Бельгия халқының салт-дәстүрі мен ырымдары

Бельгия халқының салт-дәстүрі

Бельгия бай тарихы бар дамыған заманауи еуропалық елдердің бірі. Оның дәстүрлері басқа елдерге қарағанда ерекше болып келеді. Жергілікті тұрғындардың дүниетанымы мен мәдениетінде өзіндік өзгешелік бар. Бельгия елі баяғы кездегі  бірнеше мәдениеттермен біріктірілген. Олар бұрыңғы ел солтүстік Фландрия, оңтүстік Валлон және басқалар.Олардың әрқайсысы бельгия елінің мәдениетіне өзінің ізін қалдырды.

Бельгия халқы кеңістікті жақсы көреді

Бельгия елінде көп үйлер ұзартылып салынады. Онымен қоса үйлер ерекше түстермен боялған. (Мысалы қызғылт, сары, сүтті.). Көбінесе түстерді шатырдың төбесіне немесе  белгілі бір символдарды іліп қояды.(Әтеш Флюгері сияқты). Үй ішіне келгенде минимализм стилін ұстанады. Ол дегеніміз үйде бос кеңістікті көп қалдыру керек емес заттарды үйден босату. Мүмкіндігінше кішкентай жиһаздарды қолданғанды жөн көреді. 

Бельгия халқының салт-дәстүрі
https://www.world-card.ru/

Қонақжайлылығы

Бельгиялықтар қонаққа өте сирек барады. Себебі көбісі бір-бірін үйлеріне көп шақырмайды. Дегенмен, егерде қонаққа шақырса шұғыл шаруамен немесе өте маңызды мәселе болса ғана шақырады. Бірақ қонақ үйде ұзақ уақытқа қалмау керек. 

Бельгиядағы адамдар көбінесе бір-бірін мейрамханаға шақырады. Сол жерде барлық мәселелер туралы емін-еркін сөйлеседі. Тағы бір ерекшелік ол бельгиялықтар бір-бірімен әр көрген сайын сәлемдеседі. Тіпті 5 минут көрген болса да амандасады. Бельгиялықтардың ойынша бір-біріне бей-жай қарамайтындарын көрсетеді.

Сыра

Ерлер де, әйелдер де дәстүрлі түрде сыраны көп ішеді. Мұнда сыраның 600-ден астам түрлі сорттары бар.

Бельгия мерекелері

Мұнда мереке адамдар үшін ғана емес, жануарлар үшін де өтеді. Иттер, мысықтар мен хомяктар жарқын жібек ленталармен  безендірілген. Туыстары мен достары бір-бірін мереке кезінде  құттықтайды. Сыйлықтар беріп, «талғамды» дәмді тағамдардв әзірлейді.

Мерекелік үйде арнайы киіммен тоқылған гүлдер мен бельгиялық шнурлар безендірілген. Интерьерде Богатырь Мария, Сент-Джозеф пен шопандардың мүсіндері орналастырылған. Көптеген отбасыларда Рождестволық фигуралар отбасылық қазына ретінде саналады. Оны ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады.Қыстың басынан бастап көшелерде әрдайым шулы және көңілді. XVI ғасырда белгіленген бельгиялық дәстүрлерге сәйкес, осы жерде Рождество шоулары барлық жерде ойнайды. Өнерпаздар керемет көне костюмдерде өнер көрсетеді. Сатушылар хош иісті құйылған шарапты, вафлиді және қуырылған шұжық өнімдерін сатады.

http://www.hoteldiscount.ru

Шоколад атасы

Бельгияны көбісі элиталық және жоғары сапалы нәрсе шығарудан біледі. Оның ішінде  әлемдегі өте дәмді сапалы шоколадты айтуға болады.

Бельгиялық шоколад дәмінін стандарты деп атауға болады. Әрине, әлемдегі көптеген елдер ең жақсы сапалы шоколады шығарады. Бірақ, бельгиялық шоколадтты барлығы  «патшалық дәм» деп санайды. Бельгиядағы шоколад бүкіл ел бойынша құмарлықты тудырады. Бельгияда шоколад түрінің керемет санын сататын кондитерлік өнімдер дерлік кез-келген жерде кездеседі. Қолмен жасалған шоколадтты сататын көптеген бутиктер бар.

Бельгия халқының салт-дәстүрі
world-card.ru

Тойға байланысты дәстүрлер

Соңғы жылдары көптеген бельгиялықтар ежелгі қамауларда (замок) мен поместьелерде үйлену тойларын өткізуді жақсы көреді. Үйлену тойында жас жігіт пен қалыңдық ерекше рөл алады.

Бельгиядағы қызықты үйлену дәстүрі үйлену тойында айрықша орын алатын шарфпен байланысты. Қалыңдықтың аты шарфқа жазылып, үйлену тойынан кейін жас жұбайлар шарфын үйіне алып барады. Көп ұзамай бұл орамал үйленіп жатқан отбасының туысқандарына беріледі. Сондықтан бұл шарф  ұрпақтан ұрпаққа беріледі.Солай орамалдың өзі отбасылық құндылық болып саналады.

Үйлену тойы  шіркеуде болса, шыққанан кейін кедейлерге қайырымдылықты беру міндетті болып саналады. Мұндай үйлену дәстүрі жас отбасыға сәттілік пен  байлыққа әкеледі дейді.

Үйлену тойында ерекше артықшылықтар жоқ. Өйткені бельгиялықтар өте үнемді. Үйлену алдында жастар салтанатты рәсімге шақырылғандарға алдын ала сыйлықтар тізімін жасайды. Үйлену тойы қаланың сыртында орналасса, қонақтардың  қонақ үйі үшін төлейді.

Бельгия халқының үйлену тойы дәстүрі
http://www.marieclaire.ru

Қызықты дәстүр

Айтпақшы, бельгиялықтар бірінші  қаңтар күнін қалай өткізсен жылдың басқа күндіері солай болады деген ырым бар.  Сондықтан сол күні олар ешқашандай қарызға  ақша алмайды. Және  жаңа нәрсені міндетті түрде  сатып алу керек.

Бельгияда және басқа мерекелерде ерекше дәстүрлер бар. Мысалы, «Кattefeest» мерекесінде  шатырдан ойыншық мысықтарды тастайды.(1817 жылға дейін тірі мысықтарды тастаған).