Yahoo! іздеу жүйесі қашан және қалай пайда болды?

Yahoo! іздеу жүйесі қашан және қалай пайда болды?

Yahoo! (орысша “яху”) американдық ірі компаниялардың бірі. Әлемдегі екінші ең танымал іздеу жүйесі. АҚШ пен Канада мемлекеттерінде yahoo! 2009 жылдан бастап және 2016 жылға дейін, Bing іздеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Yahoo! пайда болу тарихы

Компания 90-шы жылдардың басында пайда болды. Іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің студенттері Джерри Янг пен Дэвид Файло ойлап тапты. 1994 жылдың қаңтарында Джерри мен Дэвид өздерінің веб-сайттарын «Jerry and David’s Guide to the World Wide Web» атты түпнұсқалық атауымен бірге шығарды. Ағылшын тілінен  «Джерри мен Дэвидтің бүкіл дүние жүзіндегі кеңсесіне» деп аударылады.

Веб-сайт ресурсы студенттердің ұнаған түрлі тақырыптарын қамтыды. Сайттың сілтемелері иерархиялық каталог ретінде жұмыс істеді. Сайттың негізгі идеясы қызықты жоба жасау еді. 1994 жылдың сәуір айында достар түпнұсқалық атауды біршама өзгертті. Жаңа атау «Yahoo» сөзі болды. Сол кезде жаңартылған сайтқа: akebono.stanford.edu/yahoo осы сілтеме арқылы кіруге болатын.

Yahoo! пайда болу тарихы. Джерри Янг және Дэвид Файло
Novator.io

Қалай болғанда да, 1994 жылдың соңына қарай жобаның танымалдылығы айтарлықтай өсті. Сол кезде сайтты 1 миллион пайдаланушылар айына қолданған. Сайттың коммерциялық әлеуеті өскеннен кейін, Джерри мен Дэвид сайтқа толық уақыттарын бөлуді жөн көрді. 1995 жылдың қаңтарында сайт жаңа доменге (Yahoo.com) көшті. Ал наурыз айында нақты компания құрылды. Біраз уақыттан кейін Sequoia Capital компаниясы $ 3 млн доллар көлемінде инвестиция бөлді. Бір жылдан кейін, 1996 жылдың сәуірінде, Yahoo! американдық қор нарығына кіріп, жас студенттер тез арада миллионердер болып шықты.

Даму жолы

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында әртүрлі Интернет-компаниялар жылдам дамыды. Соның салдарынан кішігірім «дот-ком бумы» басталды. Ол дегеніміз интернет-компаниялар,сайттар нарықта тым көбейіп, экономикалық  дағдарысқа алып келді.

Бірақ Yahoo! жаңа қызметтерді дамыта отырып және дамып келе жатқан сайттарды сатып алып отырды. Соның арқасында компания “дот ком” дағдарысын жеңіп шықты. 1997 жылы RocketMail тегін пошта қызметі сатып алынды, оның негізінде жеке пошта қызметі пайда болды. Пошта. 1998 жылы ClassicGames және eGroups сатып алынды.

Yahoo! компаниясының даму жолы
https://seo.in.ua/

Дегенмен, көптеген алынған жобалардың пайдасынан гөрі зияны көп болды. Мысалы, 1999 жылы компания GeoCities танымал хостинг-провайдерді 4,6 миллиард долларға сатып алды. Толық он жыл бойы жоба компанияға мүлдем табыс әкелмеді.

2005-2007 жылдар аралығында Yahoo! басшылығы Microsoft компаниясымен келіссөздер жүргізді. Дегенмен, компаниялар нақты шешім қабылдамады. 2013 жылдың мамыр айында компания  1,1 миллиард долларға танымал Tumblr блогын сатып алды. Tumblr танымал американдық микроблог қызметі Сондай-ақ Flickr әлеуметтік жүйесін қайта жаңартты. Компания мобильдік қосымшалар мен видеохостинг саласында әр түрлі дамытулар жасауда.