Метеорлар — астероидтардың жарықшақтары

Метеорлар астероидтардың жарықшақтары

Метеорлар туралы жалпы мәлімет

Метеорлар ғаламшараралық кеңістікте тозаңдармен бірге мөлшері сантиметрден бастап ондаған метрге жететін көптеген қатты денелер қозғалып жүреді. Соңғы жылдары оларды метеороид деп атау қабылданған. Метеороидтер Жермен киіліккеннен кейін, оның атмосферасына енеді де, жарық болидтер құбылысын тудырады. Бұл кезде көбінесе олардың шаң-тозаңды із-құйрығы қалып отырады. Сонымен қатар, дыбыстық құбылыстар байқалады. Бұл жағдайда метеороидтердің беті 2500-3000 С-қа дейін қызады да, балқып, буланып кетеді.

Майда метеороидтар түгелдей тозаңға айналады. Ал ірілері өзінің массасының 90 %-ін жоғалтады және қалай болғанда да жер бетіне дейін жетеді. Жерге құлаған метеороидтарды метеориттер дейді және оларды құлаған жерінің атымен атайды. (Мысалы Тунгус, Сухотэ-Әли т.б.).

Метеорлар туралы жалпы мәлімет
https://v-kosmose.com/

Жарық болидтерді бақылағандардың есептерінен және табылған метеориттерден массасы граммдап және килограммдап кездесетін ұсақ метеороидтардың саны көп, ал массасы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған тонна келетін ірі метеороидтардың мейлінше сирек екенін көруге болады. Орташа алғанда әрбір 40 мың метеороидтың біреуі ғана жер бетіне жетіп метеорит болады. Атмосферадағы шашырандысын ескергенде, Жерге тәулік сайын массасы 10 тоннаға жуық метеориттік зат шөгеді.

Дамуы

Әзірге метеориттердің біразының ғана орбитасын анықтауға мүмкіндік туды. Олардың 45-нің орбитасын астрофизик А.Н. Симоненко (1934-1984) есептеп шығарды. Барлық осы орбиталар метеориттердің астероидтар белдеуінен келгенін көрсетеді. Метеороидтардың көпшілігі Жер атмосферасына секундына 11-ден 25 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Ал метеориттердің жер бетіне құлау жылдамдығы – секундына 700 – 900 м/с шамасында.

Қазіргі уақытта жер жүзі бойынша массасы бірнеше ондаған тоннадан бірнеше граммға дейінгі 3000 метеорит жиналды. Ең ірі темір Гоба метеоритті 1920 жылы Оңтүстік-батыс Африканың, Намибия территориясындағы, Гобабис қаласы маңынан табылды. Оның пішіні тақта тәрізді, көлемі 3×3м, қалыңдығы 0,9-дан 1 м-ге дейін, ал массасы – 60 т. Бұрыңғы Кеңес Одағының жерінен 180 метеорит табылған, оның ең біріншісі массасы 687 кг Паллас темірі. Ол 1749 жылы Енисей өзені маңынан Красноярск мен Абакан аралығынан табылған. Академик П.С. Палластың (1741-1811) нұсқауымен 1777 жылы Петербургқа апарылған.

https://spacegid.com/

Метеорлар құрылымы

Құрылымы мен басты химиялық құрамына қарай метеориттер негізгі үш топқа біріктірілген: тасты (олар көп түседі – 92%-ке дейін), теміртасты (2%-ке дейін) және темірлі (6%-ке дейін). Тасты метеориттер әр түрлі минералдан тұрады. Олардың құрамында орташа алғанда 47%-і оттегі, 21%-і кремний, 16%-і темір, 14% магний және 2%-і басқа химиялық элементтердің қоспасы бар. Теміртастылардың 55%-ке жуығы темір, 19%-і оттегі, 12%-і магний және 8%-і кремний.

Зерттеу тарихы

Метеориттер тек Жерге емес, сонымен бірге басқа ғаламшарларға және олардың серіктеріне де құлап жатады. 1948 жылдың өзінде-ақ ғалымдар В.В. Федынский (1908-1978) мен К.П. Станюкович ғаламшарлар мен олардың серіктерін зерттеген.  Атмосфера жоқ болғандықтан, осы денелерге үлкен жылдамдықпен түсетін шағын метеориттердің өздерінің де жарылып ғаламат үлкен қазаншұңқырлар жасайтынын дәлелдеген болатын. Ірі метеориттер диаметрі бірнеше ондаған километрге жететін қазаншұңқырлар ояды. Бұл Меркурийде, Марста, оның серіктерінде, Юпитерде, Сатурнде және Уранда жыпырлаған метеорит қазаншұңқырларының табылуымен дәлелденді.

https://spacegid.com/

Темір метеориттерді зерттеу олардың құрылымының тек жоғары температура мен ғаламат қысымнан түзілетінін көрсетті. Демек, темір метеориттер бір кездері ірі аспан денесінің қойнауында болған.Метеориттерде шамалы радиоактивті элементтердің болуы олардың жастарының 0,5-тен 4,5 млрд. жылға дейін, яғни Жер жасымен бірдей екенін көрсетті. Сондықтан метеориттерді зерттеу Күн жүйесі пайда болар кездегі жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.