Піл туралы қызықты деректер мен ақпараттар жинағы

Піл туралы қызықты деректер мен ақпараттар жинағы

Піл – сүтқоректі жануарлар тобына жататын, жер бетінде ең ірі әрі ең күшті жануарлардың бірі. Оның салмағы 6 -7 тоннаға дейін жетеді. Пілдің күштілігі соншалық – жер бетінде тіршілік ететін өзге жануарлардың ешқайсысынан қорықпайды. Бірақ сондай күшті бола тұра, өте момын, бейбіт. Ешкімге зияны жоқ,өздігінен тиіспейді және өте ақылды. Пілдердің еске сақтау қабілеті басқа жануарларға қарағанда жоғары болып саналады. Пілдің миы 5 келі, жүрегі 20-30 келі. Ми 30 соққы жиілігімен соғылады.

Піл қанша жасайды?

Орта есеппен пілдер 70-80 жылға дейін өмір сүреді. Аналық піл баласын 222 ай,яғни 2 жылға жуық көтереді екен. Әр туғанда бір ғана баласын дүниеге әкеледі. Жаңа туылған пілдің салмағы шамамен 100 келідей болады.Баласы бірнеше жыл анасының қасынан айырмай жүргенімен,13- 14 жасқа келгенде есейіп,бөлінеді. Піл қолға тез үйренгенімен,қолда көбеюі қиын көрінеді.

Тұмсығы

Пілдің ұзын тұмсығы өте икемді. Сол ет тұмсықтарымен піл заттың иісін де сезіп, жейтін нәрсесін де орап ұстай алады. Оның тұмсығы шөп,жеміс-жидек, көкөністер жеуге және күніне 100 литрге жуық су ішуге көмектеседі.

Піл туралы қызықты ақпараттар
http://xn--80aexocohdp.xn--p1ai/

Пілдердің мекені

Пілдер африкалық және азиялық болып екіге бөлінеді. Олар Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашық өлкелерінде тіршілік етеді. Үнді пілі, қолға тез үйренеді екен. Көп ғасырлар бойы Оңтүстік – Шығыс Азияда пілдерді ауыр жүк тасуға көлік ретінде қолданыпты.

Пілдің иіс сезу және есту қабілеті

Адамдар секілді алысты жақсы көре алмағанымен, пілдің иіс сезу және есту қабілеті өте жақсы дамыған.Олардың көңіл-күйін, яғни бірдеңеден қорыққанын,үрейленгенін көздерінен,іс-әрекеттерінен оңай білуге болады екен. Басқа ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда суықты жақсы көтереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату үшін үздіксіз құлақтарын қағады.Олар суға шомылып,өздерінің үстеріне су құйып,батпақ пен шаңда аунағанды ұнатады.

Пілдердің иіс сезу және есту қабілеті
http://zooblog.ru/5979-interesno-o-slonah.html

Ал африкалық пілдер шаруашылықта өте қажетті жануар болып саналған. Жергілікті  тұрғындар оның алдыңғы сойдақ тісін қоспағанда етін, терісін, сүйегін, тіпті құйрығының ұшындағы қылшығына дейін пайдаға асырған. Оның құлағынан үстелдер,аяғынан қоқыс салатын кәрзеңкелер жасайды екен. Мұндай ерекше экзотикалық заттар туристер тарапынан үлкен сұранысқа ие көрінеді.