Youtube видеохостингі қалай пайда болды?

Youtube видеохостингі қалай пайда болды?

Youtube сайты басында  танысу сайты ретінде ойластырылған. Бірақ оның ерекшелігі қолданушылар өз видеоларын жүктеуге болатын. Құрастырушылардың идеясы бойынша әр адам өзі туралы видеоны жүктеу керек болатын. Алайда қолданушылар әр түрлі айналасында түсірген видеоларымен сайтты толтыра бастады. Осылай бірте бірте Youtube әлемдегі ең танымал видеохостингке айналды.

Youtube тарихы

Youtube сайтын үш дос Джавед Карим, Чад Херли, Стивен Чен ойлап тапты.Бірде Херли, Чен және Карим Интернет желісіне өзінің  сауық кештегі видеосын жүктегісі келді. Бірақ интернетте видео жүктейтін арнайы сайттар болмады. Достар бірігіп осы мәселені шешпек болады. Бастапқы идея кез келген адам өзінің үйдегі видеосын жүктеуге мүмкіндік беру болды. 2005 жылдың 14 ақпанында  Чад Харли, Стив Чен және Джавед Карим youtube.com домендік атауын тіркеді. Достар интернет байланысы бар әрбір адам өзінің жаңалықтарын әлеммен бөлісе алатын қызметті құра бастады.

Мамыр айында алғашқы бета-тестілеу жарияланды. 2005 жылдың қараша айында сервис ресми түрде  ашылды. Ал 2006 жылдың шілдесінде статистика күніне 65 000 жүктелген бейнелерді және күніне 100 миллион көрулерді көрсетті. Youtube-да қолданылған Flash Video технологиясы берілген деректердің аз көлемімен жақсы жазба сапасын алуға мүмкіндік берді. Жоба көптеген адамдар үшін тез арада танымал болды. MySpace әлеуметтік желісінен біршама асып түсті.«Alexa» талдамалық компаниясының статистикасы бойынша:

 YouTube-ға бейнелерді жүктеудің қарапайымдылығы арқасында, бүкіл әлемде бейнебайланыс кеңінен таралды.

 Ютуб пайдаланушылары бейнелерді қосып, қарап, түсіндіре бастады. Сайтта әуесқойлық фильмдер мен клиптер, сондай-ақ кәсіби фильмдер бар.Керемет танымалдылықты Lazy Sunday шоуынна кейін алған дейді. Онда танымал музыканттар видеоларын Ютубтан жүктеген екен. Содан бері Ютуб әуесқойлық бейне конкурстарын ұйымдастырады. Ол номинациялар  «комедия», «музыка», «шығармашылық бейне» және т.б.

Youtube сайтын құраған адамдар
http://ru.rutube.wikia.com

Алғашқы видео

2005 жылы 23 сәуірде Youtube желісінде алғашқы видео пайда болды. Бұл Екі айдан кейін қызметте бірінші бейне пайда болды. Алғашқы видео Каримнің зоопарктегі 19 секундтық бейнесі болатын.

Youtube және Google

Бастапқыда жоба коммерциялық мақсатта  болмады. Тіпті сайттың трафигі тәулігіне 9 миллион пайдаланушыға жеткенде де, ол пайда әкелмеді. Алайда, келешекте, контекстік жарнама арқылы ақырындап пайда  әкеле бастады. Видео салушы  жарнама арқылы ақша табу мүмкіндігіне ие болды. Әртүрлі бағалаулар бойынша бұл сома әрбір 1000 көрсетілім үшін 20 доллардан келеді.

Бүгінде  Джавед Карим, Стив Чен және Чад Херлидің қызметі туралы ешқандай хабар жоқ.  2010 жылдың қазан айында Чад отставкаға кетті және қажет болған жағдайда ресурсты әрі қарай дамыту жөнінде кеңес беруге уәде берді. Ол өзі ерлелерге арналған арнайы киім желісін құруды жоспарлайды. Сонымен қатар, Стив Ченмен бірге, Avos Systems компаниясының негізін қалайды. Бүгінгі таңда компания венчурлік капиталға инвестицияларды тартумен айналысады.

https://www.androidguys.com

2006 жылдың қараша айында Херли Google-ке 1,65 миллиард  доллар көлемінде Youtube-ды сатады.Херли 320 млн доллар және  694,000 акция алды. Ал  Чен 295 млн доллар және 625,000  акцияға ие болды. Үшінші досы тек 64.6 млн доллар көлемінде ақшаны алып Стэнфорд тегі оқуын жалғастырады.

Бүгінгі күні Google жаңа қызметтерді жетілдіру және жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. Атап айтқанда, пайдаланушылар браузерден бейнелерді тікелей өңдей алады.  Желіден тыс режимдегі мобильді құрылғылардағы бейнелерді өзгерте алады. Бұған қоса, Google Play Music қызметіне толық қол жетімділік беріледі. Алайда, осы жобаның сыншылары көп тартты, себебі ол жиі елдердің заңнамасымен тыйым салынған бейнелерді таратады. Әртүрлі уақытта сайтқа кіру Қытай, Түркия, Пәкістан, Дағыстан және т.б. үкіметінде блокталады.