Overwatch танымал мультиплеерлік шутерлік ойын

Overwatch

Overwatch – бірінші тұлғадан ойналатын мультиплеерлік шутер Blizzard Entertainment өнімі «Tank Engine» бағдарламасы арқылы жасалған. 2016 жылы 24 мамырда жарыққа шықты және ПК, Sony PlayStaion 4, Xbox One платформаларына бейімделген. Алуан түрлі кейіпкердің ерекшелігін таңдап, кооператив түрінде динамикалық шутерді ойнауға болады.

Overwatch Геймплей

Overwatch-бұл Team Fortress рухындағы жарқын және көңілді командалық жекпе-жек. Жеке кейіпкердің дағдылары мен сипаттамаларын үйлестіре отырып, ойыншылар топ болып кез-келген күрделі матчты жеңіп үйрену керек. Әрбір екі команда 6 ойыншыдан аспайды. Ойыншы кейіпкерді негізгі 4 санаттын ішінен тандай алады. «Шабуылшылар» — тез қозғалады, көп зақым келтіре алады, бірақ қорғанысы төмен. «Қорғаушылар» — жаудын қолы қажет жерлерге, заттарға жетпес үшін, қабырғалар,тұзақ, қақпандар орната алады. Міндеті керек жерлерді қорғау, жауға қарсылық көрсету. 

 «Танктар» — денсаулық көрсеткіші өте көп, қызу шайқастарда қатыса алады. «Қолдаушылар» —  одақтастарын емлеу қабілеті бар. Мысалы Рио-де-Жанейролік диджей бар, ол өзінің аудиожүйесінің көмегімен тобының жылжыту жылдамдығын арттырады және олардың денсаулығын қалпына келтіреді.

 1) шабуылдаушы кейіпкер жылдамдығы жақсы және күшті шабуылдауды, бірақ қорғанысы онша емес

 2) қорғанысқа жауап беретін, жаудың шабуылын азайтуға тырысады  және өмір сүру деңгейі жоғары

 3) Қолдаушы кейіпкер емшілік қабілеті бар және басқа да көмектер көрсете алады

Overwatch
https://hi-news.ru

Ойын өлімінен кейін ойыншылар кейіпкерлерді ауыстыра алады. Overwatch карталары нақты орындарға негізделген. Осылайша, алғашқы үш картада «Kings Row», «Hanamura» және «Anubis храмы» көрсетілді, Англия, Жапония және ежелгі Египет, сонымен қатар қарлы Ресейді, Голливудті,Қытайды, Непалды және әлемнің басқа ғажайып жерлерін көре аласыз. Ойын тарихында жалпы 28 кейіпкер енгізілген. Ойын режимдері:

Тармақтарды жаулап алу

Карталарды бақылау үшін командалар күреседі. Бір команда шабуыл жасайды, екіншісі — қорғанады. Шабуылшылардың мақсаты белгілі бір бақылау тармақтарын жаулап алу, ал қорғаушылар — уақыт аяқталғанға дейін оларды ұстап тұру.

Үйлесімділік

Шабуылдаушы команда тағайындалған жерге жүкті жеткізуге тырысады, ал қорғаушылар белгілі бір уақыт ішінде бұл әрекеттерге жол бермеуі керек.

 Тармақтарды жаулап алу / Үйлесімділік

 Бастапқыда шабуылдаушы команда жүкті тартып алады, содан кейін оны тағайындалған жерге жеткізуге тырысады. Қорғаныс командасы белгілі бір уақыт ішінде бұл әрекетке жол бермеуі керек.

Объектіні бақылау

Бұл режимде екі команда екі серияда белгілі бір аймақ үшін бәсекелеседі. Аймаққа бақылау жүргізу, команда біртіндеп оны басып алады. Турнирдегі жеңіс тез арада 100 пайызға жетеді. Үш турдың әрқайсысында топтардың картаның басқа бөлігіндегі жаңа аймақты алу қажет болады.

Жылдам ойын —сіздің деңгейініздегі ойыншылармен кездесетін желілік матч.

Боттарға қарсы ойын — шеберлікті жетілдіруге арналған компьютерлік қарсыласпен жаттығу.

Аркада — әр түрлі қағидалармен және бірнеше ойын режимдері қосылған матч.

