World War 3 ойын сюжеті
World War 3 (қаз. Дүниежүзілік Соғыс 3) – бірінші тұлғалы жаһандық,заманауи қақтығыс заманында болып жатқан әскери шутер, Farm 51 поляк компаниясы жасаған ойын PC, PlayStation 4, Xbox One платформаларын қолдайды. Командалық ойын, ұлттық қарулы күштер, шын орын, бүкіл денені көруге болады, әртүрлі кастомизация жүйесі. Бұның барлығы қазіргі заман соғыс тәжірибесін нақты көрсетеді және кейбір өзгерістер арқылыда жақсарады: лайықты баллистикалық жүйе, кеңейтілген қару-жарақ және шынайы қарулар. Әскери зерттеу және даму орталықтары, әскери кеңесшілер ыңтымақтастығымен әзірленген World War 3 , әрбір шайқастың салдары жаһандық әскери кампаниясы ретінде стратегиялық әскери картада көрсетіледі.
Геймплей
Қазіргі заманғы соғыс тәжірибесі. World War 3 қазіргі заман қақтығыстарына сай түрлі тактикалар және техникалар қолданылады. 2 ойын режимі бар: «Әскери аймақ» режимінде 2 команда арасында динамикалық, қарқынды шайқастар күшейтілген нүктелерді жаяу әскер мен броньді бірліктермен қорғау үшін жүргізіледі. «Барлау» режимінде барлаушылар жасағы ынтымақтаса отырып, маңызды нүктелерді жаулап алуға тырысады. Осы 2 режим қосылып шынайы заманауи әскери әрекеттерге ұқсас бір геймплейді құрайды. Шынайы өмірдегі локациялар. Ойындағы барлық карта шын өмірдегіге ұқсас жасалынған. Мысалы: Варшава, Берлин және Мәскеу көшелерінде шайқастар жүргізіледі.
World War 3 кейіпкер құралдары
Әртүрлі кастомизация. Өз қажеттілігіне және ойын стиліне қарай жауынгерлік құралдар таңдауға болады. Ойында ойыншы рөлге немесе класстарға бөлінбейді. Кез келген қару-жарақтың құрамдас бөліктерін, қосымша заттар, скиндар, камуфляж, бояғыштарды таңдауға болады. Осы мүмкіндікті көлік құралдарына, униформаға енгізуге болады. Ұлттық мақтаныш. World War 3 ұлттық қарулы күштердің қару-жарақтарын, униформа және экипировкасын дәл көшірмесін жасаған. Командалық ойын. Ойыншылар шабуылшы немесе қорғаушы рөлін және кез келген керек-жарақты таңдай алады. Ойыншы командалық ойынға әсер ете алады. Команда дұрыс өзара әрекетессе жеңіске тезірек жете алады.
Сауытқа қарсы оқтар. Әскери мамандарымен жылдар бойы зерттеу мен дамудың арқасында ең шынайы сауыт пен оқтың қарсылыстық жүйесі шықты. Баллистика, салмақ жүйесі, кейіпкерлердің денесі толық жүзеге асырылған, көлік құралының физикасы, толыққанды кастомизация жүйесі осының барлығы геймплейге әсер ете алады. Стратегиялық әскери карта. Әрдайым шайқас біткеннен кейін ойыншыға келесі ойындарда көмектесетін ресурстар беріледі. Соғыс барысын өзгерту мүмкіндігі бар. Әрбір өлім, әрбір жойылған көлік құралдары, әрбір жетістіктер бүкіл ойын барысын әсер етеді. Барлық өзгерістерді әрдайым өзгеріп отыратын интерактивті әскери картада көруге болады. Сонында барлық планетаны жаулау алу мүмкін. Ойын 19 қазан 2018 жылы шыққан.
Жүйелік талаптар
64-битная Windows 7 SP1, Intel Core i5-2500K, 8 Гб RAM, Geforce GTX 770 / AMD Radeon HD 7870, 45 Гб дискілік кеңістік. Ұсынылады Intel Core i7 4790k, 16 Гб RAM, Geforce GTX 970 или AMD Radeon R9 290, DirectX 12.