Wikipedia интернет-энциклопедия қалай пайда болды?

Wikipedia интернет-энциклопедия қалай пайда болды?

Wikipedia дегеніміз не?

Wikipedia (қаз.Уикипедия) — бұл әлемдегі ең ірі интернет энциклопедия. Материалдарды кәсіби редакторлар емес, қарапайым қолданушылар жазады. Өздерін белгілі бір салада құзыретті деп есептейтін барлық интернет пайдаланушылар қолдана алады.Wikipedia әлемдегі ең танымал сайттардың бірі болып табылады. 2015 жылдың желтоқсанында оған 2,5 миллиардтан астам пайдаланушы кірген. 

Пайда болу тарихы

1995 жылы ұжымдық жазу және редакциялауға арналған алғашқы жүйені Уорд Каннингэм құрды. Жүйе мәтіндік және графикалық материалдарды шексіз сақтай алады деген болжам жасалды. Бірақ ол кезде интернет баяу дамып келе жатқан еді. Сондықтан көп қолданушылар ол жүйе туралы білмеді.

 Жалпы энциклопедия құру идеясы 2000 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде  пайда болды. Ол порталда әрбір пайдаланушы кез-келген тақырып бойынша өз мақаласын ұсына алады.

 Wikipedia-ның негізін қалаушылары Джимми Уэйлс және Ларри Сэнгер. “Wiki” сөзі гавай тілінен аударған “тез,жылдам” деген мағынаны білдіреді. 2001 жылдың 15 қаңтарында бұл жоба іске қосылды. Біраз уақыттан кейін белгілі жағдайларға байланысты Ларри Сэнгер жобадан кетуге мәжбүр болды. Бірақ оған қарамастан жоба өте қарқынды дами бастады.

Wikipedia пайда болу тарихы
Газета.Ру

Wikipedia даму кезеңі

Википедияны жасаушылардың ең табысты шешімдерінің бірі халықаралық секциялардың жылдам енгізілуі болды. Wiki барлық әлемдік тілдерде өз мақалаларын жариялай бастады. Порталдың алғашқы жылында 20 мыңға жуық мақала жарияланды. Барлығы ағылшын тілінде болды. Бүгінгі күні ағылшын тіліндегі мақалалар Wikipedia-ның толық көлемінің өте кішкене бөлігін алады. Мәселен, мысалы бүгінгі таңда орыс тілі бөлімінде т 1 100 000 мақала бар.

Википедияның осылай күрт өсуі дереу басталмады. Жобаның алғашқы жылдарында жоба тапшылық көрді. Кейінірек коммерциялық филиалдар құрылды. Сондай-ақ белгілі IT-компаниялар мен әлеуметтік қызметтер ресурсты дамытуға миллиондаған қаржы жұмсады.

https://www.bbc.co.uk/

2003 жылы вики платформасына негізделген параллельді жобалар дами  бастады. Олар Викицитатник, Викисклад, Викитека және т.б. Дүниежүзі бойынша мыңдаған белсенділер күн сайын Википедияны қазіргі заманның ең ауқымды және беделді интернет-ресурсына айналдыру үшін жұмыс істей бастады. Жақында жүргізілген зерттеулер бойынша Wikipedia әлемге танымал Britannica энциклопедиясынан кейінгі екінші орында тұр. Әлемдегі ең ірі энциклопедияның жұмысын қолдау үшін WikiMedia атты коммерциялық емес ұйым құрылды. Ол барлық ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерді шешеді.