София адамға ұқсас келетін робот туралы ақпарат

София адамға ұқсас келетін робот туралы акпарат

София (араб. صوفيا, ағылш. Sophia) — Гонконг компаниясы Hanson Robotics әзірленген, адамға ұқсас келетін (гиноид) робот әйел. Робот адамның мінез-құлқымен танысып, бейімделіп нақты жауап қайтара алады. Софиямен бүкіл әлем бойынша көптеген кездесулер өткізілді. 2017 жылдың қазан айында София Сауд Арабия елінің азаматтығын алды.

София робот жасалуы

София роботы 2015 жылы 19 сәуірде іске қосылды. Робот актриса Одри Хепберннің моделі бойынша жасалған. Бұрынғы роботтармен салыстырғанда өзінің адамдық тәрбиесі мен мінез-құлқы үшін белгілі болды. Әзірлеушілердің айтуынша, (Дэвид Хенсон): “София жасанды интеллектке ие, көрнекі ақпаратты өңдеу және тұлғаны тану технологиясының функцияларымен жабдықталған”. София адамның қимылдарына және бет-әлпеттеріне еліктей және белгілі сұрақтарға жауап бере алады. Алдын-ала анықталған тақырыптарға қарапайым әңгімелер жүргізе алады. Робот жалпы 60 эмоцияны ұқсатып жасай алады. Робот Alphabet компаниясының (Google компаниясының бас компаниясында) сөйлеуді тану технологиясын қолданады.

София роботы туралы акпарат
BNews.kz

Софияға жасанды зияткерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді SingularityNET әзірледі. Дэвид Хэнсон: “Робот мейірбике үйлерінде жақсы көмекші бола алады немесе басты оқиғалар мен әр түрлі іс-шараларда адамдарға көмектесе алатын болады.” Әзірлеушілердің ойынша, София дамып соңында басқа адамдармен әлеуметтік дағдыларды толығымен ие болады деп үміттенеді.

Қызықты деректер

Софиямен сөйлескенде оны адам ретінде қабылдаған, бірақ әңгіменің негізгі бөлігі оның иелерімен жүргізілген. Робот іске қосылғаннан кейін оның кейбір жауаптары мағынасыз, ал кейбіреуі керісінше таңқалдырарлық болды. Оның мысалы «60 минут » телешоуында Чарли Роузбен жүргізілген дискуссия болып табылады. Софиямен пресс – конференция кезінде CNBC журналисті Эндрю Росс Саркин роботтардың мінез – құлқы жайлы алаңдаушылық білдіреді, ал робот ол Илон Масктың кітаптарын тым көп оқитындығы және голливуд фильмдер тым көп көретіндігі жайлы әзіл айтып жауап қайтарды. Илон Маск оған жауап ретінде твиттерде : «оған «Крестный отец» сияқты фильмдерді көрсетсеңіздер ең қорқынышты оқиға сценарисіне тап боласыздар » деп жазды.

Эндрю сонымен қатар роботтарда ақыл,ой-сана бар ма деп сұрақ қойды. Оған робот былай деп жауап берді: «ал сіз өзіңіздің адам екеніңізді қайдан білесіз?». 2017 жылдың 11 қазанында робот БҰҰ — ның бас хатшысы Амина Дж. Мохамедпен қысқаша әңгемелесті. Ақпарат көзіhttps://kk.wikipedia.org/wiki/