WhatsApp мессенджері қалай пайда болды?

WhatsApp мессенджері қалай пайда болды?

WhatsApp тарихы

WhatsApp мессенджерін 2009 жылы Ян Кум мен Брайан Эктон құрды. 2009 жылдың қазан айына дейін Брайан Актон Yahoo компаниясында жұмыс істеген.Сол кезде Брайан Актон 250,000 АҚШ доллар көлемінде WhatsApp мессенджерін құруға жұмсаған. Осылайша ол жобаның негізін қалаушылардың бірі болды және компанияға айтарлықтай үлес қосты. Aктон және Кум жобаға қызығушылық танытқан венчурлық капиталисттерге бірден көңіл бөлмеді.Бірақ  уақыт өте мессенджердің алғашқы нұсқасы App Store-да пайда болды. WhatsApp Erlang бағдарламалау тілінде жазылған.  Мессенджер SMS және MMS хабарламаларына сенімді және қол жетімді балама ретінде қызмет ететін кросс-платформалық бағдарлама.

Ең алдымен, Кум және Эктон жарнамасыз қарым-қатынас құруға тырысты. Алайда Sequoia Capital компаниясының жұмыскері Джим Гетц бірнеше ай бойы Актонмен кездесу ұйымдастырды. Соңында, 2011 жылдың сәуірінде Гетц WhatsApp компаниясында жарнама болмайтындығы туралы уәде бергеннен кейін жобаның негізін қалаушылар Sequoia компаниясынан венчурлық капиталға 8 миллион доллар алды.

WhatsApp негізін қалаушылар Ян Кум мен Брайан Эктон
https://news.rambler.ru

Даму кезеңі

2011 жылдың қараша айына дейін WhatsApp iOS-та бірінші әлеуметтік қосымшаға айналды. Android платформасындағы қосымшалар саны 10 миллионға жетті. 2013 жылдың шілде айында WhatsApp Sequoia компаниясынан тағы 50 миллион доллар алды. Ал 2014 жылдың ақпанында компанияны Facebook 19 миллиард долларға сатып алды. Facebook сайты туралы мына мақаладан оқи аласыз: Facebook әлеуметтік желісі қалай пайда болды? Бүгінгі таңда бұл венчурлық компаниялар арасында ең ірі келісім болды.Мессенджерді күніне 500 миллионнан астам пайдаланушы қолданады және миллиондаған жаңа пайдаланушылар күн сайын қосылып отырады.

Қызықты деректер

Мессенджер  веб-нұсқасы https://web.whatsapp.com/ мекен-жайында орналасқан. Веб-нұсқа телефонмен бірге жұмыс істейді. Facebook компанияны сатып алғаннан кейін оның пайдасы 10 миллион доллардан асты. Сатып алынғаннан бері, қолданушылар базасы миллиардқа жуық адамға көбейді. Көп қолданушылар негізінен дамушы елдерден болды. (соның ішінде Үндістан, Бразилия және Ресей).

WhatsApp туралы қызықты деректер
https://www.express.co.uk

2018 жылы негізін қалаушылар Ян Кум және Брайан Эктан компаниядан кетті. Табысқа жетудің басты жолы телефондағы операциялық жүйеге, ұялы байланыс операторына немесе еліне қарамастан өзара байланысты қамтамасыз ету болды.ВВМ компаниясының Blackberry мессенджері және Apple компаниясының iMessage-і SMS-хабарламаларына өздерінің балама нұсқалары ұсынылғанымен, олар хабарларды басқа платформалармен жіберуге рұқсат бермеді. Бұл ең маңызды айырмашылықтардың бірі. Ватсап нарықты барынша қол жетімді, сенімді және функционалды қызметімен қамтамасыз етеді.