютерлік үлгісін жасайтын  маман клиникалық биоинформатик деп аталады. Батыс елдерінде бұл мамандықтың пайда болғанына бірнеше жыл болды. Науқасты емдеуге жеке тәсілдер қолдану үшін, оған қатысты барлық генетикалық, биологиялық, медициналық деректер жинақталады. Трансляциялық медицина Ресейде де бар, мамандардың болжауынша, бұл салада жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Медициналық маркетолог

Медициналық маркетолог — фармакология, медициналық қызметтер, медициналық жабдықтау саласындағы нарықтық зерттеу маманы. Ол кәсіпорындар мен зерттеу орталықтарының маркетингтік саясатын әзірлейді. Әлемде ертерек пайда болған бұл мамандықтың Ресейге келгеніне көп болған жоқ. 2014 жылдың шілде айындағы HeadHunter порталының мәліметіне сүйенсек, нарықта бұл мамандық түріне тек 6 ұсыныс қана болыпты. Заман талабына сәйкес бұл мамандыққа сұраныс артары анық.

медициналық маркетолог
kursiv.kz

Денсаулық сақтау саласының R&D менеджері

Денсаулық сақтау саласының  R&D менеджері — кооперациялық және бірлескен жобаларды басқаратын, зерттеу, емдік-диагностикалық, профилактикалық мекемелердің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маман.  Ол ғалымдардан, инженерлерден, зерттеушілерден, жобаны әзірлеушілерден топ құрып, оларды коммерциялық және перспективалық идеяларды жүзеге асыруға бағыттайды, топтық жұмыстарды басқарады.