Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы туралы ақпарат

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы туралы ақпарат

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы ( ағылш. World Wildlife Fund) қоршаған ортаны қорғау, зерттеу және қалпына келтіруге және сақтау жұмыстарымен айналысады . Әлем бойынша ұйымның 100-ден астам мекен орындары бар. Ұйымды қолдаушылары саны 5 миллионнан астам болып табылады. Сонымен қатар 1300-ге жуық әр түрлі ұйымдар қаржылай көмек көрсетеді. Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымының міндетті планетаның табиғи ортасының нашарлауына жол бермеу және адамдар мен табиғат арасындағы үйлесімділікке қол жеткізу. Негізгі мақсаты Жердің биологиялық әртүрлілігін сақтау.

Ұйымның пайда болу тарихы

Ұйымның тарихы 1947 жылы Нью-Йорк қаласында Генри Фэрфилд Осборн құрған Conservation Foundation ұйымынан басталды. «Conservation Foundation» ұйымы капитализмге бағдарланған экологиялық тәжірибені қолдау үшін құрылған. Қорға бірнеше жетекші ғалымдар көмек көрсетті. Олар: Чарлз Элтон, Г.Эвелин Хатчинсон, Альдо Леопольд, Карл Зауэр және Пол Сирс. Ұйымның жұмысынан қатар көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілді. Conservation Foundation ұйымы қолдауымен Рэйчел Карсонның «Тыныштық көктемі» деп аталатын зерттеулері жарыққа шықты.

1963 жылы ұйым арнайы “антропогенді себептер: ғаламдық жылыну” тақырыбына конференция өткізді. Басты баяндаманы Ноэль Эйхорн жариялады. Бұл баяндама қордың вице-президенті Франк Фрейзер Дарлингтің, Эрик Эриксон, Чарльз Дэвид Килинг, Гилберт Пласс, Лайли Уэлфорд және Уильям А. Гарнеттің зерттеулері бойынша жасалды.

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы пайда болу тарихы
swissinfo.ch

Жануарларға көмектесу қорын құру идеясы Британдық «The Observer» газетінде пайда болды. Газетте жарияланған мақалада  Джулиан Хаксли, Виктор Столан жануарларды қорғау ұйымын құруды ұсынды. Хаксли отыз жыл бойы прогрессивті интеллигенция және ірі бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы деп қордың атауы 1961 жылғы 29 сәуірде ауыстырылды.

Қызықты фактілер

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымының символы үлкен панда болып саналады. 1961 жылы Лондон хайуанаттар бағында Чи-Чи атты панда өмір сүрген. Ұйымның суретші-анималисті сэр Питер Скотт сол жануарды қордың символы ретінде алды.

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы қызықты фактілер
https://nauka.vesti.ru/

Дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы табиғат жұмыстары бойынша жылына екі рет есеп береді. Бұл ақпарат ғаламшардағы экологиялық жағдай туралы ең әйгілі және беделді деп саналады. Баяндамада: жануарлардың популяциясы, адамзаттың табиғи ресурстарын пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін және ресурстарын пайдалану, өндірісте тұтынылатын тұщы судың мөлшері және т.б. мәселелері қарастырылады. Қордың есебіне сәйкес, 1970 жылдан 2012 жылға дейін әртүрлі жануарлардың түрлері 58% -ға азайған, ал тұщы суда тұратын жануарлардың популяциясы 81% дейін төмендеген.