Биполярлы бұзылыс ауруының пайда болу себебі мен салдары

Биполярлы бұзылыс ауруының пайда болу себебі мен салдары

Биполярлы бұзылыс туралы жалпы ақпарат

Биполярлы бұзылыс ( немесе аффективті бұзылыс, маниакальды-депрессиялық психоз) — бұл маниакальды-депрессиялық күйлердің өзгеруінен және араласуынан туындаған және эйфорияның өзгеруімен сипатталатын психикалық бұзылыс. Бұл ауру түрімен ауыратын науқастардың көңіл күйі күн сайын өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар биполярлы бұзылыс симптомдары кез келген уақытта асқынып, күшейе түседі. Егер симптомдар нақты көрініп жатса онда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Әдетте маниакальды-депрессиялық психоз кезінде науқас өзіне тән емес нәрселерді жасайды. Мысалы, ол бір күнде барлық ақшасын басқа бір заттқа жұмсауы, немесе бірнеше күн бойы ұйқысыз өткізуі мүмкін. Егер адам әр түрлі жағымсыз заттарға тәуелді болатын болса, онда құмарлық қаупі көбейеді.  Мұндай жағдайлар адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Биполярлы бұзылыс туралы жалпы ақпарат
Medpulse.Ru

Биполярлы бұзылыс түрлері

Жалпы биполярлы бұзылыс екі типке бөлінеді. I типте ашық депрессиялық күйлер дамып, маниакальды жағдайлары көріне бастайды. ІІ тип бойынша, депрессиялық фазалар басым болады, ал қалпына келу кезеңдері (гипомания) науқасқа қиын соғады. ІІ типтегі аффективті бұзылыс монополярлы депрессияның барысына ұқсайды. Бұл бұзылыс типтер ажырату өте маңызды. Өйткені сол арқылы дұрыс емдеу жолдарын тағайындауға болады. Биполярлық бұзылыстарда антидепрессанттар әрдайым тиімді емес, себебі кейбір уақытта гипоманиялық инверсиялық фазасын тудыруы мүмкін. Фазалар жиі өзгеріп отырады. Сондықтан тиімді терапия үшін дұрыс диагностикалау өте маңызды.

Биполярлы бұзылыстың басқа түрлері де бар. Олар:

1. униполярлы (монополярлық):

-мерзімді мания. Тек маниакальды фазалардың белгілері пайда болады.

-мерзімді депрессия. Тек депрессиялық фазалар өзгереді.ICD-10 және DSM-IV синдромдық классификаторлары бойынша бұл түрді  қайталанатын депрессияға жатқызады.

2. Дұрыс кезекті ағын түрі. «Жарық» (симптом арасындағы уақыт) аралықтары мен маниакальды фазалық депрессияларды ауыстырады.

3. Дұрыс емес кезекті ағыны. «Жарық» аралықтарында нақты кезексіз маникиальды-депрессиялық фазалардың дамуы.

4. Қос формалы түрі.  Екі фазалардың тікелей ауысуы және интерфазалардың дамуы.

5. Континуальды(циркулярлы).

https://postnauka.ru/

Пайда болу себебі

Қазіргі уақытта бұл аурудың пайда болу себептері бойынша зерттеулер жүргізілуде. Кейбір ғалымдардың пікірінше, биполярлы бұзылулар генетикалық берілуі мүмкін дейді. Яғни, науқастың отбасы мүшелері бұл ауру түрімен зардап шеккен болса, онда аурудың генетикалық берілу қаупі жоғары болып табылады.

Ғылыми зерттеулер бойынша ең басты себебі ол стресстік жағдайлар. Әр түрлі стресстік жағдайлар аурудың нақты қозғаушы күші болып табылады. Биполярлы бұзылудың белгілері ғылыми зерттеулер бойынша мидағы нейромедиаторлар балансының бұзылуын пайда болады. (атап айтқанда, норадреналин, серотонин және дофамин).

Емдеу жолдары

Ең алдымен, дәрілік емдеу міндетті болып табылады. Емдеу жолы бірнеше кезеңдерден тұрады. Аурудың алдын алу үшін симптомдардың бастапқы кезіңде дәрігерге қаралу керек. Когнитивті терапия, тұлғааралық терапия және әлеуметтік ритм терапиясы да пайдаланылуы мүмкін. Жақында диалектикалық мінез-құлық терапиясын және эмоционалды реттеу дағдыларын зерттеу жүргізілді.