Overwatch Сюжет

Overwatch
https://hi-news.ru/

Overwatch сөзі «қадағалау» немесе «бақылау» деп аударылады. Отыз жыл бұрын жасанды интеллект адамзатқа қарсы шығады, соған орай БҰҰ арнайы ұйым құрады. Бұл бүлікті ұйымдастырған жасанды интеллект жасайтын Omnic корпорациясы. Overwatch ұйымы соғысты жеңгеннен кейін бейбітшілік қайта орнады. Уақыт өте келе ұйым мүшелері қылмыстық істер, жемқорлық, билікке қарсы шығу сияқты түрлі былықтарға айыптала бастады. Осылайша халықтың сенімін біртіндеп жоғалтып, Overwatch ұйымын таралуына мәжбүрлетеді. Оған қоса белгісіз қылмыскерлер штаб-пәтерде жарылыс ұйымдастырады, сонын салдарынан екі басқарушы қаза табады. Біраз уақыттан кейін адамзатқа жаңа қауіп төнеді, осындай жағдайда көмекке Overwatch ұйымы қажет еді.

Ойынның сюжеті басқа ойындарға ұқсамайды. Негізінде ойынның сюжеті жоқ. Барлық сюжет түрлі жұмбақ түрінде жинақталған, ойыншы тек осы жеке бөліктерді жинақтау керек. Сюжеттің барлық тарихын, кейіпкерлерді толық білу үшін, Blizzard құрған ойынның ресми сайтынан көптеген анимациялық фильмдерді көру керек, мәтіндермен комикстерді оқу қажет және т.б.

Жетістіктері

https://www.projectnerd.it

Рецензенттер ойынды жылы қабылдады. Қызықты геймплей, желі арқылы ойнауды оңтайландырған, графика үшін мақтады. Жалғыз ойын режимі жоқтығына, қарсыластардың нашар таңдалуы, микротранзакция болуына сынға түсті. Жетістіктері: Golden Joystick Awards 2016, The Game Awards 2016, Gamespot’s Best of 2016, Game Developers Choice Awards, The Game Awards 2017, Golden Joystick Awards 2017 көптеген номицаиялардын жеңімпазы атанды, мысалы: жыл ойыны, үздік мультиплеер, үздік шутер, үздік киберспорттық ойын және т.б.

Кез келген ойыншының жеке немесе топпен сайысқа қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін жалпы 5 сайыс ұйымдастырылған.

Киберспорт

Open Division – сайысқа кез келген ойыншы қатыса алады. Қай аймаққа ойнайтынды тандай аласыз: Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Қытай, Оңтүстік Корея, Австралия немесе Тынық мұхит аралдары.

 Contenders Trials – әр кезең аяқталған сайын, Contenders Trials аймақтық іріктеу сайысында Contenders сайысынан 4 топ, Open Division сайысынан 4 топ бір бірімен кездеседі. Жеңімпаз топ келесі сайысқа көшеді.

 Overwatch Contenders – бұл сайыстың қатарына кіру бастаушы кәсіпқой үшін үлкен жетістік. Жетi аймақтың әрқайсысы жыл сайын маусымдық турнирлердi өткiзедi, онда 12 командаға бөлiнген ең жақсы ойыншылар қатысады. Осы турнирдің жеңімпаздарын Overwatch League тобының иелері атап өтеді.

Overwatch
https://www.dexerto.com/

Overwatch League — халықаралық деңгейдегі беделді кибер спорт лигасы. Ол әртүрлі аймақтан келген тобын қамтиды — ең үздіктері! Осы уақытқа дейін олардың құрамында ең мықты мамандар ғана бар, бірақ командалар «Overwatch Contenders» байқауының ең талантты ойыншыларын таңдауға тырысады, сондықтан Лигада ең жоғары деңгей әрқашан сақталады. Ойындар жыл бойы өткізіледі. Лига ойыншылары қатысқаны үшін жалақы, жеңілдіктер … және миллиондаған жеңістерге жету мүмкіндігін береді.

Overwatch World Cup — әр түрлі аймақтардың ұлттық топтары қатысады. Бірақ ең бастысы — қоғамдастықтың тікелей қатысуы. Ұлттық құрамалар өз елінің өкілдері болып табылады; Бұл өкілдер халықтың дауыс беруі арқылы анықталады. Содан кейін топтар бір-бірімен бәсекелеседі, ал соңғы финал BlizzCon-да аяқталады.