Шолпан — Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар

Шолпан Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар

Шолпан туралы жалпы мәлімет

Шолпан бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын. Өйткені ол бұлтқа оралған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең,ал оның радиусы R=6050 км немесе Жердің 0,950 радиусындай. Ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.

Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3 градусқа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналасына қарсы) P=243.0 тәулік периодта айналады. Сондықтан жердегіші көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғаны. Күн батыстан шығып, шығысқа батқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады. 

Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын T= 225 және оның жұлдыздық тәулігін P=-243 білуге болады. Синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S=117 тәулікті табу оңай. Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусымның 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М.В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталды.

Шолпан мен Жер ғаламшары
https://militaryarms.ru

Шолпан ғаламшарының зерттеу тарихы

Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді. Орағы әдеттен тыс ұзын келеді. Кейде тіпті  екі ұшы жалғасып та кетеді. Ымырттық доға делінетін бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.

1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан — 4» «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі бағдарламалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпанның жанынан ұшып өткен «Вега — 1» және «Вега — 2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарыын тастады.

Зерттеу нәтижесінде Шолпан атмосферасының 96 %-ке жуығы көмірқышқыл газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002 %-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны анықталды. Ғаламшар үстіндегі тығыздық Жер атмосферасының төменгі қабаттарындағы тығыздықтаан 60 есеге дерлік асып түседі. Ал атмосфералық қысым 95 *10^6 Па жетеді.

Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарда көктеме эффектісін тудырады. Мұның себебі Күн сәулелері атмосферадан өтеді. Және Шолпан ның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір қыздырады. Ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке мейлінше баяу тарайды. Өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік жібермейді. Осының салдарынан Шолпанның беті мен атмосфераның төменгі қабаттары 465-480 C -ға дейін қызады.

Ғаламшар бетінен 30 км шамасындағы биіктікте 90 км-ге жететін бұлтты қабат бар. Ол үш ярустан тұрады. Бірақ 50-ден 70 км-ге дейінгі биіктіктегі неғұрлым тығыз ярус жеңіл тұманды еске түсіреді. Бұлтты қабаттың 1974 жылы «Маринер — 10» станциясымен 726 000 км қашықтықтан түсірілген суреттерде жақсы білінетін аймақтың құрылымы бар. Бұлт күкірт және тұз қышқылының аса майда тамшыларынан тұрады. Оларда хлор мен күкірттің қоспасы бар.

https://militaryarms.ru

Ғаламшар географиясы

Шолан бетінің бедері Жерден тікелей радиолокациямен де, ғаламшардың жасанды серіктерімен де зерттелуде. Осы зерттеулердің негізінде Шолпан бетінің картасы жасалады. Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екені анықталады. Бірақ онда да ойпаттар, жазықтармен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазаншұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар.

Таулы аудандар ғаламшардың 10 %-ке жуығын алып жатыр. Неғұрлым ірілері Иштар жері, Афродита Жері деп аталған. Иштар Жері ауданы жағынан Австралиядай және ол тау қыраттарымен қоршалған. Биіктігі шамамен 2 км үстірт болып табылады. Ең биік Максвелл тау массивті 8 км-ге көтеріледі. Ал оның шыңдарының бірі 4 км-ге жетеді. Афродитаның жері де үстірт, оның ауданы Африканың ауданына жақын.

Ойпат Шолпан бетінің 27%-ін алып жатыр. Неғұрлым ірілерінің бірі Атлантида деп аталады. Оның диаметрі 2500 км шамасында, ал тереңдігі 2 км-ге жуық. Ол үлкен Ай теңізіне өте ұқсайды. Ғаламшардың қалған бөлігі — биіктігі 2 км-ге жететін көптеген шағын таулар мен тау тізбелері бар.

Тауларының ішінде жанартаудан, сондай-ақ соққыдан пайда болған көптеген сақина қазаншұңқырлар бар. Үлкен қазаншұңқырларының диаметрі 30-дан 160 км-ге дейін, ал тереңдіктері — 500 м-ден аспайды. Ғаламшардың экваторына жақын оның қыртысынан ұзындығы 1400 км,ал ені 150 км дерлік және тереңдігі 2 км-ге дейін алапат жыра болып табылды.

Шолпан су бассейні де магнит өрісі де жоқ. Ғаламшардың қойнауында диаметрі 5800 км-ге жуық тығыз темірлі ядросы бар деп болжануда. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ.

Шолпан ғаламшар құрылысы
https://natalyanesterenko.com

Қызықты деректер

Шолпан атмосферасында үнемі жел соғып тұрады. Ғаламшардың бетінде ол мардымсыз, шамамен секундына 0,5-тен 1,0 м-ге дейін жетеді. Бірақ биіктеген сайын ол күшейе береді. «Вега- 1» және «Вега — 2» аэрошарларының мәліметтері бойынша 50 км биіктікте жел өзінің шегіне жетіп, секундына 100 м/с болады.

Шолпан атмосферасы бұлт жамылғысымен бірге күн сәулесінің 76 %-і  шығылыстырғанымен онан өткен сәулелерді кәдімгідей әлсіретеді. Ғаламшардың күндізгі жарты шарының жарығы кәдімгідей ғаламшараралық  станциялардың тікелей өлшеуі бойынша Жердегі бұлтты күндегідей. Бұл «Шолпан — 91» — «Шолпан — 14» автоматты станцияларының құлдилау блоктары қонған аудандағы ғаламшар бетінің тамаша суреттерімен де тұжырымдалды. «Шолпан — 13», «Шолпан- 14», «Вега — 1» және «Вега — 2» автоматты станциялары, қонған жердің топырағына химиялық талдау жасады. Топырағы Жер жыныстарымен,оның ішінде базальтты жыныстармен ұқсас болып шықты.