Мадагаскар мультфильмі қалай түсірілді?

Мадагаскар

Бүгінде Мадагаскар мультфильмін білмейтін бала жоқ шығар, сірә. «Шетелдік өнімдердің қазақ баласы үшін бере тәрбиелік мәні жоқ» деп қазақ басылымдары қанша сынға алса да «Мадагаскар», «Шрэк» тағы сол сияқты танымал мультфильмдерінің көрермендері бір де кеміген емес. Қайта комедиялық жанрдағы бұл туындыны балалар түгілі, үлкендердің өзі рахаттана көреді.

Мадаскар "Оскар" сыйлығын 3 жыл қатарынан иеленеді

Көрерменнің көзайымына айналған компьютерлік-анимациялық «Мадагаскар» мультфильмі американдықтардың туындысы екенін біреу білсе, біреу білмес. Ал енді оның нақты қай компанияды түсірілгені, кімнің идеясы екендігін көпшілігіміздің хабарымыз жоқ. Ендеше, алдымен осы толықметражды мультфильмді жарыққа шығарған – «DreamWorks» студиясы жөнінде айта кеткеніміз жөн болар. Бұл студия – «DreamWorks Pictures», «DreamWorks SKG» және өзге де белгілі компаниялар секілді продюсерлік етумен, фильмдерді жалға берумен, сонымен бірге видео ойындар мен телебағдарламалар, мультфильмдер, фильмдер түсірумен айналысады. 

Студия оннан аса фильмге продюсерлік жасап, қоржынына 100 миллион доллар көлемінде пайда түсірген.Осы туындылардың ішінде ерекше кіріс әкелгені – «Шрэк 2» мультфильмі еді. Компанияның тарихы 1994 жылдан басталады. Сол жылы Стивен Спилберг, Джеффери Катценберг, Дэвид Гиффендер Голливудта жаңа студия құруға келіседі. Сол жылы Катценберг «The Walt Disney Company» компаниясынан кеткен еді. Студияның негізі ресми түрде 1994 жылы 12 қазанда қаланады. Негізгі үш серіктес ортаға 33 миллион доллардан тастайды. Ал, «Майкрософт» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Пол Аллен жаңа жобаға 500 миллион доллар қосады.

Мадагаскар
http://www.uaua.info

Dream Works студиясы

Компанияның алғашқы толықметражды «Миротворец» фильмі 1997 жылы жарық көреді. Ал, «құмырсқа Антц» атты алғашқы толықметражды мультфильм 1998 жылы жарыққа шығады. Ал, 1999, 2000, 2001 жылдары «Америкаша сұлулық», «Гладиатор», «Ақыл-ой ойыны» фильмдері үшін компания үш жыл қатарынан «Оскар» сыйлығын иеленеді.

Анимациялық фильмдерінің арқасында студия жылдан жылға қаржылық табысқа жетеді. 1996 жылдан бастап «Pacific Data Images» студиясымен бірігіп, «Құмырсқа Антц» және «Мысыр ханзадасы», «Шрэк», «Шрэк 2», «Шрэк 3», «Су асты патшалығы», «Орман патшалығы» мультфильмдерімен қатар 2005 жылы «Мадагаскарды» да жарыққа шығарып, зор табыстарға жетеді. Тіпті, анимациялық фильмдерді жарыққа шығарудан ұзақ уақыт алдыңғы орында тұрған «Pixar» компаниясының негізгі бәсекелесіне айналады.

Компания не үшін шығынға ұшырады?

Соңғы жылдары компания біраз қиындықтарды да бастан өткеруде, «Geffen Records» компаниясының қожасы Дэвид Гиффеннің айтуынша, «Dream Works» компаниясы екі рет қатты шығынға ұшырап, банкроттықтың сәл-ақ алдында болған. Бірі, «Синдбад: Жеті теңіз аңызы» фильмін түсіруде болса, екіншісі «Шрек 2»-нің DVD нұсқасын шамадан тыс көп таралыммен шығарып қойған, «Синдбадтың» өзі компанияға 125 миллион доллар көлемінде шығын әкелген.

Мадагаскар кейіпкері пингвиндер жобаға қалай енді?

Мультфильм алғашында «Жабайы өмір» деп аталады. Сценарийдің алғашқы нұсқасында жануарларды тордан бостандыққа шығаратын гуманистің өмірі суреттелетін еді.

 Жобаның композиторын таңдау барысында Гарри Грегсон Уильямстың орнына Ханс Зиммер келеді. Ал, «Аспан патшалығы» жобасына кірісерде, керісінше, Ханстың орнына Гарри қайта келеді.

http://multiki-online24.ru

Көптеген көрермендердің сүйіктісіне айналған пингвиндер жобаға кездейсоқ тап болады. Жобаның екінші режиссері Эрик Дарнелл бұл пингвиндерді бұдан бұрынырақ ойлап тауып қойған. Жарыққа шықпай қалған «Rockumentary» мультфильмінде ол пингвиндерді рок-музыканттар ретінде көрсетпек болған. Кейін «Мадагаскар» мультфильмінің жұмысына араласқан Эрик өзінің идеясын осы мультфильмге қосып жібереді.

Режиссерлер Эрик Дарнелл мен Том МакГрат және өзге де авторлар бұл мультфильмді кез келген жастағы көрермен жалықпай көре алатындай, әмбебап мультфильм қылып жасауға тырысқан.