Жапония елінің топ 9 ең әдемі жерлері мен мекендері

Жапония

Жапония елінің ерекшелігі ол ежелден келе жатқан  әртүрлі дәстүрлері мен  прогрессивті дамыған мәдениеттің араласуы. Жапонияның қызықты дәстүрлері туралы мына жерден оқи аласыз:

Жапония елінің топ 10 ең қызық дәстүрлері

Жапондықтар өздерінің дәстүрлерін сақтап, жаңа дамыған мемлекетке айналып отыр. Бірегей табиғи құбылыстар мен шығармашылық мұралары өте көп. Туристер Жапонияның ерекшелігі мен мистикасына, ультра заманауи технологиясына және Фудзиямадағы қайталанбас вулканға, феноменальды храмдарға таңғалады. Осы елде  болған адамдар ұмытылмас эмоциялар алады.

Фудзи Хаконе Идзу

Табиғатты сүйетіндер үшін ұлттық саябақ таптырмас жер.Себебі керемет экскурсиялар арқылы  шығыс моншасы(горячий источник), Фудзи тауы, Аши көлін көруге болады. Кинтоки тауында ежелгі жазбалар бар. Мұхитпен қоршалған Идзу аралы — демалыс үшін керемет орын.

Фудзи Хаконе Идзу
https://billionnews.ru

Саганодағы бамбук орманы

Біздің планетамыздағы ең көрікті жерлердің бірі болып саналады. Ол монархтар жасаған әдемі бамбук тоғайы. Өсімдіктердің өзіндік дыбыстары адамды тыныштандырады. Тыныштықта болу ол  ежелгі Дзэн философиясынан  өмірге келген. Ол жерде адамдар табиғатпен бір деңгейде болып жақсы демалып қайтады.

https://billionnews.ru

Жапония қорғаны

Керемет және бір мезгілде тазартылған Химедзи қорғаны ғимарат сәулет жағынан жасалған туынды.  Бұл құрылыстың  ерекшелігі  әртүрлі уақытта қорғанға ие отбасылар өздерінің эмблемаларымен шатырды безендірген.  Айтпақшы, әрбір иесі мұраға қалған сәулет өнерінің ансамблін түзетуге тиіс болды.Төбесі ерекше балықпен және  тәжі бар — оттан шыққан сиқырлы амулетпен орналасқан. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қорған ғана аман қалған.

https://billionnews.ru

Гүлді флокстар

Жапонияда көктем шиба-сакура түстерімен танымал. Жыл сайын осы уақытта Фуджи Шиба-сакура фестивалі өтеді. Қызғылт, күлгін және ақ түстің керемет реңдерімен жарқыраған гүлдер алқабы болады. Гүлдердің артында керемет  тауымен ерекшеленеді. Мұндай көріністі ұмытуға болмайды.

https://billionnews.ru

Фусими Инари Тайся

Бұл ғибадатхана (Инари күріш құдайы) Жапониядағы көптеген қасиетті орындарының бірі. Ғибадатхананың айналасында Құдайдың хабаршысы болып табылатын түлкі мүсіндері бар. Киотодағы танымал және туристердің жақсы көретін орны. Храмдар мен мыңдаған Тори қақпалары бар.  Қақпа киноваримен боялған. 

Натадэра

Мың жылдан астам уақытта қайта-қайта  салынған ғибадатқаның бірі.Ол өте  әдемі және бірегей ғибадатхана. Бұл жерге рух тазалығы үшін және басқада қасиетті орынды туристтер  іздейді. Ғибадатхананы будда монахы салғызған. Ол көрші тауға бірнеше рет келіп  құдайды іздеу кезінде салған екен.

https://billionnews.ru

Сейгантодзи ауа-райы

Жүз он үш метрлік сарқырама осы жерде орналасқан. Бұл жерде әртүрлі қызметтер мен рәсімдер орындалады. Ежелгі тарихи мен таңғажайып пейзаждардың тамаша үйлесімі.

Такета бамбук фестивалі

Жапония әрқашанда бамбукті  әртүрлі қолөнерде, тамақ және құрылыс кезінде қолданған. Оның жылдам өсуіне байланысты кез-келген бос кеңістікті толтыра алатын фермерлердің пайдасы азайып кетті. Қаланың тұрғындары осы мәселені пайдалы, жағымды тәсілмен шешті. Ол әртүрлі мөлшерде кесілген бамбукке шамды салып бүкіл қаланың жарқыратып тұрады. Кешке жанғанда қала жұлдызды аспанға айналады.

 
https://billionnews.ru

Жарық кальмарлар

Керемет жаратылысты Тояма шығанағынан табуға болады. Оны жай кезде көру мүмкін емес.Себебі олар үлкен тереңдікте жасырынады. Жағажайдан кальмарды көктем шыққанда көруге болады.Сол кезде керемет құбылыс байқалады.Кальмарлар денесі ашық көк түстерді шығарып айналаны жарықтандырады.Көбінесе түнде  кезде туристер ерекше оптикалық шоуды көреді. Әлемнің ешбір жерінде ультрамариннің түсімен жарқыраған теңізді көре алмайсыз.

https://billionnews.ru

Япония сияқты ерекше бір елдің барлық ерекше жерлерін айту мүмкін емес. Мұнда келіп, бәрін өз көздеріңмен көріп, құлақтарыңызбен естіген жөн. Сарапшылардың айтуы бойынша осы жерлерге барған дұрыс: 

— Ең жаңа технологиялар мұражайына барыңыз және ASIMO роботымен сөйлесіңіз.Asimo роботы туралы осы жерден оқи аласыз:

Asimo — әлемдегі ең танымал роботтың бірі

— Мүмкін болса, Akihabara барған жөн;

— бір түнге капсулалы қонақүйде қонып көріңіз;

— Токиодағы телемұнараға барыңыз;

— термалды ванналардағы баруды ұмытпаңыз;