Марс — Қызыл ғаламшар туралы қызықты дерек

Марс

Марстің беті телескоптармен қарағанда жақсы көрінеді. Бұл оның бұрыштық өлшемдерін және сол бойынша сызықтық диаметрін D = 6800 км,немесе Жердің 0,533 диаметріндейін анағұрлым дәл анықтауға мүмкіндік берді.Марс ғаламшардың массасы 0,107 Жер массасына тең. Затының орташа тығыздығы 3,95 г/см^3 ,немесе Жердің 0,72 тығыздығындай,ал бетіндегі аса қатты жылдамдық секундына 5,00 км/с.

Марс ғаламшары туралы мәлімет

Ғаламшар бетінің сары және қызғылт сары түсті құмды қуаң даланы елестететін аймақтары шартты түрде материктер деп аталған,алапат қарайған аймақтар — теңіздер, олардың шығыңқы тұстары шығанақтар,ал жеке шағын қарайған дақтар оазистер және Марста ашық суаттар,теңіз,көл,не өзен жоқтығына қарамастан көлдер деп аталған.

Ғаламшар алға қарай p = 24 сағ 37 мин 23 с (марстың жұлдыздық тәулік) периодпен айналады,бұл оның күндіз тәулігінің ұзақтығын айтады.Ол Жердікінен бар болғаны 39,5 минутқа ұзақ. Сондықтан Марста Жердегі сияқты ыстық,екі қоңыржай және екі суық жылылық белдеуі бар. Марста жыл маусымының алмасуы да болып өтеді.Олардың әрқайсысы Жердегі жыл маусымынан 2 еседей ұзақ,өйткені ондағы жыл 687 Жер тәулігіне созылады. Бірақ Марста жыл маусымының көрінісі басқаша,өйткені, ол Күннен Жермен салыстырғанда 1,52 есе қашықтықта және Күннен жылуда 2,3 есе кем алады.Су бассейндері де, қарлы қыс та,ыстық жаз да болмайды.

Марс бетіндегі жылдық орташа температура 70 градусқа жақын. Бірақ экватор маңында температура +20…+25 градусқа дейін жоғарылайды.Күн батарға қарай — 10 градусқа және одан да төмен болады.Ал таң алдында — 90 градусқа дейін төмендейді. Температураның мұндай күрт өзгеруі Марс атмосферасының өте сиректігінен ол күндіз қабылдаған жылуды сақтап тұра алмайды және түнгі уақытта ол әлем кеңістігіне тез ұшып кетеді.

Марс ғаламшары
https://www.popmech.ru

Ғаламшардың 65^04 екендігінің полярлық шеңберімен шектелген аймақтарында қысының температурасы 120 С-қа дейін төмендейді және Марс полюстер төңірегінде олардан 40 градус қашықтыққа дейін полюстік бөрік делінетін орасан ақ дақ жайылып жатады. Бөріктердің аумағы жыл бойында өзгеріп тұрады. Көктемде ол азаяды. Жазғы уақытта солтүстік полюстік бөріктің көбі мүлдем еріп кетеді. Ал оңтүстіктегісі өлшемдерін азайтады.

Марс ғаламшарын зерттеген ғалымдар

Марсты зерттеуші американдық астроном П.Ловелл (1855-1916) мен бұрынғы кеңес астрофизигі Г.А. Тихов (1875- 1960) Марстың бетіндегі қарайған аймақтарды жазда гүлдеп,күзде солатын өсімдіктер басып жатыр деп жорамалдады. Шындығында Марста су бассейндері жоқ, бірақ ылғал, Г.А. Тиховтың пікірінше,өсімдіктерге топырақ асты қабатынан,оның қорынан келуі мүмкін.

Аса таза Жер атмосферасы жағдайында кейбір бақылаушылар шағын телескоп арқылы Марстың 1877 жылғы ұлы қарсы тұруы кезінде италия астрономы Дж.Скиапрелли (1835-1910) ашып,каналдар деп атаған еді. 1965-1977 жылдары Марсты зерттеу жұмысы кеңестік және американдық станцияларында жүргізілді. Олардың кейбіреулері Марстың жасанды серіктеріне айналды.

1974 жылдың наурызында Марстың жанынан ұшып өткен бұрынғы кеңестік «Марс — 6» ғарышкемесінен құлдилау аппараты бөлінді.Ол баяу қалықтап қызыл ғаламшардың бетіне түсті және адамзат тарихында алғаш рет оны зерттеуге арналған ғылыми приборларды жеткізді. Марстың бетіне сол сияқты «Викинг — 1″(1976 жылы шілденің 20-нда) және «Викинг -2» станцияларынан бөлінген блоктар жеңіл қонды.

Марс
http://gazetadaily.ru

Ғарыш станциялары Жерге ғаламшар бетінің әр түрлі аймақтарының суреттерін және оның температурасы,атмосферасы мен магнит өрісі туралы мәліметтер берді.Бір де бір суретте канал түспеген,өйткені олар Марста жоқ,оның есесіне айғыз жыралар,терең сайлар,арна тәрізді иректелген өзен тармақтары — меандрлар, тау жоталары, жатық беткейлері бар,биіктігі 15 км-ге жететін тау тізбектері мен шыңдар,қыртыстар,жалдар,алқаптар мен диаметрлері 100 м-ден 200 км -ге жететін.Әсіресе көптеген жыралар мен меандрлар тау беткейі арқылы өтеді.